Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Арпа

дың жетіспеушілігі айқын байқалады. Сол себепті топырақ түзуші жыныстар мен құбылмалы ауа райы ерекшеліктерінің жиынтығынан құралатын түрлі географиялық белдеулерде жаздық арпаның себу мөлшері де біршама көлемде ауытқып тұрады.

Ақтөбе облысының қуаңшылық далалы сортаң жерлерінде арпаның тұрақты өнімін алу үшін мелиоративті сүрі жер жақсы алғы танап болғанымен, тұзданған топырақты игерудің бастапқы кезеңінде азот қосылыстарымен байыту мақсатында оны жасыл сүрі жермен ауыстырып, алаң бірлігіне 350 дана өңгіш дән себуді ұсынады[64].

Орал өңірінің қара қоныр топырақты құрғақ далалы аймағында аудандастырылған Донецкий 8, Целинный 30 және перспективті Карабалык 150 сорттарының агротехникалық тәсілдерін зерттей келіп, Ғ.С. Ожанов [65] арпа дәнінің  сапалы әрі жоғары өніміне қол жеткізу  үшін минералды тыңайтқыштардың N30P30 аясында қолайлы жылдары гектарына 2,5 млн., ал ылғалы аз қуаңшылық жағдайларда 2,0 млн. дән себу жеткілікті деп есептейді. Егістік тәжірибенің  өндіріске ұсынылған үйлесімді нұсқаларында орта есеппен 1995-1997 жылдары 1,5-3,3 ц/га қосымша өнім алынып, дән құрамындағы шикі протеиннің мөлшері 1,4-2,3 пайызға көбейеді және 1000 дәннің массасы мен көлемдік салмағы артып, дәннің қауыздылығы біршама төмендеген. Зерттеулерін аталған облыстың басқа аудандарында жүргізген В. Коломоец, Р. Бекмамбетов [66], И.А. Кель [67] де осындай тұжырымға тоқталған.

Красноводопад селекциялық станциясынан М.Е. Жаңабековтың [68] хабарлағанындай, Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батыс бөлігінде ылғалмен жартылай қамтамасыз етілген тәлімі аймақта гектарына 2,5 млн., ал толық қамтамасыздандырылған тәлімі жерлерде 3,0-3,5 млн. дән себу арпаның тұрақты әрі сапалы өнімін қалыптастырған.

Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы белдеулерде және Шығыстың құрғақ далалы аудандарында гектарына 160-180 кгтұқым жұмсалғанда арпаның ең жоғары өнімі түзіліп, астық сапасы ешқандай төмендемеген. Егістіктің ылғалмен жақсы жабдықталуына байланысты бұл жерлерде арпа шығымдылығын арттыру үшін топыраққа тұқыммен бірге қатарлап 15-20 кгтүйіршіктелген суперфосфат енгізу ұсынылады [69].

Алматы облысының қатаң тәлімі жерінде арпаның Нутанс 187 сортының себу мөлшерін зерттеген А.И. Титов [70] кезінде гектарына 4,5 млн.дән шамасының оңтайлылығын анықтаған болатын. Дегенмен, арпа өсіру технологиясын жетілдіру және жаңа өнімді Нутанс 970, Днепровский 435 сорттарының аудандастырылуына байланысты осы агротехникалық шара қайтадан жан-жақты зерттеуге алынды. Көп жылдық зерттеулердің деректеріне сүйенсек, жоспарлы өнім деңгейіне сәйкес жапырақ алаңының үлкен мәнін қалыптастыратын жаңа сорттар үшін бұрыңғы ұсыныстардың жарамсыз екендігін көрсетеді.

Торғай облысының климатының құрғақтылығына байланысты 20,-2,5 млн. тұқым ұсынылса, ал Қостанай облысының бірінші аймағында 3,5-3,8; екінші – 3,0-3,5; үшінші аймағында – 2,5-3,0 млн. өнгіш тұқым себу қабылданған.

Қысқаша әдебиеттік шолуды қорыта келгенде, арпаның тұқымының ірілігі мен себу мөлшері өсімдіктердің тіршілік ортасына байланысты айтарлықтай шамада өзгеріп отырады. Сондықтан қаралған мәселелер нақты топырақ-климаттық және агротехникалық жағдайларға, өсірілетін дақыл мен сорттардың  биологиялық ерекшеліктеріне қарай мұнан былай да тиянақты зерттеуді қажет етеді.

123
скачать работу

Арпа

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ