Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Арпа

гістікте астықтың түсімі мен сапасы едәуір төмендеп, тыңайтылған нұсқаларада өсімдіктердің жатып қалу жағдайлары жиі байқалған [39, 40].

Б.Егоров, В.Пронин [41], А.И. Заварзин, Ш.А. Халилов [42] және басқалардың Саратов ауыл шаруашылығы институтында жүргізген тәжірибелері арпаның гектарына 3-4 млн. дән арасындағы себу мөлшері өсімдіктердің өсіп-дамуына қолайлы жағдай туғызып, барлық жылдары өнімнің өсуін тұрақты қамтамасыз еткен. Аталған авторлардың пікірінше, себу мөлшерін көрсетілген көлемдегі шамадан кеміту егістіктің арамшөптермен ластануына жол ашып, лажсыз қосымша шығынды талап етеді.

Тюмень облысындағы арпаның себу мерзімі және мөлшерімен жүргізілген ғылыми жұмыстар гектарына 5,5 млн. дән жиілігінің қалыпты жағдайда болып, ең жоғары өнімге қол жеткізетіндігін нақтылы көрсеткіштер арқылы растайды. Тұқым мөлшерін одан ары көтеру өнім құрылымының аса маңызды бөліктеріне және астық сапасына айтарлықтай әсер етпеген [43].

Татарстаннан Р.С. Шакировтың [44] пайымдауынша, тұқымдық егістің көбею коэффициентін арттыру үшін гектарына 4 млн. себу мөлшерін қолданған тиімді. Мәселен, зерттеу барысында тұқымды 6-дан 4 милионға дейін азайту шикі протеинді 1,7 %, 1000 дәннің массасын1,2 гкөбейтіп, оның егістік сапасы мен өнімділік қасиеттерін біршама арттырған.

М.А. Белоножко, Х.Х. Кусайнов, А.Б. Нұғманов [45] мәліметтерін сараптайтын болсақ, украинаның жеңіл саздақты қара топырағында олар тұқымының дифференцивті жүйесін пайдаланудың артықшылығын айта келіп, арпаны интенсивті технологиямен өсіргенде 3,5 млн.дән/га, ал ылғалды жылдары 4,0-4,5 млн. себудің қажеттілігіне тоқталады. Мұндай жүйені енгізу арқылы көп факторлы егістік тәжірибеде тұқым себу мөлшерінің өнім түзудегі үлес салмағын арттырып қана қоймай, сонымен бірге астық өндірісінің тиімділігін жоғарлатуға да үлкен мүмкіндік туады.

Кейбір зерттеушілер [46, 47] дәннің сапасы мен жалпы түсімін арттыруда гектарына 4 млн. дән себудің тиімділігін бір ауыздан мақұлдаса, сондай-ақ Қара топырақты емес орталық аудандарда және Мәскеу облысының мәдениеттендірілген шымды күлгінді топырақтарында арпаның осы көлеміне бедені қосып себуді ұсынады [48]. Жоғарыда аталған аймақтардаға топырақтың шайылмаған және әлсіз шайылған түрлерінде себу мөлшері 4,0-4,5 млн., орташа немесе күшті шайылғанда 5,0-5,5 млн. дәннен болуы тиіс деп есептелінеді [49].

Бұрынғы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы метеорологиясы ғылыми-зерттеу институтының тәжірибе деректерін талдау Қара топырақты емес аймақтағы арпаның оңтайлы тұқым себу мөлшерін анықтайтын факторлардың бірі – ылғал режимі екендігін көрсетеді. Ылғалы жеткіліксіз (ылғал шығыны 40-70 мм) және себу мөлшері гектарына  5 млн. дәннен кем болған жағдайда салыстырмалы түрде сабақтар саны сирек қалыптасады, ал өсімдіктері ылғалмен жақсы жабдықталған, тығыз өнімді сабақтар саны (800 данадан көп) – гектарына 5 млн. дәннен асыра сепкенде байқалады. Осы көрсеткіштерді басты белгі ретінде ала отырып, айтылған аймақ үшін төмендегідей ұсыныстар енгізілген: ылғалы жеткіліксіз жағдайда 3-4 млн., ылғалы ора деңгейде 5-6 млн. және жоғары болғанда 7-9 млн. дән себу [50].

В.А. Алабушев, М.Г. Ткачеваның [51] зерттеулері бойынша, тыңайтқыш нұсқаларына байланыссыз себу мөлшерінің өнімді түптілікке тікелей әсері бар. Алаң бірлігіндагі өсімдік саны ұлғайған сайын олардың өнімді түптілігі азаяды немесе керісінше тұқым себуді 4,5-тен 2,5 млн. шамасына төмендету түптілікті 1,9- дан 2,3-ке өсіріп, масақтың дәнділігі мен ірілігін арттырған.

Арпаның жоғары өнімін алу үшін екі фактордың маңызы зор: ол топырақтағы қоректі заттардың жеткілікті аясын жасап, соған сәйкес оңтайлы өсімдік тығыздығын қалыптастыру. Бұл жөнінде жүргізілген тәжірибелер негізінде бір шаршы метрдегі өсімдіктер санын 600 данаға дейін ұлғайту егістік шығымдылығын төмендетіп, ал 500 дана болғанда өнімнің біршама көбейтетіндігі байқалған [51, 52].

Масақты дақылдың түсімі мен дәнінің технологиялық және өнімділік көрсеткіштерінің шамасы кез келген жағдайда егістікте қолданылатын агротехникалық шаралардың қысқа мерзімде әрі сапалы атқарылуына, яғни шаруашылықтағы егіншілік мәдениетінің деңгейіне тікелей тәуелді. Осы заңдылықты барынша қуаттайтын бірқатар зерттеушілер егіншілік мәдениеті дамыған ауыл шарашылығы құрылымдарында арпаның себу мөлшерін гектарына 3,5-2,5 млн. дәнге дейін төмендетуге болатындығын айтады [53, 54]. Бұл тәсілдің материалдық және энергетикалық шығындарды азайтумен қатар, әсіресе жаңадан шығарылған перспективті сорттардың жалпы тұқымының көбею коэффициентін арттырып, өндіріске тезірек енгізілуіне теңдесі жоқ ықпал ететіндігі ақиқат [55].

Э.Д. Неттевич, А.В. Сергеев, Е.В. Лязловтың [56] деректерін талдар болсақ, Орталық қара топырақты аймақтарда арпаның ең жоғары өнімі гектарына 5-6 млн. себу мөлшеріне сай келетіндігі байқалада. Белогор тәжірибе учаскесінде жүргізілген зерттеулерден мынадай мәліметтер алынған: 5 млн. — 7,1 ц/га, 6 млн. – 40,3; 7 млн. – 39,7 ц/га, ал А.В. Маркитанова, Л.М. Бондареваның [57]  деректері бойынша, дәл осындай себу мөлшері шаршы метр алаңда 370 дана өсімдік, 510 дана сабақтардың түзілуін қамтамасыз еткен.

Украинаның шығыс аймағында арпаның қалыпты себу мөлшері 4,0-4,5 млн./га делінсе, оны тұқымдық мақсатқа және көп жылдық шөптермен араластырып сепкенде мөлшерін біршама    азайтуға болады, ал интенсивті сорттарды құнарлы топырақта өсіру кезінде тұқымды 15-20 пайызға, жонышқамен қосып жамылғы дақыл ретінде пайдалану гектарына 3,5-3,0 млн.дәнге дейін  төмендетуді ұсынады [51].

Жоғарыда айтылғандай, егіншіліктегі ғылыми-техникалық прогрестің негізгі қорғаушы құралы ретінде өсірілетін сорттардың астық шаруашылығындағы алатын орны айрықша. Дәнді дақылдардың аудандастырылған сорттарының ішіндегі кез келгені өндірісте интенсивті технологияны қолдануға жарай бермейді, сондықтан бұл – табиғатынан өсімдік сабақтарының жіңішке әрі жұмсақ келетін арпа сорттарына қойылатын басты талаптардың бірі.

Ежелден арпа селекциясы үшін «өсімдіктер биіктігі» белгісі жатып қалмайтын қысқа сабақты сорттар шығару бағытында селекционер-ғалымдардың назарынан ешқашан тыс қалған емес. Сол себепті жоғары агротехникалық аяны тиімді пайдаланып, енгізілетін тыңайтқыштар бірлігіне (1 кгәсер етуші затқа 6-7 кгдәннен артық) сәйкес барынша көлемді өнім түсімін қамтамасыз ететін интенсивті сорттар қажет. Мұндай сорттар жоғары өнімі және сапасымен қатар жатып қалуға, құрғақшылық, аурулар мен зиянкестерге төзімділігі, тағы сол сияқты бағалы қасиеттерімен ерекшеленуі тиіс.

Алаң бірлігіндегі өсімдіктер санының мөлшерден тыс артықтығы олардың көбінесе жатып қалуына себепші болады. Мысалы, Қара топырақты емес аймақта арпа егістігі жиі (10 жылдың тең жарымында) жапырылып қалады, сондықтан да бұл дақылдың жатып қалуын болжау өзекті мәселеге айналған. Осы теріс құбылысты болдырмау үшін топырақтағы ылғал қоры, ауаның тәулікті температурасы мен жауын-шашынды негізге ала отырып, бір шаршы метрдегі сабақтар санын 700 данадан асырмай қалыптастыру ұсынылады [57].

Алтай өлкесіндегі сорт сынау учаскелерінде жаздық арпаның ең жақсы себу мөлшері анықталған. Атап айтсақ, Донецкий 4 сорты үшін далалы және орманды – далалы аудандарда гектарына 4 млн., Красноярский 1 үшін тау бөктерінде 6 млн., жоғары таулы алқапта 4 млн., өнгіш дән деп есептелінеді. Егістік жиілігінің биіктік пен кеңістікке байланысты өзгеруін сорттардың пісу мерзімі мен арпа өсімдіктерінің жатып қалуын болдырмау шараларымен түсіндіреді [58].

Бұрынғы Одақ көлемінде және сондай-ақ шетелде ғалым-селекционерлер арпаның жоғары өнімді сорттарын шығарумен тынымсыз айналысуда. Ылғалы жеткілікті аймақ үшін арпа сорттарының өнімділік мүмкіндігі  60-70ц/га, өсімдіктер биіктігі 70-80 см, Солтүстік Кавказ, Оңтүстік – Шығыс, Орал, Сібір және Солтүстік Қазақстанның құрғақ далалы аудандары үшін тиісінше 40-50 ц/га және 90-110 смболуы жоспарланған [59].

И.С. Травин [60] және С.А. Муравьев [61] тәжірибе деректерін толықтыру  ретінде өсімдіктердің фитометрикалық көрсеткіштері мен егін құрылымын есепке алуды ұсынады. Айталық, тұқым себу мөлшерінің 4 және 5 млн. нұсқаларына сәйкес арпа түсімінің гектарына 40-50 центнер денгейін бағдарлап, олар тиісінше төмендегідей шамаларға ие болған: жапырақтың ең көп алаңы 31,1 және 38,8 мың м2/га, егістіктің фотосинтетикалық потенциалы 1,6-2,0 млн. м2/га (күн, масақтағы дән массасы 0,8 және0,9 г, алаң бірлігіндегі өнімді сабақтар саны 500 және 630 дана, өсімдіктер саны 300 және 370 дана, өнімді түптілік 1,7, өсімдіктердің жинар алдындағы өміршеңдігі 75% шамасында).

Румынияның құнарлы жерлерінде гектарына 3 млн. тұқым себу  мөлшерімен сыналған Miraj арпа сортының өнімі 50-60 ц/га болса, ал топырақтың жеткілікті табиғи ылғалдылығы мен егіншілік мәдениеті жақсы дамыған шаруашылықтарда оның өнімділігі 90-115 центнерге дейін жеткен. Экономикалық тиімділігі жоғары өнім алу күні бұрын анықтап алатын оңтайлы тұқым себу мөлшеріне байланысты және жыл сайын, қала берді егіс танаптарына қарай әрдайым нақтылауды қажет етеді [62].

Германияда интенсивті факторлардың жиынтығының негізінде жүргізілген зерттеулер жемшөптік Mirena арпа сортының ұтымды себу мөлшері гектарына 3,6-3,8 млн. өнгіш дән екендігін көрсетті. Мұндай егістіктегі өсімдіктер өсу кезеңінің қолайсыз жағдайларына төзімді келіп, жоғары межелі өнім деңгейін құрауды толық қамтамасыз еткен [63].

Жоғарыда келтірілген ғылыми мәліметтермен қатар осы тақырып аясын кең байтақ Қазақстанның сан алуан топырақ-климат жағдайларында жүргізілген зерттеулердің нәтижелерімен толықтыруға болады. Әдеттегідей біздің республикамызда да сан қилы табиғат құбылыстары ұшырасатын таулы биіктіктен еңіске қарай созылып жатқан кеңістікке байланысты талай-талай белдемдер қалыптасқан. Жалпы астықты аймақтар үшін негізгі шектеулі фактор ретінде ылғалды атасақ, биік таулы аудандарда жылу

123
скачать работу

Арпа

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ