Арпа
Другие рефераты
Арпа – Қазақстанның бүкіл аудандарында жаппай өсірілетін негізгі мал азықтық дақылдардың қатарына жатады. Құрғақшылыққа төзімділігі мен дән қоректілігінің құндылығына байланысты оның жемшөп құрылымындағы маңызы ешқашан жоғалмақ емес. Шөл және шөлейт жерлердің өзінде арпаның түсімі басқа жаздық дәнді дақылдармен салыстырғанда едәуір басым.
Арпаның халық шаруашылығындағы маңызы өте зор, оның дәнінен көптеген салада пайдаланылатын сан алуан заттар жасалады. Арпа жармасы – бағала әрі нәрлі тағамдардың бірі. Арпаны тері илейтін, тоқыма және кондитер өнеркәсібімен қатар медицинада да кеңінен қолданады. Ол әдетте сыра қайнататын өнеркәсіпте таптырмайтын аса құнды шикізат ретінде ерекше орын алады.
Арпаның дәні белок пен крахмалға бай болғандықтан, одан малға жұғымды құнарландырылған құрама жем дайындалады. Мал шаруашылығы, әсіресе шошқа мен құс өсіру дамыған сайын бұл дақылдың қажеттілігі күн санап арта түсуде.
Арпа дәнінің химиялық құрамы өте күрделі. Шығарылатын сорттардың бағыты мен өсу ортасына байланысты оның құрамында 12-14 % белок, 2-3 % май, 54-55 % крахмал, 5,5-5,8 % клетчатка және 2-3 % күл кездеседі. Дәннің 85 пайызы құрғақ заттардан түзіліп, мынандай химиялық қосылыстардан тұрады: көміртегі, азот, оттегі, сутегі, күкірт, фосфор, калий, кальций, магний, темір және кремний. Бұларға қосымша дәнде йод, бор, мырыш, темір, марганец, және сол сияқты сирек кездесетін элементтер бар. Олар кәдімгі жасушадағы физиологиялық және биохимиялық процестердің бір қалыпты жүруіне айрықша ықпал етеді.
Көптеген әдебиеттердің мәліметтеріне жүгінсек, жергелекті топырақ – климат ерекшеліктеріне қарай арпаның өсу кезеңі 60 пен 120 күннің аралығында созылып, сорттық белгілері бойынша ерте, орташа және кеш пісетін топтарға бөлінеді. Сыртқы орта жағдайларына өте бейімділігінің арқасында бұл дақылды құрғақ далалы аймақтан бастап, Қиыр Солтүстік және биік таулы аудандардың егіс алқаптарынан да кездестіруге болады.
Арпаның өсу және даму кезеңдеріндегі топырақ ылғалдылығы мен температурасына талаптары біркелкі емес. Оның тұқымы 1-3°С жылылықта өне бастайды, бірақ толық көктеуі үшін қолайлы 15-25°С температура қажет. Жер бетіне көктеп шыққаннан бастап, толық піскен уақыт аралығында бірнеше даму кезеңдерінен өтіп, әсіресе қысқы-көктемгі ылғал қорын тиімді пайдаланады да, оңтүстік аудандарда шілде түскенге дейін дән түзіп үлгереді [1].
Кез келген табиғи-климат аймақтарында өсірілетін сорттардың биологиялық ерекшеліктеріне, топырақ ылғалдылығы мен құнарлылығының деңгейі, енгізілетін тыңайтқыштар мөлшері, себу тәсілі және басқа да факторларға байланысты оңтайлы тұқым себу мөлшерін анықтау – арпа егістігінде сорттық агротехниканы қолданудағы өзекті мәселелердің бірі.
Арпаның оңтайлы тұқым себу мөлшерін анықтау — өте жауапты агротехникалық шара, өйткені бұл күтіп-баптау тәсілдерін жетілдіру мен сыртқы орта жағдайларына жақсы бейімделген жаңа сорттардың аудандастырылуына сәйкес әрдайым нақтылауды талап етеді. Агротехниканың осы әдісінің мән-маңызы ылғалы жеткіліксіз жерлерде одан сайын арта түспек, себебі тұқымның шектен тыс мөлшері қосымша шығынмен қатар өсімдіктердің ойдағыдай дамуына қажетті топырақ ылғалының тиімсіз пайдалануына бірден-бір себепші болады. Ал сирек егістік органикалық заттарды түзу үшін күн энергиясын, топырақ құнарлылығы мен ылғалын толық пайдалана алмай, нәтижесінде арамшөптермен ластанып, жоспарлы өнім денгейін қамтамасыз ете алмайды.
Неміс ғалымы E. Wolni [2] өсімдіктердің өсуі мен дамуын тыңғылықты зерттей келіп, ауыл шаруашылығы дақылдарының қоректену алаңы жөніндегі теорияны дамытуға қомақты үлес қосқан. Көптеген егістік және зертханалық тәжірибелердің негізінде ол бірқатар дақылдардың оңтайлы қоректену алаңын өсімдіктердің тіршілік жағдайларымен – құнарлылық, ылғалдылық, топырақтың ластануы, аурулар мен зиянкестердің әсері және тағы сол сияқты факторлармен байланыстыра отырып, ғылыми түрде негізді дәлелдеген. Зиянкестер мен ауруларға, арамшөптерге қарсы бәсекелестікті күшейту үшін егістіктің тығыздығын көбейту қажеттігі жөніндегі тұжырымдары іс жүзіндегі егіншілікте қолданылатын айтарлықтай бетбұрыс болды.
Түрлі арпа сорттарының агротехникасы мен тұқым себу мөлшерін талдай келіп, біршама авторлар сорт пен топырақ құнарлылығына байланысты оны өсірудің дифференцивті тәсілін қолданудың астық түсімін арттырудағы аса маңыздылығын атап өткен [2-10].
Агрономия ғылымында өсімдіктердің топырақ құнарлылығына сәйкес жиілігі туралы екі қарама-қарсы пікір қалыптасқан. Біреулері құнарлы топырақта сирегірек себудің қажеттігін айтады, өйткені неғұрлым топырақ қоректік заттарға бай болса, ең жоғарғы өнім алу үшін соғұрлым себу материалы аз кетеді [4, 6, 7, 11, 12, 13].
Академик Д.Н. Прянишников [14] өз уақытында: «Астық егісіне мынадай ережені қолдануға болады: тіршілік жағдайлары жақсарған сайын, егін сирек болуы тиіс. Жалпы ережеден бір фактор – ылғал алынып тасталынады, яғни оның аз мөлшерінде жиі егіс себу өзінен-өзі түсінікті себептермен тиімсіз», — деп жазған болатын.
Басқа зертеушілердің пікірінше, географиялық өсіру орнына байланыссыз қоректік заттар және ылғалмен жақсы қамтамасыз етілген топырақтарда тұқым себу мөлшерін көбейту қажет [4, 5, 6, 15, 16, 17]. Зерттеу нәтижелерінің қайшылығы тәжірибелердің әр түрлі топырақ-климат жағдайларында жүргізілгендігінен болуы ықтимал. Демек, өсіру жағдайларына байланысты арпаның тұқым себу мөлшерін сәтті түзету айтарлықтай экономикалық әсер етуі мүмкін.
Д.В. Козинец [18] мемлекеттік сорт сынау жүйесінің мәліметтеріне сүйене отырып, арпаның тұқым себу мөлшерін жыл сайын дифференцивтендіру арқылы ғана гектарына 2 центнерден артық қосымша өнім алуға болатынын дәлелдеген. Автордың тұжырымдауынша, бұл жағдайда топырақтың құнарлылығы және өсірілетін сорттардың түптену қабілеті, сондай-ақ тұқымның егістік сапасы мен өнімділік қасиеттері есепке алыну тиіс.
Өсімдіктердің жиілігі топырақтың құнарлығына байланысты қалыптастыруды зерттеушілер олардың түптену қасиетімен байланыстырады. Егіс танабындағы сабақтар саны айтарлықтай дәрежеде өсімдіктердің түптілігімен анықталады, сол себепті соңғы көрсеткіш арпа өнімі құрылымының өте маңызды элементтерінің бірінен саналады. Дегенмен, бұл тұрғыда да ғалымдар арасында өсімдіктің түптенуі жөнінде екі көзқарас қалыптасқан. Алғашқылары түптенуді қажетсіз құбылыс деп тапса, кейінгілері оны өнім көтерудегі шешуші фактор ретінде қабылдайды.
Д.Н. Прянишников және И.В. Якушкиннің [19] ғылыми пайымдауынша, себілетін тұқымның мөлшері егістіктегі өсімдіктер жиілігін білдіретін соңғы кезеңі емес, өйткені егістің жиі, не болмаса сирек болуы өсімдіктердің белгілі бір дәрежеде түптенуімен теңестіріледі: сирек орналасқан өсімдіктер көбірек түптенеді де, соның есебінен кейбір қолайлы жағдайларда жалпы сабақ саның толықтырып, нәтижесінде масақтың ұзындығы, масақтағы дән саны және 1000 дәннің массасы тәрізді өнім құрылымының басты бөліктері арқылы жоғары өнім түзуде ешбір кемшілігі болмайды. Дәл осындай құбылыстың айнымас заңдылығын жақтайтындардың қатарында В.Я. Юрьев [20], З.Б. Борисоник [21], Г.П. Ушарова [22], Қ.Ш. Жаңабаев, Т.С. Саудабаев, И.С. Сейітов [23], М.Қ. Сүлейменов [24], Е.М. Зенкова, Қ.О. Сауранбаев [25], Ж.А. Қасқырбаев [26], А.Қ. Кереев, Ж.І. Қожабаев, А.Қ. Үмбетов [27], Ғ.С. Ожанов [28] және тағы басқалар да бар.
Керісінше, М.С. Савицкий [29] мен И.И. Синягин [30] аз мөлшермен себілген өсімдіктердің барынша жақсы түптенуі егістіктің сиректігін ешқандай жағдайда толықтыра алмайды деген қағиданы бетке ұстайды. Олардың ойынша, қалыпты тұқым себу мөлшері арқылы алаң бірлігіндегі өсімдіктердің оңтайлы санын қалыптастыру аса күшті түптенумен салыстырғанда жоғары өнім алу үшін сенімді кепіл болады.
Бірқатар зерттеушілердің [30-35] есептеуінше, арпаның себу мөлшері тұқымның ірілігіне де қарай өзгеріп отырады. Бұл жөнінде В.Я. Юрьев [20] кезінде былай деп жазған: «Ұсақ дәнмен салыстырғанда ірі дәндер әр уақытта күшті және біркелкі өскіндер беретініне күмән жоқ. Егістік жағдайда ірі дәндерден пайда болған өскіндер саны әрдайым басым келеді, сондықтан мұндай ерекшелікті ірілігі әр түрлі тұқымның себу мөлшерін анықтағанда міндетті түрде есепке алу қажет».
Өсіру жағдайларына байланысты жаздық арпаның тұқым себу мөлшері түрлі аймақтар бойынша бірталай шамада ауытқиды. Мысалы Белорус ауыл шаруашылығы академиясының Могилев облысындағы шымды орташа күлгінделген топырағында жүргізген тәжірибелерінде арпаның Московский 121 сортының себу мөлшерін гектарына 6-дан 4 млн. дәнге азайту өсімдіктердің өнімді түптілігін, масақтың дәнділігі мен толықтығын жақсартатындығын В.А. Петровская мен А.И. Горбылева [36] дәлелдеген.
А.Н. Анохин [37] Белорус ғылыми зерттеу мекемелерінің эксперименттік деректерін жинақтап қорыта келе, шым тезекті батпақты топырақтарда тыңайтқыштар мен жауын-шашынның көлеміне байланыссыз арпаның оңтайлы тұқым себу мөлшері 2,0-2,05 млн.дән/га екендігін хабарлайды. Оны гектарына 3,5 миллионға дейін көтеру автордың пікірінше, тұқымның артық шығындалуына, нәтижесінде егістіктің, әсіресе ылғалды жылдары жатып қалып, өнім ысырабына жол берілуіне себепші болады.
Чернигов ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясында К.П. Афендулов және басқалардың [38] мәліметтері бойынша, арпаның Носовский 2 және Черниговский 5 сорттарының ең жоғары өнімі гектарына 4-5 млн.дән себілгенде алынған. Егістің жиілігін 6 миллионға дейін көбейту дән құрамындағы азотты байланыстар мен күлді элементтерді азайтып, тиісінше органикалық қосылыстардың үлесін көтерген.
В.В. Докучаев атындағы АШҒЗИ мен Воронеж ауыл шаруашылығы институтының зерттеулеріне жүгінсек, Орталық Қара топырақты аймақта Докучаевский 1 және Вальтицки сорттарының ең үйлесімді тұқым себу мөлшері 4-5 млн. дән болып табылады. Тығыздығы одан әрі көбейтілген е
| | скачать работу |
Другие рефераты
|