Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Арал теңізінің зерттелуі

армалы егіс көлемінің жөнсіз ұлғайтылуы, су режимін дұрыс сақтамау егістік жерлердің сортаңдануына алып келді. Соның салдарынан Арал теңізінің деңгейі 14,7 метрге дейін төмендеді. Көлдің 26 мың км2 су табаны құрғап, орнына 2 мың гектардай жерде ТҰЗДЫ сортаң шөл пайда болды.
ХХ-ғасырдың 70-жылдарынан бастап, ғарыштан (космостан) түсірген суреттерде Арал маңынан орасан зор шаңды дауылдар тіркеле бастаған. Шаңды дауылдардың ошағы Арал теңізінің СОЛТҮСТІК шығыс және шығыс жағалауындағы суы кепкен аймақта болды. Аралдың табанынан желмен көтерілген ТҰЗДЫ шаң жүздеген мың шаршы километр аумаққа таралуда. Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда тартылған теңіз табанының 1 км2 жерінен 8000 тоннаға жуық ТҰЗДЫ шаң көтеріліп, қоршаған ортаға таралады екен. Шаңмен көтеріліп, шөккен ТҰЗ топырақтың құнарлылығын азайтып, eгic өнімін төмендетеді, ауыз судың сапасына әсер етіп, жергілікті халықтың денсаулығына зиянын тигізіп отыр. ТҰЗДЫ шанның -шөгуінің зиянды әсері тұрмыста пайданатын ауыз судың сапасын, халықтың денсаулығы нашарлатуда.
Атмосфераға зиянды заттардың шамадан тыс таралуы климатқа да өз әсерін тигізуде. Арал маңында атмосфера ғана емес, су мен топырақ та ластанған. Теңіз шыңындағы ауылдарда жас балалар өлімі көп, ересектер арасында сырқаттану басым. Әсіресе тыныс алу органдары мен жүйке, қан айналысы жүйесі, асқазан т. б. аурулары жиі кездеседі. Жұқпалы аурулар (ішек және сары ауру), қатерлі ісік, кеміс боп туушылық соңғы кезде көптеп кездесуде. Арал маңының экологиялық жағдайының бұзылуы жергілікті халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына да қатты әсер етіп отыр. Байырғы тұрғындар ата-баба жерінен амалсыз қоныс аударуда Арал проблемасына арналған бірнеше халықаралық конференциялар өтіп, Аралға көмектесу жолдары іздестірілуде 1988 жылы ХХ ғасыр «Бейбітшілік және экология» атты ақындардың халықаралық Арал қозғалысы өткізілді. Соңғы жылдары Қазақстан мен Орта Азия мемлекеттері басшылары Аралды аман сақтап қалу жолдарын қарастыруда. Бұл шаралардан шет мемлекеттер де сырт қалуда. Өйткені бұл ғаламдық проблема.
Ғалымдардың есептеуінше Арал теңізінің экологиялық дағдарысы бұрынғы Кеңестер Одағындағы «Чернобыль» апатынан кейінгі екінші орында. Қазіргі Арал теңізінің экологиялық жағдайы шет ғалымдарын да алаңдатып отыр. Қазіргі заман экологиялық тауқыметтерді адам қолымен жасап, бүкіл тіршілікке қауіп төндіріп келеді. Еліміздің Арал теңізі мен семей полигонының қасіретін айта-айта шаршадық. Арал маңындағы экологиялық апат аймағында, әсіресе әйелдермен балалардың арасында асқазан-ішек ауралары мен қаны аздық, сәби өлімімен туа біткен ауытқулар жиі кездесуде. Мұнымен қатар Арал теңізінің Возрождение аралындағы бұрынғы биологиялық полигонның қызметінен бактериологиялық жұқпалы аурулар тарау қауіпі де бар. Өйткені онда әі де болса оба, күйдіргі секілді аса қауіпті жұқпалы аурулардың табиғи ошақтары сақталуы мүмкін. Ойландыратын тағы бір жайт жылына 200 млн.тонна пайдаланылған сарқынды су табиғи су көздерін ластайды екен.
2.2 Арал теңізінің мәселесі жөніндегі іс-шаралар
Арал теңізі мәселелері жөніндегі келісім. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың ұсынысымен Орталық Азия Елбасыларының 1993 жылдың каңтарында Ташкентте қабылдаған шешімі бойынша 1993 жылғы 26 наурызда Қызылорда қ-нда өткен Арал теңізі мәселелері жөніндегі 1-конференциада жасалған келісім. Ол «Арал теңізі және Арал аймағы мөселелерін, экология-лық сауыкхыруды, аймақгың әлеум.-экон. дамуьш қамтамасыз етуді бірлесіп шешетін ортақ шаралар туралы Келісім деп аталды. Келісімге Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев, Қырғызстан Президенті А. Ақаев, Тәжікстан Жоғ. Кеңесінің төрағасы Э.Ш. Рахмонов, Өзбекстан Президенті И.А. Каримов, Түрікменстан Президеиті С.А. Ниязов қол қойды.
Келісімнің арнайы баптарында Арал т. бассейніндегі экол. дағдарысқа байланысты негізгі мәселелер нақтылы қаралды. Апаттың алдын алуға, қоршаған ортаны сауықтыруға және Арал аймағынын, әлеум.-экон. дамуын қамтамасыз ететін, денсаулық сақтау, тұрмыстық қажеттіктерді өтейтін істерге тікелей назар аударылды. Келісімді орындаудың алғашқы шарты есебінде Халықаралық Арал қоры, Арал теңізі мәселелері жөніндегі метекетаралық Кеңес құрылды, олардың ұйымдық мәселелері шешілді. БҰҰ-ның Бас Хатшысына Орталық Азия Елбасыларының атынан үндеу-хат жолданды. Онда Аралды сақтап қалуға, Арал аймағының келелі мәселелерін шешуге арналған шараларға дүн. жүз. қауымдастықтың назары аударылды.
Арал мәселелерімен айналысатын Орталық Азия елдері (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан) Елбасылары Кеңесінің атқарушы органы. 1993 ж. 26 наурызда Қызылорда қ-нда құрылған (қ. Арал теңізі мәселелері жөніндегі келісім). Кеңеске Орталық Азияның әр республикасы үкімет басшыларының орынбасарлары бастаған 5 кісі және бақылаушы ретінде Ресей Федерациясының өкілдері енді. Мемл-аралық Кеңесті әр жылда Орталық Азия елдері кезекпен баскаратын болып шешілді. Алғашқы кезек Өзбек Респ-на берілді. Кеңес өзінің атқарушы к-тін, су мәселелері жөніндегі, әлеум.-экон., ғыл.-тех. және экол. даму жөніндегі комиссияларын бекітті. «Сырдария» және «Әмудария» бассейндік су ш. басқармаларын Кеңестің су мәселелері жөніндегі комиссиясы басқаратын болды. Кеңес өз жұмысын Халықаралық Арап қорымен және Дүниежүзілік банкпен бірлесе отырып жүргізеді.
Арал anaтынан зардап шеккен елдер басшыларының іс-қимылдарына көмектесуге бағытталған алғашқы халықар. келісім. 1990 жылдың 24 — 26 қаңтарында БҰҰ-ның қоршаған орта бағдарламасының (ЮНЕП) ұсынысымен жасалды. Бұл халықар. құжат «Арал теңізін сақтауға арналған нақтылы іске дайындықка қатысу» деп аталды. 1990 жылғы 11 — 12 қарашада Хаттамаға қол қойылып, келісім заңды түрде бекітілді. Келісім бойынша оқымыстылар мен мамандардың қатысуымен «Диагностикалық құжат» жасалды. Бұл үлкен ғыл.-тәжірибелік зерттеу Арал апаты кеселінің бетін ашып берді, нақтылы іске бағдарлама жасауға себін тигізді. «Диагностикалық құжат» 1992 ж. 4 тамызда ЮНЕП-тің басқаруымен Женева қ-нда бекітілді, оған ҚР атынан Ү. Қараманов, К. Салықов, Н. Мұқитанов қол қойды. Келесі сатыда Дүниежүзілік Банк пен ЮНЕП, ПРООН, ЮНЕСКО, т.б. мекемелер қосыла отырып, Орталық Азия елдерінің мемлекетаралық кеңесінің және Халықаралық Арал қорының басшылығымен «Арал теңізі мәселелеріне нақтылы көмек Бағдарламасын» іске қосты. Бұл тарапта 7 бағдарлама, 18 жоба жасалып, ауқымды жұмыс қолға алынды.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қазақстан ұлттық жэнциклопедиясы. Алматы 1998 ж.
2. Г.С. Оспанова., Г.Т. Бозшатаева «Экология» Алматы 2002.
3. Есназарова Ұ.А. Темірбеков А.Т. «Түркі тілдес елдер географиясы» Анкара -1999 ж.
4. Қ.Н. Жалмишова «Экологиялық білім және тәрбие» Шымкент 2006.
5. Сағымбаев Ғ. «Экология негіздері», Алматылық баспа кабинеті 1995 ж.
6. Орынбаева Ғ «Оқушыларға экологиялық тәрбие беру» Алматы Рауан, 1998 ж.
7. Ю.П. Одум «экология» Мәскеу 1986 ж.
8. П. Аресс «Экология кілттері» санкт-петербург 1982 ж.
9. А.Ш. Алматьев «табиғи ортаның дамуы, өзгеруін және қорғалуы». Санкт-Петербург. 1983 ж.
10. И.Д. Лаптев «Экологиялық проблемалар» Мәскеу 1982 ж.
11. П. Бердокс, Д. Родд «Қоршаған ортаны ластанудан қорғау стратегиясы. Мәскеу 1979 ж.
12. «Егемен Қзақастан», 2005 жыл 30 қараша
13. «Отырар алқабы», 2002 жыл 15 наурыз.
14. Фейзуллах Будан, «Қазақстан: өткені, бүгіні мен ертеңі». Анкара 2000 жыл.
15. Қазақстан Республикасы: Энциклопедиялық анықтамалық «Қазақстан энциклопедиясы» Алматы 2001 ж.

АРАЛ ТЕҢІЗІ —Қаз. ССР-інің оңт.-батысындағы ағынсыз тұзды көл. Үлкендігі жағынан дүние жүзінде 4-орын алады. Солт.-шығыс жартысы Қаз. ССР-нде, оңт.-батыс болігі Қарақалпақ АССР-нде. Әбу-л-Ғазының жазбасында (1630) А. т. аталуы Амударияның құйылысын мекендеген арал еліне байланысты делінеді; араб зерттеушілерінің «Үлкен сызба кітабында» (1600) Ховарезм (Хиуа) немесе Сырдарияның құйылысындағы Жанкент (Женді) қ-сының атауымен Женді аталған. Ер.- те замандағы географтар мен қытайлардың А. т. жайындағы білігі бұлдыр, тұспал болған. «А.. т.» деп алғаш рет араб жазушысы ибн-Русте (910) атайды, ал араб географтары әл-Истахри (920), Идриси (1154), Әбу-л-Фида (14 ғ.) нақтылы мәліметтер береді. Ке¬не заманда Каспий мен Аралдың қосылып жатқаны, бір кезде Амударияның Каспинге құйылраны жайында бір түйінге келмеген шашыранды пікірлер де бар. 1417 ж. Хафизи Абру Хорезм (Арал) көлі құрыды, Жайхунның арнасы ауып, Хозарға (Каспий) құйды десе, 1570 ж. Әб;у-л-Ғазы Аму қайтадан Аралға құйылды ДЕЙДІ. Орыс географтарынан А. т-н алғані рет зерттегендер Муравьев пен Бутаков (18-19 ғ.). 1848—49 ж. А. И. Бутаков А. т-н тұңғыш рет картаға түсірді. Аралдың теңіз деңгейінен биікт. 53 м. Ауд. 64,5 мың км2, (оның 2,3 мың км2 аралдар). Теңізддң ең ұзын жері 428 км, ені 235 км, алабы 690 мың км2, суының орташа көл. 1000 кле3, шамасында. А. т-нің ойысы жер қабығының плиоценде майысуынан пайда болып, суға толған. Теңіз түбінің бедері тегіс. Ор¬таша тереңд. 20-25 м, ең терең жері 67 м. Теңіздің оңт.-батыс жағалауын жүздеген ұсақ аралдардан тұратын.
Ақпекті архипелагы алып жатыр. Жалпы А. т-зде 300-ден астам арал бар, ол теңіз аумағының 3,5%-і. Ірі аралдары: Көкарал, Барсакелмес, Возрождение. Солт. жағасы биік жар. Аласа жері қүрлыққа сұғына кіріп жатқан шығанақтармен (Құмсуат, Тұщыбас, Шевченко, Бутаков, Сарышығанақ, Ақкөл, Бозкөл, Қашқансу, Қаратума, Жалтырбас, Мойнақ т. б.) тілімделіп, бірнеше түбек (Қуланды, Қаратүп, Көктырнақ, Мойнақ) пайда болған. ІІІығ. жағасы ойпат, құмды және көптеген саяз шығанақтармен ұсақ аралдардан тұрады. Батиақты, ойпат болып келген оңт. жағасы Амударияның атырауымен тілімделген. Бат. жағасы аз тілімделген, бпікт. 190 м-гe жететін үстірттің жарлауы

1234
скачать работу

Арал теңізінің зерттелуі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ