Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Асимметриялық ақпарат нарықтары

адам 50 долларға көйлек сатып алғысы келеді, бірақ оның алдында таңдау бар, не үйінің жанындағы дүкеннен 50 долларға сатып алу, не бір сағат уақыт жоғалтып әлгі көйлекті басқа дүкеннен 40 долларға сатып алу. Әрине, ақшаға қолын бір сілтеп үйінің жанындағы дүкеннен сатып ала салады, бірақ ақшаны үнемдеу мақсатында 40 доллар тұратын көйлекті алыстағы дүкеннен сатып алуға деген ынта бәрібір болады. Егерде әлгі адамның алдында мынадай таңдау болса, яғни үй жанындағы дүкеннен 690 долларға былғары күрте сатып алу немесе шалғайдағы дүкеннен сол күртені 680 долларға сатып алу - әрине бұл жерде алыс жердегі дүкенге былғары күрте сатып алуға ешкім де бара қоймас немесе ынта болмайды. Екі жағдайда да 10 долл. үнемдеуге болады, бірақ есептеу нүктесі үнемдеу пайызымен түсіндіріледі, яғни үнемделген ақшаның тауар бағасына қатынасы арқылы түсіндіріледі.

         Адамдар объективтік және субъективтік ықтималдылықтардың байланысы нәтижесінде күтілетін пайдалылық концепциясына қарсы әрекеттерге де баруы мүмкін. Адамдар ықтималдылықты сандық жағынан да сапалық жағынан бағалайды.

         М. Фридмен және Л. Сэвидж «Анализ полезности при выборе альтернатив, предпологающих риск» атты мақаласында әртүрлі тұлғалардың табыс деңгейлерін тәуекелге деген бейімділікпен немесе бейімсіздікпен байланыстырады және олар пайдалылықтың мынадай қисығын құрастырды (сурет 13.4):

 

         Пайдалылық

                       

                                                                                       С

тәуекелге деген қатынастың өзгеруі

  • А учаскесі – табысы төмен тұлғалар тобы.
  • В учаскесі – аралық топ.
  • С учаскесі – табысы жоғары тұлғалар тобы.

         А және С тобына жататын адамдар тәуекелге әдеттегідей бара қоймайды. В тобындағы тұлғалар тәуекелге бейім, өйткені олар А тобынан жақында ғана шыққан, байлықты әлі сезініп үлгермегендер, бірақ оларға С тобына ауысуға мүмкіндік бар. В тобындағы адамдардың саны көп болмайды, олар туәекелге көп баратындықтан тез арада А тобына немесе С тобына ауысып кетуі мүмкін. Бұл жағдайда тәуекелге қарсы шешім қабылдаудың ұтымдылығы нақты табысқа немесе әл-ауқатқа байланысты болып табылады.

         Күтілетін пайдалылық концепциясына қарсы келетін басқа да деректер бар. Бірақ бұл концепцич жеткіліксіз ақпарат жағдайында ұтымды таңдауды бағалауда негізгі концепция болып қала береді.

         Сонымен, адамдардың көпшілігі тәуекелді максималды түрде төмендетуге тырысады.

         Тәуекелді төмендетудің бірнеше әдістері немесе сақтандырудың бірнеше жолдары бар. Сақтандыру деп біз тәуекел жауапкершілігін үшінші тұлғаға аудару жолымен тәуекелдің дәрежесін төмендетумен байланысты ықтимал жоғалтулардан қорғау әдістерін түсінеміз.

         Тәуекелді біріктіру – тәуекелді бірнеше тұлғаның арасына бөлу арқылы оны төмендету әдісі, яғни ұтылыс болғанда әрбір адамның үлесіне келетін жоғалтулардың дәрежесі соншалықты жоғары болмайды.

         Тәуекелді бөлу – үлкен жоғалтулар бола қалған жағдайда қолданылатын сақтандырудың әдісі, бұл жағдайда компания сақтандырудың барлық міндеттерін өз мойнына ала алмайды. Мысалы, кәсіпорын өз қызметін өрттен сақтандырады, бірақ кәсіпорын көлемі аз болғандықтан мұндай үлкен шығынның көлемі жоғары болуы мүмкін. Бұл кезде тәуекел сақтандыру компаниялары арасында бөлінеді.

         Диверсификация – экономикалық субъектілердің өз қаржыларын жоғалтулардан қорғау мақсатында әртүрлі салаларда қолдану әдісі. Мысалы, әртүрлі акционерлік компаниялардың акцияларын сатып алуға болады, акциялардың бір бөлігінің құны жоғала қалса оның құнын басқа компанияның акция бағамының өсуі есебінен өтеп алуға болады.

         Сақтандырудың жалпы қағидасы өзінің анықтамасынан шығады: болашақта ықтимал үлкен жоғалтудан сақтану үшін ағымдағы тұтынудың белгілі бір бөлігін құрбан қылу.

         Сондай-ақ, сақтандырылмайтын тәуекелдермен байланысты әрекеттердің бар екенін айтып өткен жөн. Мысалы, ядерлік соғыстан немесе жалпы экологиялық апаттан ешкім де сізді сақтай алмайды. Тәуекелдің мұндай түрлерін сақтандыру компаниялары өз мойындарына ала алмайды. Бұл жағымсыз, бірақ сақтандырылмайтын тәуекелдердің құтылмайтын түрлері болып табылады. Бірақта, сақтандырылмайтын тәуекелдердің басқа да түрлері бар. Кәсіпкерліктің өзі де тәуекелден тұрады және оны  сақтандыруға болмайды. Бірақ кәсіпкер негізгі тәуекелдік идеясын жүзеге асыра отырып өз қызметінің жекелеген аспектілерін сақтандыра алады. Мысалы, ағаш кесу материалдарын дайындау бойынша жаңа кәсіпорынды құруда тәуекелге бара отырып, кәсіпкер өз қоймаларын өрттен, ал жұмысшыларын әртүрлі жарақаттардан сақтандыруға тырысады. Бірақ осындай салада кәсіпорынды қалыптастыру идеясы және оны жүзеге асыру – бұл тәуекелмен байланысты іс-әрекет болып қала береді.

         Ақпараттың асимметриялылығын төмендету механизмдері.

         Асимметриялық ақпараттар тауарлар мен қызметтер нарығында ғана емес, сондай-ақ еңбек нарығында да, сақтандыру қызметінің нарығында да, инвестициялық ресурстар нарығында да және басқа да нарықтарда орын алады. Ақпараттың асимметриялылығын төмендетудің аса көп тараған әдістерінің бірі болып нарықтық сигналдар табылады. Нарықтық сигналдар дегеніміз сатушының сатып алушының мекен-жайына экономикалық игілік туралы беретін ақпараттары. Нарықтық сигналдар концепциясының авторы 2001 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты, американдық экономист Майкс Спенс болып табылады.

          М. Спенс еңбек нарығында білімді сигнал ретінде қарастырған. Шындығында, жұмыс беруші сатып алатын тауардың сапасы туралы, яғни жұмыс күшінің қызметтері туралы мәліметтерді қалай біле алады? Ал сапалы жұмыскерді сапасы төмен жұмыскерден қалай ажыратуға болады? Мұны адамды жұмысқа қабылдау алдында әңгімелесу барысында оның сыртқы пішініне қарап ажырату қиын. Қымбат костюм, сапалы макияж  және басқа да белгілер жұмысқа орналасуға келген адамның еңбек қабілеттілігі туралы айтпайды, мұның бәрі алдамшы нәрсе болуы мүмкін. М. Спенстің моделінде тиімді нарықтық сигнал – білім болып табылады. Ол адамның қабілеттіліктері туралы тиімді ақпарат береді, яғни қабілеті бар адамдар университет, колледж бітірген  білімді адамдар болып табылады. Сәйкесінше, фирмалар жұмыскерлерді жұмысқа қабылдау кезінде білім сияқты нарықтық сигналдың көмегімен еңбек нарығында туындайтын асимметриялық ақпараттың деңгейін төмендетуге мүмкіндік алады.

         Нарықтық сигналдардың әртүрлілігі ретінде кепілдемелер мен міндеттемелерді де қарастыруға болады. Сапасы жоғары тауарларды қамтамасыз ететін фирмалар ғана ұзақ мерзімге кепілдемелер бере алады және осындай міндеттерді нақты орындаудың өзі кездейсоқ жағдай емес. Ал сапасы төмен тауарларды өндіретін фирмалар, керісінше, ұзақ мерзімдік кепілдемелер беруге мүдделі емес. 90-шы жылдардың басындағы нарықтық реформалар кезінде көптеген сауда базарларында, дүңгіршектерде, жекелеген дүкендерде Қытайдан және Түркиядан әкелінген тауарларға: «Сатылған тауар қайтып алынбайды және айырбасталмайды» деген жазулардың болғанын айтуға болады. Сол уақытта сыртқы киімдер, тұрмыстық заттар қайтып алынбайтын. Тек соңғы жылдары ғана үкіметтік органдар сапасыз және сертификатталмаған тауарларды сатуға тиым салуға және күресуге нықтап кірісе бастады. Бірақ қазірдің өзінде дамыған нарық заманында сауда нүктелерінде әлгі жазулардың ілініп тұруы әлі де байқалады. Сонымен, кепілдемелер тауардың жоғары сапасы туралы дұрыс сигнал ретінде бағаланады және сәйкесінше, тұтынушылар кепілдемелері бар тауарларға аса жоғары баға төлеуге дайын болып келеді.

         Сонымен, соңғысы, асимметриялық ақпаратты төмендету әдістерінің бірі ретінде мемлекеттің араласуын (міндетті сертификациялау – мемлекет шараларының бірі болып табылады) жатқызуға болады. Мемлекет те тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау жолымен, жалған жарнамалардың таратылуына жол бермей тұтынушыларға қажетті мәліметтер беру арқылы ақпараттардың асимметриялылығын төмендете алады. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында заңдылықтардың үлкен мәні бар. Сапасыз тауарларды сатуға қарсы, фирмалардың қызметтері туралы жалған ақпараттар таратуға және т.б. шараларға қарсы қатаң санкциялар қолданылады. Мемлекет тұтынушыларға тауардың сапасы туралы, инвестициялау мен сақтандыру саласында тәуекелдің дәрежелері туралы ақпараттарды және басқа да мәліметтерді қамтамасыз ете отырып, осыған орай барлық экономикалық субъектіле

1234
скачать работу

Асимметриялық ақпарат нарықтары

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ