Түрмелерде жазаны өтеу
Другие рефераты
Түрме - өте қауіпті дәрежедегі қылмыскерлерді ұстайтын түзеу мекемелерінің бірі. Осыған байланысты басқа түзеу мекемелерімен салыстырғанда түрмеде барынша қатаң оқшауда ұсталады. Сотталғандар камерада кілттеп ұсталады және түрме аумағында еркін жүргізілмейді.Сонымен түрмеге жабу бас бостандығынан айырудың өте қатаң түрі.
Түрме аумағының қабырғасы биіктігі 4,5 метрден кем емес, тас немесе қыш дуалмен қоршалады және режимдік зонасы мен шаруашылық уаласының арасы да сондай дуалмен бөлінеді. Режим зонасының аумағында сотталғандар тұратын ғимараттар, асхана, санитариялық тазалаудан өткізгіш, мектеп, клуб жатқызып та емдейтін емхана бар және қыдыратын алаң орналастырылған. Қыдыратын алаңның үстінен темір тор тартылады және камерадан қарай алмайтындай етіп істейді. Режим зонасында өндірістік ғимараттар орналастырылған, олар да оңашаланған.
ҚР ҚАК – нің 127-бабына сәйкес сотталғандар түрмелерде жалпы камерада ұсталады. Сонымен бірге керекті жағдайларда түрме бастығының дәлелді қаулысы мен прокурордың келісімі бойынша сотталғандар жалғыз адамдық камераларда ұсталуы мүмкін. Жалғыз адамдық камерада ұстау жаза болып есептелмейді. Ол аса қауіпті сотталғандарды оқшаулау қажеттілігінен туындайды. Ондай адамды жалғыз адамдық камерада ұстаудың мерзімі белгіленбеген.
Сотталғандарды жалпы камераларға орналастырғанда ҚР ҚАК – нің 75-бабының әр түрлі сотталғандарды бөлек ұстау талабы сақталады. Мысалы, түзеу мекемелерінде бас бостандығынан айыруға сотталған еркектер мен әйелдер, кәмелетке толмағандар мен ересектер, балалы әйелдер мен аяғы ауыр әйелдер, бір іспен сотталғандар, бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған адамдар бұрын бас бостандығынан айыруды өтеген сотталғандардан бөлек ұсталады. Қылмыс аса қауіпті қайталанған жағдайда сотталғандар; өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталғандар; өмір бойы бас бостандығынан айыруды кешірім жасау тәртібімен белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстырылып сотталғандар; өлім жазасы кешірім жасау тәртібімен бас бостандығынан айыруға ауыстырылған сотталғандар бас бостандығынан айыру орнынан басқа орынға ауысмтырылған адамдар; түрмеде шаруашылық күту жұмысында қалдырылған сотталғандар басқа сотталғандардың оқшау және бөлек ұсталады.
Камера есіктері мен терезелері дабыл құралымен, камера есіктері кәдімдігі ысырмамен қатар электромеханикалық құлыппен, камера терезелері темір торлармен жабдықталады. Камера есіктері өне бойы жабық тұрады. Түрме жазасын өтеп жатқан адамдарды тексеру камераларда жүргізіледі. Олар тамақты жұмыс орнында немесе камерада ішеді. Сотталғандардың алдын ала сұрауы бойынша сатып алған заттары камераға апарып беріледі.
Түрмеде отырған сотталғандарды 4 топқа бөлуге болады:
жазаның барлық мерзімінде немесе оның бір бөлігінде түрмеде бас бостандығынан айырылған, сотталғандар;
режим талабын бұзып түзеу колонияларынан аударылған сотталғандар;
шаруашылық жұмыстарына түрмені қамту үшін қалдырылған сотталғандар;
түрмеде уақытша ұстауда отырған сотталғандар.
Түрмеде ұстауда отырған барлық көрсетілген топтардағы адамдардың әр түрлі құқықтық мәртебесі мен оларды ұстау жағдайларының өзгешеліктері бар.
| | скачать работу |
Другие рефераты
|