Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Араб халифаты және Исламның таралуы

екен,  соны  алып  тастап,  баланың  жүрегі  мен  ішкі  сарайын  аппақ  қармен  жауып  тазартып,  жүрегін  орнына  Салғанда,  бұрылып  кете  беріпті.

        Халима  Мұхаммедті  шешесіне  қайта  әкеліп  береді.  Алты  жасқа  толғанда  шешесі  Мұхаммедті  Ясрибте  тұратын  нағашыларымен  таныстыруға  алып  барады.  Қайта  келе  жатып  Әмина  жол  үстінде  кенеттен  қайтыс  болып , Абва  елді  мекенінің  жанында  жерленеді.

       Мұхаммедті  атасы  Әбді  әл-Мүтәліб  (Шейба)  қолына  алды.  Ол  Қағбаның  кілтшісі  болғандықтан  уақытының  көбін  діни  орданың  жанында  өткізді.  Сүйікті  немересі  атасының  жанында  болады,  кейде  түнеп  те  қалатын.  Әбді  әл-Мүтәлібтің  басқа  немерелері  маңайлайда  алмайтын  кереует  Мұхаммедтің  жатса-жастығы,  қисайса-төсегі  болды.

       Қағба  маңындағы  діни  Ғұрып,  жоралғылар  Мұхаммедтің  көз  алдында  өтіп  жатты.

       Қағбаның  күнделікті  тірлігімен  етене  болу  Мұхаммедтің  бойында  дінге  деген,  діни  оқуға  деген  құштарлықты  ерте  оятты.  Мұхаммед  көрген-білгенін  бұлжымас  қағида  деп  түсінбей,  әр  сақ  қиялға  салынып  көп  ойланатын[30].  

       Мұхаммед  сегізге  толғанда  “сенің  табаныңа  қадалған  шөгір (мыңға) (тікен)  менің  маңдайыма  қадалсын”  деп  отыратын  абзал  атасы  Әбді  әл-Мүтәліб  қайтыс  болды.  Ол  өлерінің  алдында  үлкен  ұлы  Әбу Тәліпті  шақырып  алып,  Мұхаммедке  қамқор  болуды  тапсырды.

       Жиырма  бес  жасында  Хубайли  қызы  Хадишаға  үйленіп,  тұрмыс  құрған  біраз  жылдан  соң,  Мұхаммед  ойламаған  жерден  таңғажайып  бір  дертке  шалдықты.  Дерттің  сырт  сұлбасы-талмаға  ұқсас  еді.  Ғажайып  түстер  мен  оқта-текте  ұстайтын  талма  дерті  Мұхаммед  бойына  жабысқан  кесел  емес,  тылсым  дүниемен  байланысатын  саңылау  деп  қабылдады.  Ол  жас  кезінде-ақ  Хадишаға  үйленбей  тұрып,  Құдайдың  жалғыздығы  туралы  ойға  бой  алдырған  еді.  Құдіреті  күшті  жаббардың  жалғыздығы  туралы  ой  сол  кезде  етек  алған  христиан,  иуда  діндерінде  бар  болатын.  Мұхаммедтің  ұлылығы  сонда-ол  Құдайдың  жалғыздығын  дәлелдеймін  деп  бас  қатырмай  оны  әрі  қарай  тереңдетіп  дамытты[41].

       Хира  тауында  періште  арқылы  Мұхаммедтің  аузына  салынған  бес  жол  сөз  - Құдай  болмысы  туралы,  Құдайдың  адамға  деген  ықылас,  пейілі  туралы  терең  мазмұнды  әңгімелерге  арқау  болуға  молынан  жарады.  Рамазан  айы  арабтар  өзара  тұтатын  қасиетті  айы  еді.  Оның  үстіне  осы  айда  Алладан  аян  болып,  оның  қадір – қасиеті  тіпті  арта  түсті.  Сөйтіп,  бұл  орайда  Мұхаммед  иуда,  христиан  қағидаларынан  әрі  кетті.  Мұхаммед  арабтардың  пұтқа  табынушылық  үрдісінен  үзілді – кесілді  бас  тартып,  дүниедегі  ең  басты  философиялық  мәселе – мейірім  мен  зұлымдық  мәселесін  бірбеткей  шешіп,  Құдай  туралы  түсінікті  жаңаша  әліптеді.  Қай  діннің  де  негізгі,  түп  қазығы  Құдай  туралы         түсінік.  Христиан  діні  Құдайды  тайпа,  ұлт  шеңберінен  шығарып  оған                 жалпыхалықтық  мән  берді.  Ал  Мұхаммед  болса,  Құдайдың  жалғыздығы   туралы  ұғымды  шегіне  жеткізе  дамытты.  Дінді  теориялық  жағынан  бұдан  әрі  тереңдете  түсіндіру  мүмкін  емес [42].

       Бұдан  әрі  тереңдетер  болсақ,  дін  жоғалып,  философия,  объективті  идеализм  үрдістері  басталмақ.  Қалай  дегенмен  де  Құдай,  дін  туралы  қағидаларды  Мұхаммедтей  терең  әліптеген  жан  баласы  болған  емес.  Мұхаммед  алғашқы  аянды  610  жылы  рамазан  айында  Хира  тауында  ұйықтап  жатып  алды.  Ол  біршама  күдікті  халдерді  басынан  кешіріп  барып,  әлгінің  түсі  де,  өңі  де  емес,  Алланың  аяны  екеніне  көзі  жетті.  Көзі  жеткен  соң  өзінің  ұстанған  діни  бағдарының  дұрыс  екеніне  де  кәміл  сенді.  Сөйтіп,  пайғамбар – барлық  жолға  бет  түзеп,  ден  қояды.  Ол  ұзын  арқан,  кең  тұсауға  салынбай  өзінің  діни  жолын  бірден – ақ  уағыздауға  кірісті [39]

        Неше  жылдар  күдік  пен  күйзелісті  басынан  кешіп,  жалықпай,  талмай  іздене  жүріп,  қолын  аспанға  жайып  тілене  жүріп  тапқан  дінін  Мұхаммед  Ислам  деп  атады.  Ислам – “өзіңді  Құдайдың  еркіне  тапсыру”  деген  сөз.  Адам  баласы  арасында  мұсылман  үмметіне  енген  алғашқы  жан – Хубайлид  қызы  Хадиша.  Ол  мұсылман  дінін  күйеуінің  ыңғайына  бола  емес,  өзі  шын  жанымен  сеніп  қабылдаған.  Аспандағы  құдіретті – Құдай,  оның  жердегі  елшісі – Мұхаммед  пайғамбар  деген  тұжырым  оның  ойынан  шығып,  бірден – ақ  көңіліне    сену  керек  еді,  оған  шүбә  келтіру – Құдайға  да  шек  келтірумен  бара – бар [42].

      Хадишаның  ізінше  Мұхаммедтің  ағасы  Абу  Талибтың  баласы  Әли  де,  асырап  алған  өгей  баласы  Зейд  те  мұсылмандыққа  енді.  Хашім  әулетінің  баскөтерері  Әбу  Тәліптің  қиын  жағдайларға  душар  болсаң  ара  түсіп  қолдаймын,  қорғаймын  деп  уәде  етуі – енді  діни  уағзаларды  ашық  жүргізуге  мүмкіндік  берді.  Өз  үй  жайларының  төрт  қабырғасына  қамалған  жаңа  оқу  енді  табалдырықтан  аттап  шығып,  Мекке  көшелеріне  ептеп  жайыла  бастады.  Өз  ағайындары  ешқайда  қашпайтын,  тулағанмен  далаға  шығып  кете  алмайтын,  ең  бастысы – жаңа  дін  аясына  басқа  аталардың  өкілдерін  тарту  еді.  Жаңа  дінің  шағын  ғана  уағызшылары  Мұхаммедтің  өзі  бас  болып  осы  іске  жарғақ  құлақтары  жастық  көрмей   жанталаса  кірісті.  Құрайштардың  арасынан  жаңа  дінге  алғаш  боп  ден  қойған  Әбу  Бәкір  еді.  Ол  құрайштардың  Тайм  атасынан  болатын.  Ислам  дінін  өзі  ғана  қабылдап  қоймай,  ол  сонымен  бірге  оның  белсенді  үгітшісі  айналды.  Басқа  аталардан  Әбу  Бәкірден  кейін  Ислам  дініне  ынта  қойып,  қалтқысыз  мойын  ұсынған  Әбді  Шаме  атасынан  он  үш  жасар  Осман  ибн  Афан.  Әбді  Шаме  Меккені  ашса  алақанында,  жұмса  жұдырығында  ұстап  тұрған  ықпалды  екі  қауымның  бірі [45].

       Он  үш  жасар  Османның  Ислам  дініне  енуі - Әбу  Шаме  атасының  іргесі  сөгілуі  емес – ті.  Османмен  бір  тұста  мұсылман  жорасын  Асад  ә

Пред.678910След.
скачать работу

Араб халифаты және Исламның таралуы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ