Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Арал теңізінің зерттелуі

ттары қоршап тұрады. А. т-не Орта Азияның үлкен 2 өзені Амудария мен Сырдария құяды. Ауаның жазғы орта темп-расы 24, 26° С, қыста — 7°-тан — 13,5° С-қа дейін жетеді. Жылдың 120—170 күні ашық, 70—90 күні бұлыңғыр. Қар солтүстігінде 3 айдан, оңтүстігіиде 1,5 айдан артық жатады. Жылдық жауын-шашып мөлшері 100 мм. А. т-ндегі су балансы: жауын 5,9 км3, құрлықтық ағыс 54,8 км3, булану 60,7 км3.,’ Маусымдық су деңгейінің орта ауытқуы 25 см, көп жылдығы (ғасырлық) 3 м-дей. 1960 жылға дейін А. т-нің абс. биікт. 53,4 л-ден 1967 ж. 51,66 м дейін төмендеді. ӨЗЕН суының 90%-1н суландыруға пайдаламғанда, теңіз деңгейі 12 м-гe төмендейді.
Қыста теңіз бетінің темп-расы 0° С-тан төмен, жазда 26, 30° С. Қыста теңіз түгелдей қатады, оңтүстігінің мұзы жұқа болғандықтан, бұзылып тұрады. Тұздылығы өзендердің құяр жерінде 10-11 %о, оңт.-шығ. жағасында 14 %о. Теңіз суының азаюына байланысты тұздылық артып келеді (хлорлы 59,1%, күкірт қышқылы 40,9%). Судың түсі қара көк, мөлдірлігі 15- 25 м. А. т-не құятын Сырдария және Амудария өзендері теңізде сағат тілінің айналу бағытына сәйнес ағын туғызады. Теңіз көбінесе тынық. Толқын күші көбіне 2 балдан аспайды.
Оқта-текте болатын теңіз дауылының толқын күші 6 балға, ұз. 120 м-те жетеді. Балықтардан бекіре, сазан, қаяз, шабақ, ақмарқа ауланады. Бейімделген балықтан шоқыр, салақа т. б. бар. Теңізде жылына 7 ай кеме жүзеді. Басты лорттары — Арал және Мойнақ. А. т. т-жағалауында халық аз қоныстанған. Жергілікті тұрғындарының айналысатын кәсібі — балық аулау, мал шаруашылығы, ондатра есіру және овощ-бақша шаруашылығы. Арал балық аулау ауданынық құрамында А. т-нің алабы мен оған құятын өзендердің сағасы кіреді. Теңіздің солтүстігінен РСФСР мен Орта Азия және Қазақстанды жалғастыратын темір жол өтеді. Негізгі экономик, орталықтары — көптеген балық колхоздары мен балық кәсіпшіліктері қарайтын солтүстігіндегі Арал және оңтүстігіндегі Мойнақ қалалары. бұлардың арасында майдан ноябрьге дейін жүк және жолаушы таситын кемелер қатынайды. Солтүстіктен өнеркәсіп товарлары, оңтүстіктен а. ш. товарлары тасылады. Балық тұздау з-дтары Амудария өзенінің атырауында, Көкаралдағы Аван пос-сінде, Бөгенде (шығ. жага-сы), Ұялы, Ұзыиқайыр аралдарында. Теңіздің солтүстігінен жылына орта есеппен 114000 ц балық ауланады. Сібір өзендерінің суын А. т-не бұру жобаланады.
АРАЛҚҰМ — Балқаш көлінід оңтүстігіндегі, Лепсі мен Басқан өзендерінің аралығындағы қырқалы, төбешік құм. Абс. биікт. 400—500 м. Оңт.-шығыстан солт.-батысқа қарай 50 км-ге созылып жатыр. Ені 18 км, жері 650 км2. Қырқалардың биікт. 8—10 м, төбөшікті құмдардың биікт. 15-20 м. Құмда жүзген, қоянсүйек, жусан, селеу, өзенге жақын жерлерде жыңғыл, баялыш, бұйырғын, құрақ өседі. А. қысқы жайылым ретінде пайдаланылады.
АРАЛ МАҢЫ ҚАРАҢҰМЫ — Арал теңізі мен Шалқар көлі аралығындағы төбешік құмдар. Шығысында Сарыарқамен шектеседі. Оңт.-батыстан солт.-шығысқа қарай 250 км-ге созылып жатыр, ені 200 өлг-дей: Абс. биікт. 53—145 м. Теңіз жағалауындағы төбешік құмдардың биікт. 5-8 м. Төбешік құм мен бархан арасында қырқалар да кездеседі. Сазды, құмды саз топырақта жусан, еркекшөп, ақ сексеуіл, жүзгек өcеді. Климаты құрғақ әрі өте континенттілік. Жазда мал жаюға пайдаланылады.
АРАЛ МАҢЫНДАҒЫ АРТЕЗИАН АЛАПТАРЫ — Арал теңізінің солтүстігін, шығысын, оңтүстігін алып жатқан жер асты суы бар кең аймақ. Жалпы көлемі 150000 км2 Солт. Арал, Шығ. Арал артезиан алаптары бар. Солт. Арал артезиан алабының арыны күпггі артезиан сулары бор жүйесі альб, сөноман ярустарының (70- 100 м тереңдікте) және палеогеннің (50-300 м тереңдікте) шөгінді жыныстарына байланысты. Альбсеноман суының минералдануы 1-3 г/л, ал палеогендікі — 2,5 г/л. Бұл алаптың оңт.-шығысындағы судың минералда¬нуы 8-12 г/л. Шығ. Арал алабындағы артезиан сулары бор жүйесінің жоғарғы бөлімінің сулы қабаттарында (100—300 м терсңдікте), судың мине¬ралдануы 1,5—2,5 г/л-ден аспайды. Алаптардағы су скважиналарының тәуліктік өніыі 1 ?0—2500 м3. Артезиан суларының жалпы қоры 500 млрд. м3 шамасында. Елдг ауыз сумен қамтамасыз етуде, мал жайылымын суландыруда, егіндік жерді суаруда бұл ар¬тезиан суларының мәні зор.
АРАЛ ОЙЫСЫ — Арал теңізі және оның шығысы мен оңт.-шығысын алып жатқан мезозой-кайнозой шөгінділерінен құралған тектоникалық құрылым. Туран плитасының құрамына кіреді. Геоморфохогиялық тұрғыдан алғанда Солт. Қызылқұмға жалғасып жатқан ойпат. А. о-ның солт.-шығысы, шығысы, оңтүстігі жайпақ жазық, ал Үстіртке жалғасатын бат. жағы тік жар болып келеді. А. ойысы солтүстік-те Тортай ойысының оңт. шеті шығыста Аққыр—Құмқала кезеңі, оңтүстікте Төменгі Амудария мегаантиклиналы, батыста Арал — Қызылқұм қырқасымен шектеледі. Ойыстың оңт.-шығысындағы Бозкөл қырқасы оны Шығ. Арал және Тәжіқазған қазан шұңқырларына бөледі. А. о. табанының жоғарғы ярусы жоғарғы койнозой мен триас шөгінділерінен түзілген. Оның үстін мезозой мен кайнозойдың қалыңдығы 1806—2000 м шөгінді жыныстары (саз, құм тас, әк тас, мергель) жауып жа¬тыр. А. оның юра мен бор шөгінділерінде мұнай мен газ, палеоген жыныстарында қоңыр көмір, оолиттік темір рудасы, жерасты суы бар.

1234
скачать работу

Арал теңізінің зерттелуі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ