Асан қайғы - жырау, данышпан ойшыл
Другие рефераты
Еділ бойында дүниеге келген. Құрбанғали Халидұлы өзінің «Тауарих хамса» атты еңбегінде әйгілі Майқы биді Асан қайғының арғы атасы еді дейді.
Берке хан дүниеден қайтқан соң (1359) Алтын Орданың тағына жанасқан хандар баянды билік құра алмаған. Сондай баянсыз хандардың бірі Ұлығ Мұхамед болса, Асан қайғы сол Ұлығ Мұхамед ханға сөзін өткізетін билерді бірі болған. 15 ғ. 1420 жж. Ұлығ Мұхамед Сарайдан қуылып, Қазанды паналағанда, Асан қайғы жасының егде тартқанына қарамастан өз әміршісінің жанында болған.
Алайда, бас сауғалау болмысына жат Асанқайғы кешікпей қайтып оралып, Әбілхайыр Ордасындағы шиеленіскен тартыстың ортасына түседі. Керей, Жәнібек сұлтандар бастаған рулардың Әбілқайыр ұлысынан бөлініп шығуын қолдаушылардың бірі Асан қайғы болады. Асан қайғының жыр толғаулары мен нақыл сөздеріне қарағанда, Дешті Қыпшақтың кіндік мекені Еділ, Жайық бойынан қазақ руларының ірге көтеруін қолдамай, Керей мен Жәнібекке көп қарсылық білдіргені айқын аңғарылады. Асан қайғының «Жерұйық» іздеуіне қатысты айтылатын аңыздардан да халықтың бас құрап, ірге орнықтырып, ел болу қамын ойлауда оған шешуші міндеттің жүктелгені байқалады.
Ақыры, елдің ертеңін ойлап, еңсесін көтеруді өмірлік мұрат еткен Асан қайғы Ордадан бөлінген қазақ руларын Шу, Сарысу бойына, Ұлытау төңірегіне қоныстандыруға атсалысып, халықтың темірқазығындай бағдаршы болып өткені мәлім.
Ел аузындағы қария сөздің айтуында, Асан қайғы Сарыарқада дүние салып, Ұлытаудың топырағы бұйырған. Ал, Уәлиханов Шоқанның жазуында Асан ата өмірінің соңғы жылдарын Жетісуда өткізіп, Ыстық көлдің жағасында дүние салған.
Ел ішіндегі шежіре сөздер мен күй аңыздарына қарағанда, Асан қайғы халық қамын ойлаған ақылгөй, көреген ғана емес, сонымен бірге дәулескер күйші де болған. Көптеген күйлердің аты мен аңыз әңгімесі де әлі күнге дейін айтылады. Өкініштісі, бүгінгі күнге «Ел айрылған», «Асан қайғы», «Желмаяның жүрісі», «Зар» сияқты санаулы күйлері ғана жеткен.
«Ел айрылған» күйінің құрылысы қарапайым болғанмен, лекіте қағып отыратын сарынында терең күйзеліс сезіледі. Тіптен, не боларын күні бұрын болжай алатын дананың шарасыздығы сияқты торығуы да жоқ емес. Мұны бастан аяқ жалықпай сұңқылдап, талмай қайталайтын сырлы саздан аңғарасыз.
«Ел айрылған» күйін Ғұбайдолла Мұхитовтың (Орал) тартуында алғаш рет А.В. Затаевич нотаға түсірген. Сондай ақ, толық, көркем нұсқасын 1964 жылы Мұқас Құсайыновтың (Орал) тартуында Т. Мерғалиев нотаға түсірді.
Зар заман ақындарының ірі өкілдерінің бірі Мұрат Мөңкеұлы былай дейді:
Еділдің бойы – қанды қиян,
Жайықтың бойы – майлы қиян,
Маңғыстау бойы – шаңды қиян,
Адыра қалғыр, Үш қиян!
Үш қиянның ара бойынан
Жеті жұрт кетіп жол салған.
Жеті жұрттың кеткен жер,
Қайырсыз болған неткен жер?
Тұлпар мініп ту алған,
Дұшпанын көріп қуанған,
Алмасын қанға суарған,
Аруақты ерлердің
Абыройын төккен жер,
Керегесін кескен жер,
Кесіп бұршақ еткен жер,
Ердің соңы – Исатай
Бармағын тістеп өткен жер.”
Айтатыны жоқ, нағыз шерлі жүректен суырылған семсер сөздер. Ол – ақынның ішкі алапат қарсылығы, қолында ойнатқан алдаспаны. Бірақ қанша қаһарланса да ақын қауқарсыз, өйткені, аяқ-қолы маталған. Яғни:
Еділді тартып алғаны –
Етекке қолды салғаны.
Жайықты тартып алғаны –
Жағаға қолды салғаны.
Ойылды тартып алғаны –
Ойындағысы болғаны.
Маңғыстаудың үш түбек
Оны дағы алғаны.
Үргеніш пен Бұхарға
Арбасын сүйреп барғаны,
Қоныстың бар ма қалғаны?!
Мал мен басты есептеп,
Баланың санын алғаны –
Аңғарсаңыз, жігіттер
Замананы тағы да,
Бір қырсықтың шалғаны!
Бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай, Қазтуған жырау да:
Еділді алса – елді алар,
Енді алмаған не қалар?
Жайықты алса – жанды алар,
Жанды алған соң не қалар?
Ойылды алса – ойды алар,
Ойлашы, сонда не қалар? –
дейді. Еділ мен Жайық, соған ілесе Ойыл – “адыра қалғыр үш қияны” ата кіндігіндей қатар жырланады. Неге? Кездейсоқтық немесе ақындардың сөз ойнатуынан туған жанама тіркестер ме? Енді, Асан абызға да құлақ түрелік.
Ойыл деген ойыңды,
Отын тапсаң тойынды.
Ойыл көздің жасы еді.
Ойылда кеңес қылмадың,
Ойылдан елді көшірдің, –
дейді халықшыл қайғыгер. Көшпенділер ойшылы “Ойыл” деген сөзді жоғарыда кел¬тір¬¬ілген бес жолдың төртеуінде қайталап отыр. Сонда оның айтпағы не? Толғаулы атауға жетелеген қандай күш, қандай сиқыр? Қайткенмен де осы бес ауыз сөзде бесбатпан жүк жатыр. Ал дуалы ауыздан шыққан әр сөздің терең астары болары хақ. Ендеше желмаясымен Жиделі Байсынды іздеп, шарқ ұрған Асан Қайғының назарына Ойылдың да ілігуі тегін емес. “Ойыл деген ойыңды, отын тапсаң тойынды...”. Демек, Ойыл оймауытпен ағып жатқан өзен, айналасы от, өрісін таңдай білсең, малыңа да құтты жер болғаны ғой. Ел аузында ежелден келе жатқан аңыздардың бірі де осыған меңзейді. Асан Ата баласы Абатты жерұйық іздеуге жұмсайды. Ол сондай баларқалы (шөбі мол, шүйгін) жерге осы өңірге келгенде кезігеді де, әкесіне қуанышты хабарды жеткізуге асығады. Бірақ жол үстінде желмаядан құлап қаза болады. Қобда жеріндегі атақты Абат-Байтақ кесенесі сонда тұрғызылады. Еділ мен Жайыққа етектен емшектесе ұмтылған, “балығы тайдай тулап, бақасы қойдай шулаған” Ойыл, Қиыл, Жем, Сағыз, Ұлы Қобда, Кіші Қобданың жасыл жағалаулары көкірегі көлкілдеген абызды толғата сөйлетіп жібергендей.
Ал енді “Ойыл көздің жасы еді” деген тіркесте не сыр бар? “Ойылдың суы көздің жасы сияқты мөлдір” дегені ме? Мұғалжар сілемдерінен, таудың мөлдір қайнарынан қайнап шығып, негізінен құмдауытты жерлерді қуалай, қазір атақты Нарын құмына барып жоғалатын, академиялық басылым¬дар¬да айтылғандай сегіз жүз шақырымға созылып Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарын бойлай өтетін Ойыл¬дың суы, мамандардың айтуынша, шынында өте сирек кездесетін мөлдір су. Ойыл көз суырар енділігімен, суының арнасына сыймай, жағасын ұрар молдығымен емес, ең алдымен тып-тыныш ағып, түбіне дейін жарқырап көрінетін ерекше мөлдірлігімен тамсантып келеді.
Бірақ, Асан Ата сұлулыққа ғана тамсанатындардан бөлек, әр құбылыстың адамзаттық мағынасына тереңдей мән беретін ерекше тұлға. Асанның қайғысы көкке ұшып кеткен ғашығын аңсаудан туған қайғыдан, яғни “пенделік қайғыдан” мүлдем бөлек қайғы. Ендеше, “Ойыл көздің жасы еді” дегенді абыз ата өзінің сырттай сүйсінуі емес, көз алдында өтіп жатқан өмірлік болмыс астан-кестең еткен жан-дүниесінің ішкі күйзелісімен айтып отыр. Өйткені, ол өзінің ұзақ ғұмырында көпті көрді, көбінен кейінгі ұрпақ ұлағат етер ой түйді. Ал мұндай ой түю үшін оған бастау болатын, толқытып, сыртқа жарып шығаратын тосын күш, тосын оқиға болуы керек. Қырым хандығының астанасы Бақшасарай қаласындағы “Көз жасы” деген әйгілі атаумен белгілі фонтанға Александр Пушкиннің поэма арнауын ақынның оның сыртқы сұлулығына жалаң тамсануы емес, Алтын Орда кезіндегі ұлы шайқастарда талай рет алдаспанын суырған батырлармен ақындық бәсекеге түсуі, оны көз жасындай мөлдір тамшылармен астарластыра білдіруі немесе еуропалықтар мен азиялықтардың алапат айқасы астында түте-түтесі шыққан Қырым түбегінің ішкі ышқынысына ақындық үн қосуы деп қана бағалау қажет. Асан Қайғыны да, Пушкинді де пенделік төмендіктен мұңшыл да ойшыл биікке көтеріп әкеткен құдыретті күшті осылай ғана түсініп, осылай ғана тануға болады. Асан Қайғының “Ойыл көздің жасы еді” деуінде де, міне, осындай тосын күш, тосын оқиғаларға толы ежелгі Ойылдың қат-қабат тарихына етене таныс абыздың абыздық ішкі күйзелісін білдіретін үлкен сыр жатыр.
Атап айтқанда, қазақ тарихындағы ең бір сүбелі кезең – Алтын Орда дәуірі екені белгілі. Әлемдік жаулаушылардың дүниені тітірентіп барып, ақыры өзара жауласып, ыдырай бастаған, осындай қилы заманда бірлесіп, ақылдасып іс қылудың маңызы айқындала түскен, соның қамында Қазақ хандығы “жөргегінде” бұлқына бастаған дәуір. Осындай заманауи қайшылықтар кезеңінде өмір сүрген және сол қайшылықтар соқтығысында, қазіргі тілмен айтқанда, қол бастап, ту көтерген қайраткерлерге рухани демеуші болған Сыпыра жырау, Қазтуған, Шалгиіз, Жиембет жыраулар сияқты Асан Қайғының ойшыл да семсер сөздерінің үдере тууының сыры осында, яғни аздың емес, бүкіл елдің абызына айналуында болса керек.
Оқиғаны да, ойды да алыстан қамтып, тереңнен толғайтын, ұзақ жасап, көпті көрген, ер мен ердің, ел мен елдің арасында дәнекерші бола білген Асан Қайғының “Ойыл көздің жасы еді” деуінде осындай сыр жатыр. Сондықтан әзірге зерттеушілердің объектісіне іліне қоймаған, қазақ тілінде тұңғыш рет 1966 жылы “Әділет хабаршысы” журналының екінші-бесінші нөмірлерінде жарияланған, заманында тек хат танитын адамдарға арналып, орта түркі жазба әдеби тілінде көне ұйғыр жазуымен жазылған, оны сол көне ұйғыр жазуынан бүгінгі әліппеге республикада осы жазуды білетін санаулы, тіпті бірден-бір деп те айтуға болатын шығар, Ұлттық Ғылым академиясы¬ның көне ұйғыр тілі бөлімін ұзақ жыл басқарған ғалым, филология ғылымдарының докторы А.Ибатов түсірген, Алтын Орда дәуірінен қазіргі күнге жеткен бар-жоғы оншақты хан жарлықтарының ішінде Асан есімінің кездесуі заңды да сияқты.
Тоқтамыстың поляк князі Иегейлаға жолдаған бірінші Жарлығы хиджраның 795 жылы (жаңаша 1393 жылы) раджап айының сегізінде түркі тілінде (орыс әдебиеттерінде “татар тілі” деп аталады) түгелдей ұйғыр әрпімен жазылды. Сол кезеңнің ахуалы түсініктілеу болу үшін Жарлықтың мәтінін толық келтіріп отырмыз.
Тоқтамыстың бірінші Жарлығы
(
| | скачать работу |
|