Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Асимметриялық ақпарат нарықтары

р үшін тегін қолданатын қоғамдық игіліктерді (ақпараттарды) қалыптастырады.

         Сонымен, нарықтық механизмнің тиімді жұмыс істеуін бұзатын жетілмеген бәсеке жағдайындағы асимметриялық ақпарат болып табылады. Асимметриялылық деп біз ақпараттардың нарықтық субъектілер арасында дұрыс бөлінбеуін және бұл мәселенің нарықтардың монополизациялануынан туындайтындығын түсінеміз. Ақпарат асимметриясы трансакциондық шығындардың жоғарылауына, сонымен қатар белгілі бір тауарлардың шектен тыс өндірілуіне, ал енді бір тауарлардың кем өндірілуіне алып келеді. Егер тұтынушы тауар және оның сапасы туралы ақпараттың аз ғана бөлігін білсе, онда біріншіден, сапасыз тауарлар сапалы тауарларды нарықтан ығыстырады («лимондар» нарығын еске түсіріңіз), және, екіншіден, интерналийлерді туындатады. Тағы бір еске сала кетейік, интерналий термині келісім жасаушы тараптардың келісім-шартта көрсетілмеген табыстары немесе шығындары деген мағынаны білдіреді. Мысалы, толық ақпаратқа ие монополист - өндіруші (өндіруші өзінің тауары туралы толық ақпаратқа ие, ал тұтынушылар оның белгілі бір бөлігіне ғана ие) сапалы тауар өндіре отырып өндіріс шығындарын төмендете алады және экологиялық жағынан қауіпсіз тауарды өндіруді кеңейте алады.

         Қорытынды.

  1. Нарық ақпараттың жеткіліксіздігімен сипатталады, ол нарық белгісіздікті туындатады.
  2. Нарықтық белгісіздік – бұл алдағы болатын мүмкін өзгерістерді болжаудың және бағалаудың қиын екендігін сипаттайтын жағдайлар, бұл тиімді шешім қабылдауды шектейді.
  3. Нарықтық белгісіздіктің орын алуы тәуекелді туындатады, оны экономикалық шешім қабылдауға жауапты тұлғалар өз мойнына алады.
  4.  Тәуекел – бұл белгісіздік жағдайында шешім қабылдау нәтижесінде орын алатын мүмкін зиянның пайда болу қаупі.
  5. Тәуекелдің дәрежесін бағалау мүмкін нәтижелердің математикалық күтімін анықтау және күтілетін пайдалылықтың мәнін анықтау негізінде жүзеге асырылады.
  6. Тәуекел жағдайында шешім қабылдау кезінде тәуекелге деген субъективтік қатынастың маңызы зор. Тәуекелге байланысты субъектілердің үш категориясын бөліп көрсетуге болады: 1) тәуекелге бара алмайтындар, олар әрқашанда күтілетін пайдалылықтың бірдей мәнінде кепілдендірілген нәтижені қалайды; 2) тәуекелге немқұрайды қарайтындар, олар алдағы болатын кез-келген нәтижеге немқұрайдылықпен қарайды; 3) тәуекелге бейім адамдар, олар әрқашанда күтілетін пайдалылықтың бірдей мәнінде тәуекелмен байланысты нәтижені қалайды.
  7. Тәуекелді диверсификацияның көмегімен төмендетуге болады, яғни тәуекелді көптеген тұлғалардың арасында ортақтастыру, және сақтандыру жолымен тәуекелді белгілі бір төлемдер төлеу арқылы үшінші тұлғаларға аудару.
  8. Нарық айырбас операцияларына қатысушы тұлғалардың арасында ақпараттың дұрыс бөлінбеуімен сипатталады, оны біз ақпарат асимметриясы деп атаймыз.
  9. Асимметриялы ақпараттың орын алуы нарық тиімсіздігінің факторы болып табылады, ол жауапсыздық тәуекелі және жағымсыз таңдау формасында болып келеді.
  10.  Жауапсыздық тәуекелі – нарықтағы субъектілердің әділетсіз тәртіптері, асимметриялы ақпарат есебінен пайда көру мақсатында әділетсіз немесе орынсыз әрекеттерге баруға тырысу.
  11.  Теріс селекция (жағымсыз таңдау) – сапасы төмен тауарлардың сапалы тауарларды нарықтан ығыстыруымен байланысты болатын нарықтың әрекет ету әдісі.
  12.  Нарықтық ақпараттар тарату нарықтың әрекет ету тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді, ал ақпараттың асимметриялылығын төмендету ерекше шараларды және нарықтық сигналдарды қолдану жолымен жүзеге асырылады.

 

  Негізгі  әдебиеттер

  1. Курс экономической теории: учебник – 5-е исправленное, дополненное и переработанное издание/ Под общ. ред. Чепурина М.Н. и Киселевой Е.А. – Киров: «АСА», 2006 г. – 832 с. (Раздел 2: Микроэкономика)
  2. Тарануха Ю.В. Микроэкономика: учебник для студентов вузов, обучающихся по экономическим специальностям. М.: Изд-во «Дело и Сервис», 2006. – 640с.
  3. Нуреев Р. М. Курс микроэкономики: Учебник для вузов – 2-е изд., изм. – М.:Издательство НОРМА, 2002. – 572с.
  4. Пиндайк Р.С., Рубинфельд Д.Л. Микроэкономика. М., 2002 г.
  5. Сборник задач по микроэкономике. К «Курсу микроэкономики» Р.М. Нуреева/ Гл. Ред. Д.э.н., проф. Р.М. Нуреев. – М.: Норма, 2005-432с.
  6. Селищев А.С. Практикум по микроэкономике. – СПб.: Питер, 2006-208с.

 

1234
скачать работу

Асимметриялық ақпарат нарықтары

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ