Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Астанамен бірге солтүстігімізге қазақтың тәуелсіз рухы да келді

shy;тан да қай ханның қандай аста­насы бол­ған­ды­ғы тарихтан белгілі. Де­ген­мен ашығын ай­та­тын болсақ, аталған аста­налардың еш­қай­сысы да сол кездері бүкіл түркі жұртының ба­сын қосып, ұлттық деңгейде түбі бір жұрттың басын біріктірген астана бола алған жоқ. Біз мұны ашық айтуымыз керек. Алайда Ұлы даладағы бір ғана астана қазақ халқына һәм бүкіл түркі жұртына қызмет етті, әлі де етіп келе жатыр, келешек тұғыры да берік. Ол – түр­кі жұртының киелісі Түркістан. «Ер түріктің бесігі болған Түркістан» біздің рухани аста­на­мыз болды. Оның мәні жойыл­ған жоқ. Де­ген­мен біз әлі күнге қазақ халқын біріктірудегі Түр­кістан шаһарының рөлін толық айтып та, жазып та біткен емеспіз. Қазақ­тың ұлттығын сақ­тап қалудағы Түркіс­тан­ның маңызы ерек­ше. «Ат айналып қазығын та­бады» демекші, Алаш жұрты алмағайып за­манда өзінің рухани астанасына қайта-қайта оралып отырды. Түркістанда Ту көтерді, бас біріктірді. Тағдыр­дың тәлкекті тұсында Түр­­кіс­танда тізе бүгіп, Алаш баласы пәтуаласа ал­ды. Қазақтың маң­дайына біткен зиялылары, тек­­ті тұлғалары, асылзадаларының көпші­лігі­нің сүйегі қасиетті Түркістанда жерленуі де со­ған біршама айғақ болса керек. Сондықтан да ұлы даладағы астаналардың ішінде Түр­кіс­тан шаһарының алар орны ерекше демек­ші­мін.

Ал кешегі Кеңес Одағы тұсындағы аста­на­лар тарихы белгілі ғой. Алғашқы астана – Орын­бор, одан кейін Ақмешіт, сосын Алматы. Бірақ бұл үшеуі де астана болып қала беруге географиялық тұрғыдан лайық емес еді. Мәсе­лен, Орынбор қазақ даласының бір шетін­де орналасқан. Кейін Ресейге жұтылып кетті. Қызылорда да, Алматы да шекарадан қашық емес. Жоғарыдағы талаптармен ұш­тас­тырсақ, елдің орталығында тұрған аста­на ғана ұлттық астана бола алатындығын тарих талай дәлелдеген. Өйткені елдің жүрек тұсын­да ор­на­ласқан астанада Тәуелсіздік рухы еш сөн­бейді, еркіндік сезімі берік болып, шаһар­ға сырттан келіп шаңырағын шайқалту мүмкін болмайтын еді. Сондықтан да ылғи да ылдиға орналасқан астаналардың жолы болмай келді. Тек қана Тәуелсіздік жылында қазақ өз ас­танасын таңдап, орда тігуге бекінді. Ал сонау Алаш қайраткерлері тұсында да ұлттық Тәуелсіздікке ұмтылыс болғаны белгілі. Онда да бас шаһарға қатысты мәселелер болды. Сондағы ұлттық қайраткерлеріміздің мұра­ла­рын зерттесеңіз, астананың орталықта болуын олар да қатты құптаған. Тіпті ол кезде астанаға лайықты екі қаланың аты аталатын, оның біреуі Семей болса, екіншісі – Ақмола қаласы. Яғни Алаш зиялыларына Тәуелсіздік бұйырып, астананы таңдау мүмкіндігі туса, осы екі қала­ның бірі астана болатыны сөзсіз еді. Өйткені екеуі де географиялық орталықта тұр әрі бұған дейінгі талаптарға сай келеді. Осы­лар­дың бәрін ойлай келе, астананың Ақ­мо­лаға ауысуын, шын мәнінде, тарихи маңызы аса зор оқиға деп бағалағанымыз жөн. Ра­сын­да да, Астана арқылы қазақ халқы, шын мәнінде, кез келген елмен терезесі теңескенін сезінді. Тәуелсіз ел ретінде тізгінді өзіміз қолға ала отырып, еш қиындыққа қа­рамастан, ас­та­намызды, оның ішінде сырт­та­ғы жат жұрт қызыға қарайтын Астананы сала алаты­ны­мыз­ды әлемге паш етіп, он жылдың жүзінде-ақ дәлелдедік. Астана қазақ халқының, әл­сі­реп қалған, жұтаңданған, сөнуге тақаған ру­хын қайта тірілтіп, өзіне деген ұлттық сенімін қайтарып берді. Президенттің «Ұлттың беде­лін қалпына келтірдік. Қазақ баласы жердің иесі, сайын даладағы ұлы тарихтың мұрагері екенін, осы елдегі жақсыға да, жаманға да жауапкер екендігін енді сезінетін болады. Біз ұлт­тық рухты қастер тұтатын халықтық қал­пы­мызға қайта оралдық» деуі – соның айғағы. Біз қазіргі күні Астанамен мақтанатын дең­гей­ге жеттік қой, әлі талай толқын мұның ма­ңы­зын айтып мақтанып отыратын болады.

– Сіз Астананың байырғы тұрғынысыз. астананы ауыстыратын мәселе көтерілген тұста өңірдегі жағдай қандай еді?

– Бұл Ақмола жұрты үшін ғана емес, бүкіл қазақ үшін маңызды оқиға екенін еске салғым келеді. Әйтсе де 1994 жылы 6 шілдеде Елбасы Жоғарғы Кеңесте мәселе қойғаннан бастап, астаналық талаптарға қазақ зиялыларының өзі кең ауқымда қарай алмады. Сол кездегі баспасөзді ақтаратын болсаңыз, Алматыдан астананы ауыстыруға үлкен қарсылықты кө­ру­ге болады. Оның материалдық-экономи­калық шығынға әкелетіні, әлеуметтік көтерем халге түскен халыққа соққы жасалатыны туралы мәлімдемелер дүркін-дүркін болды. Ақ­мо­ланы астанаға айналдыру үшін қар­жы­лық қана емес, зор рухани, мәдени шаралар ал­ды­мен керек деген сылтаулар айтылды. Бас шаһарды көшіру біраз уақытты қажет ететінін алға тартып, сондықтан оны «ХХ ғасырдың табалдырығында емес, Қазақстан экон­о­ми­ка­сын дамытып алып, содан кейінгі ХХІ ғасырдың ішінде ойлану керек» деген мақа­ла­лар да шық­ты. Тіпті арзанқолдылыққа салып, өз өңі­рі­не тартқылағандар да болды. Біреу Ұлытау деп ұрандады, екіншілері Бура­байға бұра тарт­қысы келді. Осының бәрі сол кезде-ақ «Неге біз ұлттық деңгейде ойлауға дайын емес­піз? Бастан көп қиындық өтті, бодан­дық­тың бұғауы әлі санадан өшкен жоқ. Біреуге отар болудың зардабын жүрекпен де, ақылмен де сездік. Осындай халықтың зиялы қауымы бір жерден ұстауы керек еді ғой. Неге астанаға бола айтысып-тартысып жатырмыз?» деген қынжылыс болды. Ал орталық Қазақ­стан мен елдің теріскейіндегі жағдай да, мұн­дағы зиялы қауымның әңгімесі де ерекше еді. Мен 1971 жылдан Ақмола тұрғынымын. Ор­та­­лық Қазақ­стан­дағы, шығыс пен солтүстік Қазақстандағы қазақ зиялылары Президенттің астананы Ақ­молаға ауыстырудағы түпкі аста­рын, ең ал­ды­мен, сезіндік. Өйткені 90-жыл­дары Қазақ­станның Тәуелсіздігіне, елінің, жерінің тұ­тас­тығына қатысты мәселе өте өткір болып тұр еді. Астыртын шаралардың көп­ші­лігі теріс­кей­д­егі көршілердің Қазақ елін уыс­тан шығармау, ең құрығанда, «тыңы иге­ріл­ген» жерлерді алып қалу туралы солже­ни­цын­дық пікірмен ұш­тасатын қозғалыстар қап­тап кетті. Ресеймен одақта болуды құп­тайтын сондай бір топ «Қа­лалар одағы» деген ұйымды құрды. Ал оның жарғысын сол кездегі Целиноград облыстық кеңесі өз мәжілісінде бекітіп жіберді. «Қалалар одағының» қойып отырған талабы аса қауіпті еді! Біріншіден, олар былай дейді: «Жалпы, Қазақстан – өн­ді­рісті, индустриялық-тех­ни­калық дамуды иге­ретін ел емес. Сондықтан да Қазақ­станның Теміртау, Өскемен, Қарағанды, Павлодар секіл­ді өнеркәсіптік қалалары өзін-өзі басқара алмайды! Оларда жұмыс істеп тұрған зауыт­тардың барлығы жойылмас үшін, Қазақстанды экономикалық жағынан құт­қа­рып қалу үшін тоғыз индустриялық қаланы Екатеринбург қа­ласындағы «Қалалар ода­ғы­ның» құрамына беру керек». Ал ұйымның шарты бойынша, Қазақстан олармен тек келі­сім ғана жасайды. Яғни «Қалалар одағы» ұйы­мы әлгі қалаларды басқарады, бай­ла­ныс­тардың барлығын ұйым шешеді. Мінеки, бұл – қазақтың ұлттық Тәуел­сіздігін көргісі кел­мей­тіндердің жасаған айла-шарғылары ғана. Тәуелсіздігі енді ғана қолына тиген, ұлттық бюджеті қауқарсыз, құлдырауға жақын елді одан сайын құлатып, Тәуелсіздіктен айыру үшін бастағы қиындықты сылтауратып Қазақ­стан­ның өнеркәсіптік қалаларын Ресейге мәж­бүр­леп қосу астары болды. Бірақ Целиноград облыстық кеңесінің мәжілісінде қабылданып кеткен осы қаулы аяғына жете алмай тынды. Мен сол кездегі «Егеменді Қазақстан» газетіне «Қазақтың сыртынан тон пішіп..» деген атпен үлкен ма­қа­ла жаздым, мәселенің бәрін ашық айттым. Ұйымды дер кезінде тоқтатпасақ, зар­дабы қалай болатынын ашық жеткіздім. Кейін ұйым мені сол үшін сотқа берді. Екі жарым ай соттастық. Рухани қыспақтар да болды. Бірақ, ең бастысы, мемлекеттік органдардың наза­рын осыған аудара алдық. Ақыр аяғында Об­лыс­тық кеңестің «Қалалар одағын» тіркегені, олардың жарғысын мақұлдағанының бар­шасы қайта күшін жойды.

«Қалалар одағының» сыртында көптеген қоғамдық ұйым бірінен соң бірі құрылып, олардың біршамасы этникалық ұлтшылдық сипатта болды. Кейбіреулері астананың Ақ­мо­лаға ауысуына қарсы болып, «қазақтар Ақ­мо­ланы астана етіп үлгергенше, біз оларды ав­то­но­миялық аудан етіп, соның астанасы жа­­сай­мыз» деп ұрандады. Облыстағы тұр­ғындар арасында қарсылығын білдіру үшін ре­ферендум өткізуге ұмтылғандары қаншама. Одан кейінгі кезеңде бес облыстың тың игеру­шілері: «Ақмоланы тыңгерлер түлетті, сон­дықтан да оның тағдырын тек қана тың игерушілер шешуі керек» деп қисайды. «Жау жағадан алғанда, бөрі етектен» дегеннің керімен Ақмола іргесіндегі Степногор қала­сы­ның, қазіргі тілмен айтқанда, мәс­ли­хат­шы­лары, яғни қаланың бетке ұстарлары дүрмекке қосыла кетті. Қалалық кеңестің депутаттары Степногордың Кеңес Одағы кезінен бері тікелей Мәскеуге бағынғандығын, сондықтан әлі де Мәскеуге бағынуды қалайтынын алға тартты. «Қазақстанның жарлығы да, үкімі де бізге жүрмейді, Степногор өзін-өзі билейтін қала болады» деп шіренді. Мінеки, мұның бәрі нені білдіреді? Тәуелсіздік қолға тигеннен бастап, орталық Қазақстанда, әсіресе Ақмо­ланың айналасында үлкен саяси шайқастар жүріп жатты. Қазіргі елдің біразы мұны білмеуі де мүмкін. Астананың Ақмолаға ауысуының мәнін толық түсіну үшін біз сол кезде осы өңірде іштей бұлқынып жатқан барлық оқи­ғаны терең танып, сараптап, зерделеуіміз керек еді. Сонда ғана біздің ұлттың зиялылары бұған бірауыздық та

123
скачать работу

Астанамен бірге солтүстігімізге қазақтың тәуелсіз рухы да келді

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ