Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Араб халифаты және Исламның таралуы

sp; Ол  найзаның  ұшына  байланатын.  Соғыс  кезінде ол ту  әскер  қолбасшысы – райсқа  табыс  етілетін. Кусайя  курейш  тайпасының  омейя  руынан  болатын.  Ал  ахабиштер, яғни  полиция,  бай  курейштердің  африкандық  құлдарынан  құрылатын.  Олар курейштер қазынасы  сақталатын  қағба,  бай  курейштердің  үйлерін  күзететін [40].  Айтылып отырған  кезде  Батыс  Аравиядан  бір құдайға  табынушылық  дегеннің еш  құпиясы  жоқ  болатын. Христиан, иудей  діндеріндегі шет елдіктер бұл жаққа келіп-кетіп жүрді, Меккенің өзінде  тұрып та жатты. Кейбір арабтар сол діндердің бірін  қабылдап та  жатты. Бірақ араб политейашінің  маңызды  орталығы болып отырған.  Меккеде  ланифизмнің (бір  құдай)  тарауына  жақын  ұйымдастырылып,  қалыптасып  қалған  қағба  дәстүрі (культ)  кедергі  жасады. Ондағы  идеолдарға  көшпелі  бедуин  тайпаларының  қажылығы  курештердің экономикалық  жағдайына  байланысты  болатын.  Әртүрлі  құдайға  сенетін  бедуин  тайпалары Қағбаға  көп  мал  алып  келіп,  курештерге  пайда  келтіретін.  Сондықтан  да  курейш  ақсүйектері  көп  құдайға,  пұтқа  табынушылықты  барлық  күшін  сала қорғап бақты.

     Барлық  Аравиядағы  политиамның  ақыры  жақындап  келе  жатты.  Алғашқы  қауымдық құрылыстың  ыдырауы,  қауым  мүшелерінің  байлар  мен кедейлер  бөліне  бастауы,  тайпалық  одақтардың  құрылуы  осының  бәрі  бір денеге,  бір  құдайға  сену  арқылы  бір орталыққа  бағынған  мемлекеттің  құрылуын  қажет  ете  бастады.

     Араб  монетейзмі  түріндегі  ханифизм  политейзмге  қарсы  күреске  кірісті.  Ханифизм  өкілдері  тайпалардың,  жергілікті халықтардың  жекелеген  көп  құдайларының  орнына  барлық  арабтарға  бірдей  жалғыз  рахманды  және  бір  дінді  ұсынды.  Бұл  күрес  алдымен  әрине  Меккеде  қызу  жүрді.  Себебі,  Меккедегі  Кағба  политизмінің  базисі  еді.

     Осындай  жағдайда  Ислам  діні  өмірге  келіп, қалыптаса бастады.  Оның  негізін  Мұхаммед  Ғалайһи С-Салам  пайғамбар (570-632жж.) қалады.

     Мұхаммед  Пағамбардың  ата-бабасы  қағбаның  кілтін  ұстаушылар  болған,  ал  қағбаның  негізін  Ибраһимнің (Абраһале)  Ажар  деген  египеттік   күңінен  туған  баласы Исмайл  қалаған дедік.  Исмайлдан  мирас  болып  қалған  Жарһумды  қағбадан  Бану  Хұзов  тайпасы  қуып  шығыпты.

     Кейінірек  Исмайлдың  Құрайш  деген  ұрпағы  үйлі-жайлы  болып,  қағбаға  қайтып  оралды  да,  оны  тәртіпке  келтірді. Оны Құрайш – Мекке  қаласының  негізін  қалаған  тайпаның  арғы  атасы  болды.

     Құрайштың  жетінші  ұрпағы  қосай  Меккеден  қалған  азды-көпті  Хұзаолар  қуып  шықты.  Сөйтіп,  440-450  жылдары  аралығында  құрайштар  Меккені  басы-байлы  иемденді.  Ал  Қосай – Мұхаммедтің  төртінші  атасы  болатын. Ол  480  жылы қайтыс болған.  Оның  мұрагері  Хашім – Мұхаммедтің  үшінші  атасы.  Ол да  Қосай  сияқты  Меккенің  дуанбасы  болды.  Хашім  қайтыс  болғанда  оның артында  қалған  сәбиі  Шейба  Мұхаммедтің  үшінші атасы.  Ол да Қосай  сияқты Меккенің  дуанбасы болған.  Хашім  қайтыс  болғанда  оның  артында  артында  қалған  сәбиі  Шейба  Мұхаммедтің  екінші   атасы  болатын.  Ол  Ясрибтегі  нағашыларының  қолында өсіп,  ержеткен  соң  әкесінің інісі Мүтәлібтің  қолына келді.  Меккеліктер  Шейбан  Мүтәлібтің   құлы  екен  деп  Әбд –ал-  Мүтәліб  деп  атап  кеткен (Абд – олла- құдайдың  құлы).  Осы  Шейба - Әді Әл - Мүтәлібтен  Мұхаммед  Ғалейһи – ас - салам  пайғамбардың  әкесі  Абдолла туған  [39].

     Шейбанның  көпке  дейін  баласы  болмапты. Бір күні  Қағбада   бүкіл  халықтың  көзінше  құдайға  жылап  жалбарынып,  бала сұрапты.  Егер алла  10  ұл  берсе  біреуін  құрбандыққа шалар  едім  деп  ант береді.  Бұл  тілегі  алланың  құлағына  шалынып,  Әбді  әл-Мүтәліб  он  екі  ұл  сүйді. 

      Ол  берген  антын  орындау  үшін  бір  ұлын  құдайға  құрбандыққа  шалу  үшін  жеребе  тастайды.  Ол  жеребе  өте  сүйкімді  ұлы  Абдолланың  (“Құдай  құлы”)  үлесіне  түсті. ...

      Ақыры  Абдолланың  орнына  100  түйе  құрбандыққа  шалынды  (Әбді  әл-Мүтәліб  сәуегейдің  айтқанын  орындап  Қағбаның  ішінде  Абдолла  мен  10  түйе  алып  келді.  Жеребені  он  рет  сү рағанда  10  рет  Абдоллаға  шықты.  Құрбандық  жолы  Абдоллаға  түскен  сайын  он  түйеден  айдап  әкеліп  қосып  отырды.  Тек  түйе  саны  100-ге  жеткенде  жаратқан  адам  қанының  өтеуіне  осы  жарайтынын  білдірді. 

      Әбді  әл-Мүтәліб  қателесуден  қорқып,  2  рет  садақа суырды,  2  ретінде  де  құрбандық  жебесі  түйеге  түсті.  Енді  күмәндануға  негіз  қалмады.  Сүйтіп,  Абдолла  ажалдан  аман  қалды).

       Шамамен  569  жылы  Абдолланы  әкесі  Әминаға  үйлендірді.  (Әмина-“Кіршіксіз  адам”  дегенді  білдіред).  569-570  жылдары  Сананың  билеушісі  Абдраханың  қолбасшысымен  иемендіктердің  Меккеге  жорығы  басталды.  Жорыққа  Эфиоп  әскері  қатысты . ...  Бірақ  олар  сәтсіздіктерге  ұшырады  (торғайлар  тас  лақтырыды ;   әскер  шешек  дертіне  шалдығып,  қырыла  бастады.  Аман  қалғандарды  кері  қашты.  Сол  жылы  иемендік  арабтар  Эфиоп  әскерін  елінен  қуып  шықты.  Оларға  Иран  көмектесті.

       Болашақ  пайғамбар,  құрайыш  тайпасының  Омейя  руынан  шыққан  Абдолла  мен  Әминаның  отбасында  570  жылы  29  тамызда  (биыл  17-18  шілде)  дүниеге  келді.  Мұхаммед  туардан  2-3  ай  бұрын  әкесі  өлді.  Әкеден  қалған  мұра : бес  түйе,  бірнеше  қой  және  ассирийлік  күн  Барақат. ...,.... көшпенді  тайпаларға  тәрбиеге  беру  дәстүрі  барды.  Бұл  жолы  Меккеге  балаларды  тәрбиеге  алуға  құрғақшылық  салдарынан  жоқшылыққа  ұшыраған  Бану-Сал,  Бану-Бәкір  тайпаларының  әйелдері  келіп  еді.  Олар  қолақы  төлемі  аз  бола  ма,  ал  жесір  әйел  тұрмысқа  шықса  жаңа  күйеу  тіпті  ештеңе  татырмай  ма  деп  әкесіз  жетім  Мұхаммедті  алғысы  келмеді [39].

       Басқа  пысық  әйелдер  баға  шартына  келісіп,  ауқатты  тәуір  үйлерден  бала  алып  жатқанда,  Халима  деген  әйел  құр  қол  қайтпау  үшін  күйеуінің  рұқсатымен  Мұхаммедті  ала  кетті.  Сүйтіп,  алты  айлық  нәресте  көшпенділер  қолына  түсті.  Сонда  4  жыл  тәрбиеленді. ... Мұхаммед  пен  оның  емшектес  ағасы  қозыларды  қарап,  үйден  алыстау  жерде  ойнап  жүрген.  Бір  кезде  олардың  жанына  ақ  киім  киген  екі  адам  келді.

       Олар  Мұхаммедтің  шалқасынан  жатқызып,  кеуде  сүйегін   ашып,  жүрегін  шығарып  алған.  Жүрегінде  қара  дақ  бар 

12345След.
скачать работу

Араб халифаты және Исламның таралуы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ