Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Тәрбиелеу колониясында жазаны өтеу



 Другие рефераты
Қамау Бас бостандығынан айырмай түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеудің жағдайы мен тәртібі Түрмелерде жазаны өтеу Әр түрлі режимдегі түзеу мекемелерінде сотталған ер мен әйел адамдардың жаза өтеу ерекшеліктері

Заңға байланысты түзеу колониялары кәмелетке толмай бас бостандығынан айыруға сотталғандарды ұстау үшін арналған. Бас бостандығынан айыру жүйесінде түзеу ықпалының объектісі кәмелетке толмағандар болғандықиан түзеу колониялары айрықша орын алады.

Тәрбиелеу колониялары жалпы және күшейтілген режимді колониялар болып бөлінеді.

Жалпы режимді тәрбиелеу колонияларында кәмелетке толмаған, алғаш рет бас бостандығынан айыруға сотталған ер адамдар жазаны өтейді.

Күшейтілген режимді тәрбиелеу колонияларында (ҚР ҚК-нің 79-бабы) кәмелетке толмаған, бұрын бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өткерген ер адамдар жазаны өтейді.

Жалпы және күшейтілген режимді колонияларында кәмелетке толмаған кәдімгідей үй-жайларында орналастырылады, бірақ жазаны өтеу жағдайларының кейбір өзгешеліктері бар.

Түзеу-тәрбиелеу колонияларында жазаны өтеп жүрген кәмелетке толмағандар жасаққа және бөлімшеге бөлінеді. Әр жасақта аға тәрбиеші (жасақ бастығы) басқарады және тәрбиешілер кеңесі болады, оған жасақ бастығы, тәрбиешілер, сынып жетекшілері, шеберлер кіреді.

Тәрбиелеу колонияларында орнатылған режим бұл мекемелердің жұмыс әрекетінің тәртібін реттеу және оның мақсаты сотталғандарды оқшаулау, қашуды болдырмау, тәрбиеленушілерді қадағалау жүргізу және с.с.

Тәрбиелеу колониясының аумағы кәсіпорыннан және тұрғын жай зоналарынан тұрады, олар өзара бөлінеді.

Қылмыстық-атқару құқығының нормалары тәрбиелеу колонияларында жазаны атқару кезінде кейбір ерекшеліктерін қараған.

Біріншіден, кәмелетке толмаған сотталғандар тұратын жайда немесе өндірістік зонада еркімен жүре алады, кейбір жағдайларда тәрбиелеу колониясының сыртына күндіз ешкім ертіп жүрмей өз бетімен шығып келе алады.

Екіншіден, кәмелетке толмағандар қашса, оларға ату құралын қолдануға болмайды. Режимнің екі түрінде де кәмелетке толмаған соталғандарға кездесу негізінен демалыс, мейрам күндері беріледі. Кездесу арнайы жабдықталған бөлмеде өтеді, оның ұзақтығы төрт сағаттан аспауы тиіс.

Тәрбиеленушілер бір түсті киім киеді. Одан басқа, ТҚ-на (тәртіп қапасы) қамалғандар (мерзімі он тәулікке дейін) кездесу құқығынан, сәлемдеме, бандероль, тағам және бірінші керекті заттар сатып алу құқығынан айырылады. Оларға серуендеуге күніне екі сағат уақыт беріледі. Тәрбиеленуші, тәртіп қапасына денсаулығы туралы медициналық анықтамасы болса ғана қамалады. Ұйықтағанда олар төсек-орынмен қамтамасыз етіледі.

Заң күші бар нормалар бойынша 18 жасқа толмаған сотталғандар жазалау жазалау мерзімі біткенше, бірақ 20 жастан асқанша тәрбиелеу колониясында қалдырылады. 18 жасқа толған сотталғандарды тәрбиелеу колониясында қалдыру мерзімін ұзарту колония бастығының себептері келтірілген қаулысы бойынша кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссиямен келісілген және прокурор руқсат еткенде істеледі.

Түзеу жолына түспеген тәрбиелеу колониясында отырған сотталғандар түзеу мекемесінің жалпы режиміне ауыстырылуы мүмкін.

Тәрбиелеу колониясында жалпы білім беру мынандай болады:

а) үйретуді ең жоғары дәрежеде тәрбиелеу әрекеттері мен байланыстыру;

ә) мектептегі педагогикалық процесті тәрбиелеу колониясындағы барлық тәрбиелік жұмысымен тығыз байланыстыру;

б) педагогика ұжымы мен мекеме әкімшілігінің барлық басты назары жалпы білімді үйретуге аударылуы тиіс.

Техникалық-кәсіптікке үйрету – ол сотталғандарды міндетті түрде мамандыққа үйрету болып есептеледі. Үйрету ұзақты жұмыс күні бойында жүргізіледі. Мамандықтың күрделігіне, оқытудың ұзақтығына және оқушылардың санына байланысты жасөспірімдерді үйрету 25-30 адамнан тұратын топтарда жүзеге асырылады, олар бір маманға немесе жеке үйрету ретінде маманданған жұмысшыға үш адамға дейін бекітіледі. Оқу біткеннен кейін оларға куәлік беріліп және мамандық дәрежесінің атаға беріледі. Сонымен, тәрбиелеу колониясында соттталғандарды тәрбиелеу процесінде кәмелетке толмағандардың жасын, физиологиялық ерекшеліктерін және олардың адамгершілік дәрежесі төмендеуін еске алатындығымен қорытынды жасауға болады.

скачать работу


 Другие рефераты
Компьютерные вирусы
Духовный мир греческого полиса
Гипоталамус
Мұзафар Әлімбаев


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ