Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Сөз аудармасы



 Другие рефераты
Реалиялардың аудармасы Неологизмдердің аудармасы Үстеулік мағынаға ие етістіктер Қабылдау, сезіну және ойлау іс — әрекетін білдіретін кейбір етістіктер

Ағылшын тілінен аударма барысында өз ана тілімізден ағылшын тіліндегі сөзге мағынасы жағынан жақын болатын сөзді тауып алуымыз керек. Аударма теориясында мұндай сөз лексикалық немесе сөздік сәйкестік деп аталады. Лексикалық немесе сөздік сәйкестікті дұрыс қолдану үшін сөздер арасындағы мағыналық байланыстардың келесі түрлерін айыра білуіміз керек:

  1. Ағылшын және орыс тілдеріндегі сөз мағынасы бір біріне толықтай сәйкес келеді. Контекстен тыс, ағылшын тіліндегі сөз мағынасы бірдей баламамен (эквивалентпен ) беріледі. Ондай сөздерге жалқы есімдер, сын есімдер, жер – су аттары, күн, апта, ай атаулары, ғылыми және техникалық терминдер ижатады. Мысалы: Canada, twelve, Tuesday, inflation, т.б. Егерде ағылшын тіліндегі сөз ана тіліміздегі бірнеше сөздерге сәйкес келсеб онда біз нұсқалық (варианттық) сәйкестікпен кезігеміз. Бұл сөздер арасындағы мағыналық қатынастардың ең көп тараған түрі. Керекті нұсқаны таңдау өте қиын, сондықтан аудармашы контекст рөлін, яғни берілген сөздің қандай аймақта кездесіп тұрғанын ескеруі керек. Мысалы, ағылшын тіліндегі variability сөзіне орыс тіліндегі изменчивость (өзгеріс), вариативность (түрлілік), неустойчивость (тұрақсыздық). Мысалы:

Variability of temper – көңіл ө күйдің өзгеруі

Data variability – мәлімет түрлілігі

Variability of prices – баға тұрақсыздығы

Ағылшын – орыс сөздіктерінде сөздердің бірнеше мағыналары бар, тіпті     дұрыс таңдалған мағынаның өзі де аударма барысында мағынаны беруде қиындықтар туғызады. Мысалы:  I am happy to be involved in this project cөйлеміндегі involve сөзінің 7 мағынасынан ішінде тек ғана вовлекать (қызықтыру, тарту) сөзі сәйкес келеді. Егер оны мен мына жобаға тартылғаныма қуаныштымын деп аударсақ қате болар еді. Сондықтан да мағынаны толық беру үшін оны былай аударған жөн болар: Мен бұл жобаға қатысқаныма қуаныштымын . Ағылшын тіліндегі сөздердің көбісі көпмағыналы және де мұндай сөздерге орыс тілінде бірнеше мағыналарға сәйкес келуі мүмкін , бірақ мағыналар бір-бірінен ерекшеленеді . Көпмағыналы сөздерді аудару үшін ең алдымен керекті мағынаны табу керек содан кейін сол мағына барысында берілген контексте сәйкес нұсқалық сәйкестікті іздеу керек. Сөздіктерде rate сөзінің 14 мағынасы бар. Әр мағынасында бірнеше нұсқалық сәйкестіктер бар , ал олардың өздері де нақты нұсқаларға бөлінеді. Мысалы: қойылым, тариф, баға, бағам. Арнайы мәтіндерді аудару үшін арнайы сөздіктерді қолдану керек. Кері аудармада орыс тіліндегі сөздердің ағылшын тілінде бірнеше сәйкестіктері бар. Мысалы:

Open – (кітапты, терезені)

Discover – (жаңа жерлерді)

Reveal -   ( құпияны)

 

Практикалық тапсырма

Берілген сөйлемдерді сөздік және лексикалық сәйкестіктерді қолдана    отырып, қазақ тіліне аударыңыз:

  1. The company’s directing agency is located inDetroit.
  2. This can hardly be treated as a free article. You’ll have to include the funds for the customs clearing.
  3. Competitive capacity of enterprises is number one issue.
  4. The rent and utilities coverage in the country is gradually growing and will reach as much as 80% by this July.
  5. Price gap has become the main reason for many domestic goods being brought out of the country.
  6. They have been speculating on margin for a couple of years now.
  7. The new chief executive officer was appointed in May.
  8. The immediate task is to temper the impact of inflation.
скачать работу


 Другие рефераты
Разговорный стиль языка
Бәсентиін Малайсары батыр
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті дамыту
Академия наук СССР 1925-1936 гг.


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ