Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Араб халифаты және Исламның таралуы

иялықтарға   соққы  берді.  640  жылы  қыркүйекте  олар  Вавилонды  қоршады,  бұл  бекініс  641  жылы  сәуірде  берілді.  Осыдан  кейін  Ніл  арқылы  төмен  жылжи  отырып,  Александрияны  қоршауға  көшті.  641  жылы  қарашада  жергілікті  патриарх  Кир (ал – Мухавкис)  Амрмен  осы  бекіністі  беру  жөнінде  келісімге  отырды. Келісім  бойынша  он  бір айлық  уақытша  бітімнен  кейін  Египет  астанасы  арабтардың  қолына  өтті,  ал  бұл уақыт  ішінде  осы  қалада  тұратын  бай  және  ақсүйек  гректер  қоныс  аударды:  642  жылы  қыркүйекте  гректерді  көшіру  аяқталғаннан  кейін,  араб  әскері,  Александрияға  кірді.  Осы уақытқа  дейін  араб  отрядтары  Жоғарғы  Египетке  ішкерлей  енген  болатын.  645  жылы  Византия  флоты  Александрия  аймағына  басып  кіріп,  десант  түсіріп,  қаладан  арабтарды  шегіндірді.  Арабтар  қаланы  екінші  рет  қоршап  646  жылы  жазда  шабуылмен  алды.

    Араб  әскерлері  Египеттен  онымен  көрші  Ливияға  шапқыншылық  жасауды  ұйғарды.  Жергілікті  бербер   тайпаларынан  қарсылық  кездестірмеген  және  Византия  гарнизонына  соққы  берген  арабтар  642   жылы  күзде  Барка  қаласын  алып, Киреналка  облысын   бағындырды.  Осы  облыстан  шығып,  Феззанның  оңтүстігіне  дейін  және   батыста  Трипаш  қаласына  дейін  еніп,  оны  643  жылы  алды.  647  жылы  араб  әскері Египеттің   наместнигі  Абдаллах  ибн  Садтың  қолбасшылығымен  Ифрикияға  басып  кірді  және   Византиялықтарды  Сбейтла  қамалының  түбінде  талқандады  [45].

644         жылы  Иран  құлының  қолынан Омар  қайтыс  болғаннан  кейін,  Омейядтар  руына  жататын  Осман  ибн – ал  Аффан  халифтік  қызметке  келді.  Осман  ислам  пайда  болғанға  дейін,  өзінің  жас  кезінде  тиімді    өсімқорлық  операцияларымен  айналысып,  бай  адамдардың  біріне  айналған  болатын.

    Меккеліктердің  арасында  ал  байлықты,  асыл  тұқымды  жылқыны,  жас  құл  қыздары  жақсы  көруші  ретінде  белгілі  болатын.  Осман  Мұхаммедтің  ең  жас  ізбасарларының  бірі  болды.  Аңыз  бойынша  пайғамбардың  қыздарының  біріне  үйленеді,  ол  жас  қайтыс  болуына  байланысты,  басқа  қызын  алады.  Сондықтан  Осман  мұсылмандардың  кезде  “Алланың  елшісінің  екі  қайтар  күйеу  баласы”  деген  атақ  алған.

     Осман  халиф  билігі  тұсында (644-656 жж.)  оның  туыстары,  Меккелік   құл иеленушілік  ру  ақсүйектерінің  өкілдері  бағындырылған  елдерде  мемлекеттік  билікті  және  жер  иеліктерін  жаулап  ала  бастады. 648  ж.  Арабтар   Кипр  аралын  басып  алды.  653 ж.  Кипрліктер  Византия  жағына  шығып  кетіп,  Араб  гарнизонын  талқандады.  Файника  маңында  болған  шайқаста  араб  флоты  византиялық  флотты   талқандап,  Кипрді   халифатқа  қайтарып  алды.

    651 ж.  Арабтар  Иранды  жаулап  алуды  аяқтады.  Шахиншах  ІІІ– Йездигерд  мады   жаққа  қашып барып,  сонда  бір диірменшінің  қолынан  қаза  табады.  Сасандар  империясы  өмір  сүруін  тоқтатты.

     Сол  жылы  Араб  әскері  Әзірбайжан  жақтан  Арменияға  басып  кірді.  653 ж.  Арабтар  византиялықтарды  Тайк  облысында  жеңіп,  Арменияны  алиарабтың  құрамына  қосып  алды.  653-655 жж.  Халифат  Грузияны   бағындырды.  Сонымен  бүкіл  Закавказье  араб  халифатының  қол  астына  көшті  [34].

    Мұсылман  қазынасының  ашықтан – ашық  тоналуы,  оған  түскен  қаржы  мұсылмандарға  тиесілі  және  олардың  арасында  теңдей  бөлінуі  керек  деп  санайтын,  аз  санды  пайғамбар  “серіктері”  тарапынан  наразылық  туғызды.

    Осман  халифтың  өзі  өз  отбасының  мүддесіне  мемлекеттік  қаржыны  қалай  болса  солай  пайдалану  арқылы  теріс  үлгі  көрсетті.    Мысалы,  оның  қызы  Абдаллах  ибн  Хамидқа  тұрмысқа  шыққанда,  ол  жас  жұбайларға  басыр  бейт  ал – малынан  600  мың  дирхем  беруге  бұйрық  шығарды.  Абдаллах  ибн  Абу  Сарх  Ифрикиядан  үш  мың  қаптар  алтын  жібергенде,  Осман  ал – Хасам  отбасына  беруді  бұйрық  етті. 

     Османға  қарсы  Куфадан,  Басрдан,  Египеттен  Мединаға  қажылық  түрімен  келген  мұсылман  өкілдері  күшті  наразылық  көрсетті.  Осы  қаланың  тұрғындары  ашық  көтеріліске  шықты.  Көтерілісшілер  халифтың  үйін  қоршап  алып,  өзін  өлтірді.

     Енді  Мұхаммедтің  күйеу  баласы,  әрі  ағайын  бауыры,  Әли    (656 – 661жж.)  халиф  боды.  Көтерілісшілердің  қолдауымен  билікке  келген  Әли  халиф  Османның  байыған  ықпалды  “серіктері”  мен  туыстарының  тарапынан  қарсылыққа  кездесті.

     Арабияда  күрес  үшін  жеткілікті  күш  құрал  таба  алмаған  Әли,  Ирактан  сенімді  әскери  және  әлеуметтік  тірек  табам  деген  үмітпен  өзінің  резиденциясын  Куфаға  ауыстырды. 

      657жылы  ал – Джазирадағы  Сиффин  маңында,  Ефраттың  оң  жағасында  Муавияның  сириялық  әскері  арасында  ірі  шайқас  өтті.  Бұл  шайқаста  екі  жақта  нақты  нәтижеге  жеткен  жоқ [28].

      Әли  661  жылы  Куфа  мешітіне  кірер  есікте  хариджиттердің  пышақ  жұмсауынан  алған  жарадан  қайтыс  болды.   Хариджиттердің  үкімімен  өлімге  кесілген  Муавия  мен  Амыр  ибн  ал – Асаға  жасалған  қастандық  сәтсіз  аяқталды. 

       Төртінші  тақуа  халиф  Әли  ибн  Абу  Талиф  Неджефте  жерленді.   Оның  өлімінен  кейін  Мұхаммед  пайғамбардың  көрегіндікпен  айтқан  сөзі  дәл  келді.  Ол:  мен  өлген  соң  30  жыл  өткенде  Халифаттың  орнына  патшалық  келді.  Халифты  силау  әулеттік  принциппен  ауыстырылады  деген  еді.  Шынында  да  билікке  Омейялық  Муавия  ибн  Ауб  Суфьян (661 – 680  жж.)  келді  де  750  жылға  дейін  оның  үрім  бұтағы  биледі.

       Осылайша,  арабтар  20  жыл  көлемінде  Византия  империясының  құрамына  кіретін  Азияны,  Африкадағы  кең – байтақ  территорияны  жаулап  алды  және  Иран  патшалығын  түгелдей  бағындырып,  құдіретті  державаның  саяси  тәуелсіздігіне  нүкте  қойды.  Араб  жаулап  алушылығының  тез,  әрі  жеңіл  жүзеге  асуының  себептерін  араб  тарихымен  айналысатын  немесе  өз  еңбектерінде  осы  оқиғаға  жолай  тоқтаған  Еуропа  тарихшылары  анықтауымен  шұғылданды [24 ].

     Арабтардың  жеңіске  жетуінің  негізгі  себептерін  Византия мен Сасанидтік  Иранның  экономикалық  әлсіреуімен,  ең&nbs

Пред.1112131415След.
скачать работу

Араб халифаты және Исламның таралуы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ