Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Астанамен бірге солтүстігімізге қазақтың тәуелсіз рухы да келді



 Другие рефераты
Ұлы көш – ұлттың абыройы Мақсат – қоғамды инновациялық тұрғыда жаңарту Еліміздің бас құжаты Алтын орда – Астана!

– Алдан Зейноллаұлы! Сізбен әңгіме Ас­тананың ұлтқа берген тағылымы жайын­­да өрбитіндіктен, ең әуелгі са­уал­­­ды осы төңіректе қойсақ… Астананың мем­­­лекет тарихындағы рөлі қандай деп ой­лай­сыз?

– Жалпы, әлемде «астаналар тәлімі» деп ата­­латын зор философиялық ұғым бар. Бұл – тек түркі дүниесіне ғана емес, Азияға да, Еуропаға да – бүкіл адамзат баласына тән ортақ ұғым ретінде қалыптасқан құ­бы­лыс. Өйткені «Сенің астанаң географиялық жа­ғы­нан қай жерге орналасады? Сол ас­та­на ұлт­ты, мемлекеттің тәуелсіздігін қалай қам­та­масыз етеді? Астананы қалай салу керек, ас­танаға қан­дай мұрат, міндеттер жүк­телуі керек?» деген мәселені сонау перғауындар дәуірінен бері қарай зерттеуге болады. Бәлкім, кәрі та­рих­ты қаузайтындар одан да ары­ға үңгіп кете берер. Сонда әлем­дік тә­жі­рибені зерделеп қара­саңыз, ас­танаға өр­кениеттер дамуы ба­ры­сында, негізінен, үш талап қойылып отыр­ға­нын анық байқайсыз. Бірінші талап – астана қа­ра­пайым болуы ке­рек. Кезіндегі пер­ғауын­дар қолымен салын­ған пирамиданы көп­те­ген ғалым зерттеп жа­тыр. Солар тәп­сір­леген қол­жаз­баларды тарқатып көрсек, ас­таналарға қойы­латын талаптың ал­ғаш­қы­сын содан табамыз. Яғни та­лаптың бірін­ші­сі астананың қара­пайым­ды­лығы болды. Бұл «астана бүкіл халыққа тән болуы шарт» дегенмен қабысады. Аста­наны халық жат­сын­бағаны ләзім. Өзінің ор­да-шаһарын қалың жамағат елінің алтын бе­сігі ретінде сезінуі, бас қаланы, ең ал­ды­мен, «халыққа қызмет ететін қала» деген ұғым­­мен қалып­тас­тырғаны абзалырақ бол­ды. Пер­ғауын­дар дәуірінде астанаға осы­лай­ша ал­ғаш­қы талап қойылып, соның ая­сын­да көне еги­пет­т­іктердің пирамиданы те­гіннен-тегін сал­мағанын білеміз. Пи­ра­ми­да, бір жа­ғынан, халық талабының үдесінен туған құ­былыс. Халықтың өз құдайына сыйы­­на­тын рухани талабын перғауындар ес­керді. Сөйтіп, сол дін арқылы астана мен ха­лықты жа­қын­дас­тыру үшін пира­ми­да­лар­ды сал­ды. Осы­лайша еги­пет­тік астанадағы пи­ра­ми­далар жұртты құ­дай­ға шығаратын заң­ғар жол ретін­де саналды. Жергілікті ха­лық осындай сенім­мен пира­ми­да­ларды қа­сиет тұтып, ондай нысаны бар қалаларды киелі деп санады. Ал одан кейін, беріректе пайда бол­ған екінші талап «астана халыққа қыз­мет етуі керек» деген ұғыммен үндеседі. Бұл – орта ғасырда пай­да болған талап. Ас­тана «халыққа қалай қызмет етеді?» Ас­та­на­дағы бүкіл саясат, қабыл­данатын, жүзеге асатын іс-шаралар тұтастай халық үшін бо­луы тиіс. Ендеше, бас шаһардағы саясат қа­ра халықтың мақсатымен, мүддесімен қа­бы­суы шарт. Қазіргі тілмен айтсақ, астана – ұлттық идеяның ордасы бо­луы керек. Ұлт­тық идея дегеніміздің өзі – ұлт тәуел­сіз­ді­гін сақтау, оны нығайту, халықты көр­кейту мен дамытудан тұрады. Қалың жұрт­шы­лық­ты бір бағытқа ұйытып, басын біріктіріп, аста­на­ны дамыту арқылы бұқараны, бүкіл елді да­мытуды жүзеге асыру. «Халыққа қызмет ете­тін қала» дегеніміз – осы. Үшінші талап – кейіннен пайда болған еуропалық үрдіс. Еу­ропа елдерінде ілгеріде «Қалалар фо­ру­мы» деген конференция дәстүрі болған еді. Бертінге дейін осы форум үш жыл сайын жиы­лып тұрды. Сондай мәжі­ліс­терде «Еу­ро­паның астаналары қандай болуы керек?» деген сұрақ ортаға тасталып, соған Еуропа жұрты жұмыла жауап іздеуші еді. Ақыр ая­ғында сол форумның то­қай­лас­қан соңғы ұйғарымы бойынша, ХХ-ХХІ ғасыр­лар­дың астаналары «ха­лық­тың өміріне аса жай­лы болуы керек» де­ген ұғымды ұс­тан­дырады. «Жайлының» ау­қымы кең. Үңілсек: мұн­да жұртқа жұмыс ұдайы болуынан бас­тап, астаналықтардың үрейсіз, қамсыз, алаң­сыз өмір сүруі қам­ты­лады. Мәселен, қа­рапайым мысал, көшеде түннің жа­ры­мын­да келе жатқан ас­та­налықтың ойында «бі­реу ұрып кетпесін» деген секілді үрей мүл­дем болмауы шарт. Көше тәртібінен бас­тап, жүріс-тұрыс, мінез-құлықты қалыптастыруға назар ауда­рыл­ды. Астанаға сырттан келген қонақтар да со­лай алаңсыз әрі емін-еркін жүріп-тұруы қа­жет. Сосын астанада тұрмыстық қызметтің ең жо­­ғары деңгейі қалыптасуы керек. Оның тұр­ғын­­дары тұрмыстық-коммуналдық ша­руа­шы­лық­тан ешқандай кемдік көрмеуі ке­рек. Әлем­дік тәжірибе астаналарға қатысты осы үш мәселені алдымен тартатыны тарихтан бел­гілі.

– Ендеше, осындай ежелден қалып­тас­қан бас қала туралы тәлімдерді есепке ала оты­рып, Тәуелсіз Қазақстанның ас­та­на­сы­на қойылған талаптар қандай болды деп ойлайсыз?

– Әрине, біздің астанаға қояр талабымыз да, оның орнын таңдауымыз да мүлдем бас­қаша, бірақ жүзеге асырудағы тарихи маңызы аса жоғары болды. Соншама жылдар бойы бо­дандықта болып келген Қазақ елі ХХ ғасырдың соңына таман егемендікке қол жеткізіп, Тәуелсіздік алды. Сол Тәуелсіздіктің арқасында қазақ халқының жаңа, дербес астанасы туралы мәселені Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев көтерді. Елбасының идеясы бойынша жаңа астана Тәуелсіздіктің тұғыры болуы керек еді. Бұл – ең бірінші талап. Ал Президент ойлаған екінші талап одан кем емес. Қазақ елі – ұзақ жылдар бойы бодан­дық­тың салдарынан жасыған халық. Ұлтымыз бабадан жалғасып келген дәстүрінен ғана емес, рухани құдіреттілігінен қол үзіп бара жат­қандай еді. Ендеше, тәуелсіз жұрттың еңсе­сін тіктеу, намысын қайрау, өз алдымызға ел болып, әлеммен тереземіздің тең екенін сырт­қа ғана емес, ең алдымен, өзімізге де таныту керек болды. Яғни астана арқылы халықтың рухын жанып, баяғыдай өрлігін өсіру талап етілді. Өйткені өзінің мұқалған рухын қайта жани алмаған халықтың Тәуел­сіздікке ие бола алмай қалуы да ғажап емес еді. Сондықтан да, Елбасының ойынша, жаңа астана халықтың ұлттық сенімін қайтарып беретін қала болуы шарт еді. Президенттің астананы таңдаудағы үшінші талабы – ұлттық қауіпсіздігімізге тікелей қатысты болды. Осы ұлттық қауіпсіздіктің өзі – бір-бірімен салалас-сабақтас болып табылатын үш талаптың ішіндегі ең маңыздысы.

– Сонда ұлттық қауіпсіздігімізге қатер қай жақтан төнді?

– Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі жағ­дайды жұрт терең түсіне бермейді. Әсіресе осы орталық Қазақстандағы, солтүстіктегі Ресей­мен шектес аудандардағы саяси шие­леністер туралы әлі де кем айтылып жүр. Сол кезде өңірде көптеген солшыл күштер пайда болды. Бұрыннан үстемдікпен жұртты билеп келген топ, бір жағынан, Одақтың ыдырауына қарсы болса, екінші жағынан, Қазақстанға һәм қазақ халқына жасап келген билігінен еш айырылғысы келмеді. Қазақтарға «Тәуелсіздік сендерге қол емес» дегенді алға тартып қа­ла­тындар да болды. Тәуелсіздік жария­лан­ға­нынан бөлек, оны ұстап тұрудың өзі де қыруар шараны талап етті. Сол кездері Қазақстанды Ре­сейдің уысынан шығарғысы келмеген Сол­же­ницынның сойылын соғатындар тың иге­рушілердің бас қаласы болып келген Це­ли­­но­градта да, елдің солтүстік облыстарында да аз емес еді. Міне, дәл осы кезде астана ру­хы сол кездегідей оңтүстіктегі Алматыда қала беретін болса, солтүстік шытынап кетуі де мүмкін еді. Астана ауыспаса, елдің бүтіндігі туралы дау-дамай ешуақытта тоқтамайтын еді. Ол жайын­да Президенттің: «Мыңдаған жылдар бойы ата-бабаларымыз мекен еткен қасиетті қазақ жерінің бір бөлігін – аяулы Сарыарқаны саяси саудаға салып, дархан даланы дау-дамайға айналдырғысы келетіндер бар кезде, сол­түстіктегі шұрайлы өңірге көзінің сұғын қадай­тындар бар кезде, біз мына жерде, әсем қала Алматыда тыныш оты­ра алмас едік» дегені бар емес пе? Шынымен-ақ сұқ көз­дер­дің сұғанақтығына қарсы Ал­ма­тыдан бас қаланы ауыстыру арқылы қазақ­тың тәуелсіз рухы әкелінді. Елбасы айтпақшы, дар­хан дала­да дау-дамай қай кезде тоқтайды? Хру­щевтің кезінде бес облысымыздың басы тың­ды игеру идеясымен бірігіп кетті де, тың өлке­сінің бас қаласы Целиноград болды. Енде­ше, осы Целиноградты құлатып, оны Тәуел­сіз Қазақ елінің астанасы ету ғана дау-да­майға тос­қауыл болатын еді.

– Дегенмен қазақтың ұлан-ғайыр да­ла­­сында көптеген астананың бой кө­тер­ге­­ні анық қой. Бұлар жайында не ай­та­сыз?

– Шыңғыс ханға дейін де, одан кейін де қазақ даласы астанадан кенде болған емес. Де­генмен қазақ асылдарының қай-қайсысы да ас­таналық рухты ұлттық рухтың байрағы ете біл­ген. Күлтегін үшін Өтүкен бүкіл түркі ұлы­сы­ның темірқазығы болды. Қыпшақ би­леу­ші­лері Сығанақты қасиет тұтты. Ақ орда хандары Сауранның қақпасынан енерде аттан түсіп, тізе бүккен деседі. Сарай Беркенің даң­қы өткенін құрметтей білетіндердің жүрегін әлі күнге жылытады. Ал Әз Тәуке ордасын ел кіндігі деп Арқаға, Ақмоланың іргесіне, Есіл мен Нұраның қос арнасы бұрылып келіп тіре­ле­тін тұсқа тікті. Яғни бұл қалалардың бар­лы­ғы өз дәуірінің алтын шаңырағы болды. Тарих­ты тереңірек қазып отыратын болсақ, бір әулеттің, бір хандар династиясының қай­сы­сы үстемдікке ие болса, солар өз астанасын жасады. Аттарын шығару үшін қалаға көп мән берілді. Сон­дық&

123
скачать работу


 Другие рефераты
Глобальные проблемы человечества
Подземные топливные баки: насколько они опасны ?
Учет инвестиций в акции
Кения


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ