Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Асимметриялық ақпарат нарықтары

долл.= 0,5 долл. құрайды. Екінші лақтыру кезінде ол (0,5*0,5)*2 долл.= 0,5 долл. құрайды. Жалпы күтілетін мән ойынның әрбір кезеңіндегі күтімдер сомасын білдіреді және ол сәйкесінше мынадай мәнді құрайды: 0,5долл. + 0,5 долл. + 0,5 долл. + ... Бұл шексіз қатарлардың сомасы шексіз үлкен мәнге ие.

         Сонымен, парадокстың мәні – мұндай ойындағы күтілетін ақшалай ұтыс шексіз, бірақ адамдардың көбі ойынға қатысуға бейім емес. Неге мұндай жағдай орын алады? Санкт – Петербург парадоксын түсіндіру үшін Д. Бернулли мынаны болжаған: бұл жағдайда индивидтер күтілетін ақшалай ұтысты емес, моральдік күтімді максималдауға тырысады. Яғни, моральдік күтім – бұл ұтыстың күтілетін пайдалылығы деп аталады. Бұл мәселені адамдардың тәуекелге қатынасы арқылы байланыстырып қарастырайық.

         Д. Бернуллидің идеялары күтілетін пайдалылық теориясының негізін қалаушы американдық экономистер Джон Фон Нейман мен Оскар Моргенштерннің еңбектерінде дамыды. Олардың айтуынша, жеткіліксіз ақпарат жағдайында индивидтің ұтымды таңдауы болып максималды күтілетін пайдалылықпен байланысты таңдау болып табылады.

         Әрбір нәтиженің күтілетін пайдалылығы келесі формуламен есептеледі:

                                                      Е(U) = ΣU1π1                                               (2)

мұндағы U1 – і нәтижесінің пайдалылығы, π1 – і нәтижесінің ықтималдылығы, n – нәтижелер саны. Содан соң индивид нәтижелердің күтілетін пайдалылықтарын салыстырады және күтілетін пайдалылықты максималдауға тырыса отырып шешім қабылдайды. Оның тәуекелге деген қатынасы қандай? Адамдардың тәуекелге деген қатынасы әртүрлі. Оларды үш топқа бөлуге болады:

  1. Тәуекелге бейтарап қарайтын адамдар.
  2. Тәуекелді жақтаушылар, яғни тәуекелге бейім адамдар.
  3. Тәуекелді жақтамаушылар, яғни тәуекелге бейім емес адамдар.

         Біреуі көп ақша табу мақсатында тәуекелге баруы мүмкін, ал енді біреулері тәуекелмен байланысты әрекеттерге мүлдем бармайды. Экономикалық агенттердің таңдауларын түсіндіру үшін күтілетін пайдалылық концепциясын талдауымызға еңгізуіміз керек.

         Тәжірибе көрсетіп отырғандай, көптеген адамдар тәуекелмен байланысты іс-әрекеттерге бейім емес. Мұндай тәртіп әдетте, адам психикасының ерекшелігімен, таза экономикалық себеппен, яғни шекті пайдалылықтың төмендеу заңының әрекетімен түсіндіріледі. Айталық, сізде 100 долл. бар. Сіз ойын ойнап 50 долларыңызды тіксеңіз және ұтсаңыз 100 долл. аласыз, ойынға тіккен ақшаңыз екі есе ұлғаяды, онда сізде 150 долл. болады: 50 долл. сіздің тікпеген ақшаңыз плюс 50 * 2 – сіздің ұтысыңыз. Сонымен, сіз өзіңіздің бастапқы байлығыңызды 50 долларға өсіресіз. Ал егер ұтылсаңыз сізде 50 долл. ғана қалады, яғни сіз өзіңіздің бастапқы байлығыңызды 50 долларға азайтасыз. Ақшалай ұтыстың математикалық күтімі мынадай:

(0,5 * -50) + (0,5 * 50) = 0.

 

         Бірақ графиктен көріп отырғанымыздай (сур. 13.1.), шекті пайдалылық төмендейді, сондықтанда пайдалылықтың шартты бірліктерінде (ютиль) күтілетін пайдалылық теріс мәнге ие болады:

(0,5 * -2) + (0,5 * 1) = -1.

         Басқаша айтқанда, ұтылған жағдайдағы сіздің шығындарыңыз пайдалылықтың шартты бірліктерімен есептегенде ұтқан жағдайдағы ақшаңыздан жоғары болады. Осыған орай, пайдалылық категориясында жағдай басқаша орын алады, яғни сіз тәуекелге бармайсыз. Ақшалай ұтыстың математикалық күтімі мен оның күтілетін пайдалылығы арасындағы айырмашылықтың бар екендігі туралы міне осы жерде айтқан жөн. Қарапайым сөзбен айтқанда, әрине сіз ақша ұтсаңыз бұл қуаныш, бірақ өзіңіздің үйреншікті ақшаңыздан ұтылып қалудың сезімталдылық дәрежесі сіз үшін өте жоғары болып табылады. Бұл феномен иемдену эффектісі деп аталады. Оның мәні мынада: адамдар өз қолындағы қаржысын ұтып алған ақшадан гөрі жоғары бағалайды.

         Санкт – Петербургтік парадокске қайтып оралсақ, мынаны айтуға болады, яғни индивидтер монета лақтыру ойынынан бас тарта отырып, математикалық күтімнің шексіз үлкен мәніне қарамастан, ең алдымен Д. Бернулли гипотезасына сәйкес, ұтыстың күтілетін пайдалылығын басшылыққа алады. Ал табыс өскен сайын оның шекті пайдалылығы төмендей береді. Ақшалай ұтыстың шекті пайдалылығының төмендеуі кезінде ұтылған жағдайдағы тәуекелді өтеу үшін үлкен төлемдер талап ете бастайды.

         Әрине, бәрібір тәуекелге бел буатын адамдар да болады. Кәсіпкерліктің өзі де әрқашанда тәуекелге байланысты. Тәуекелге бейім адамдар үшін жалпы пайдалылық қисығы ойыңқы болып келеді, және ұтыс жағдайындағы қаржы ұтылыс жағдайындағы ақшадан пайдалылықтың шартты бірліктері бойынша асып түседі (сурет 13.2).

 

       Пайдалылықтың

           шартты

            бірліктері                                                                                   Жалпы пайдалылық қисығы

0                             50                              100                             150   Байлық, долл.

                       Сурет 13.2. Жалпы пайдалылық қисығы: тәуекелге бейімділік

 

         Жоғарыда көрсетілгендей, ақшалай сипаттағы математикалық күтім келесідей болады:

(0,5 * -50) + (0,5 * 50) = 0.

         Бірақ бұл жағдайда шекті пайдалылық өседі, сондықтан күтілетін пайдалылықтың мәні шартты бірліктер бойынша оң мән болып табылады:

(0,5 * -1) + (0,5 * 5) = 2.

         Бұл оң мән, тәуекелге бейім адамдар үшін, ұтыс қуанышының ұтылыстан жоғары болатындығын айтады.

         Және, ақырғысы, тәуекелге бейтараптылық жағдайында жалпы пайдалылық қисығы тік сызық түрінде болады (сурет 13.3). Ақшалай сипаттағы математикалық күтім бұл жерде өзгермейді:

(0,5 * -50) + (0,5 * 50) = 0.

Бірақ шекті пайдалылық та өзрегмейді, сондықтанда пайдалылықтың шартты бірліктерінде күтілетін пайдалылықтың мәні нөлге тең болады:

(0,5 * 2) + (0,5 * 2) = 0.

 

                                 0                             50                              100                             150   Байлық, долл.

                       Сурет 13.3. Жалпы пайдалылық қисығы: тәуекелге деген бейтараптылық

 

         Сонымен, біз тәуекелге немқұрайдылық танытатын адамдар үшін ұтыстан алатын жағымды эмоциялар мен ұтылыстан алатын жағымсыз эмоциялардың тең болатындығын байқаймыз.

         Күтілетін пайдалылық теориясының тұрғысынан таңдаудың осы қарастырылған үш түрі ұтымды болып табылады. Бірақ артынан бұл теорияға бағынбайтын көптеген жағдайлар айқындалды. Оларды қарастырып көрейік.

         Есептеу эффектісідеген ұғым бар. Оны түсіндіру үшін мынадай мысал келтірейік. Белгілі бір

1234
скачать работу

Асимметриялық ақпарат нарықтары

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ