Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ата жұрт

жаңа қаланың жөнi бөлек, әрине, жан-жүрегiмдi жарып шыққан бұл идея – Қазақ мемлекетiнiң астанасын елдiң ортасына алып бару, елордаға қай өңiрден де бiрдей жететiндей ету идеясы тәуелсіздіктен кейінгі мақсат-мұраттарының бiрiне айналды. Ендiгi жерде жер бетiндегi барша қазақтың назарында тұратын, қазақтың асқақ рухы сән-салтанат құратын бас қаламыз Астана!

Қазақстан бүгінде тәуелсiздiктiң тар жол, тайғақ кешуiне өзiмiзбен бiрге түскен елдердiң маңдай алдында. Iшкi жалпы өнiмнiң жан басына шаққандағы көлемi жөнiнен Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығындағы талай елдер бiзбен салыстыруға да келмейдi. Соңғы төрт жылда жалпы iшкi өнiмнiң жиынтық өсiмi 50 пайызға жуық артқаны – бiздегi жасампаздық жұмыстың жарқын жемiсi. Қазақстанда ішкі жалпы өнімнің қазiргi мөлшерi 60 миллиард долларға жуықтады. Бұл Орта Азия мемлекеттері экономикаларын түгел қосып есептегеннен де артық. Бiз қазiр жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнімнің мөлшерi жағынан күні бүгінге дейін өзіміз тамсанып келген Түркия сияқты елдердiң алдына шықтық. Бес жылдан берi елiмiздің өсу қарқыны шамамен 9-10 пайыздық деңгейiн сақтап келедi. Және бұл көрсеткіш алдағы уақытта да сақталатын болады.

Бiз әлемнiң дамыған 50 мемлекетiнiң қатарына қосылуды мақсат етiп отырған елмiз. Құдай бұйыртса, қосыламыз да.

Стратегиядан бастау алған құжаттардың бiрi –ҚазақстанПрезидентініңхалқына Жолдауы. Ол Жолдау Қазақстанның мол мүмкіндігі мен жарқын болашағын елiмiзде ғана емес, халықаралық ауқымда да кеңiнен танытты. Әлемнiң ең iрi елдерi: АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания, Италия, Испания, Жапония, Корея т.б. мемлекеттердің басшыларыныңжазған хаттарында бұл Жолдау Қазақстан халқының алдынан ашылатын кемел келешектің кепiлi деп баға беруде. Бүгінде сол Жолдау бойынша халыққа жасалар жақсылықтың бәрi де рет-ретімен орындалу үстінде.

Бұл заман - тек күштiнi, бірлікті мойындаған заман. Бұл заманда әлем тек экономикалық жағынан мықты, iшкi тұтастығы берiк, ауызбiрлiгі күшті мемлекеттермен ғана санасады, сондай елдердi ғана сыйлайды. Қазақстан қазір әлем санасатын, әлем сыйлайтын сондай елге айналды.

Қазақстан қазiрдiң өзiнде айналамыздағы ағайындар қызыға қарайтын мемлекетке айналды.

Бiзде жер байлығы бар. Атырау мен Алтайдың арасындағы алып даланы арғы аталарымыз ақ найзаның ұшымен, ақ бiлектiң күшiмен қорғап қалып, бүгiнгi ұрпағына аманаттап тапсырған. Осынау құлан жортса тұяғы тозатын, қыран ұшса қияғы күйетiн ұлы кеңiстiк қандай жасампаздық жұмысымызға да жетеді.

Бiзде кен байлығы бар. Қазақ жерiнiң асты да, үстi де тұнған қазына. Мұнай да, газ да, хром да, уран да, темiр де, көмiр де, мыс та, алтын да, бәрiде баршылық. Мұндай байлықтың жер астында болғаны бір басқа да, оны өндіріп, халықтың игілігіне жарату одан да қиын. Біз осы қиын түйінді халық игілігі үшін шеше білдік. Жаңа ғасырдың екiншiон жылдығының басына қарай мұнай өндіруді 100 миллион тоннаға, ал 2015 жылы оны 150 миллион тоннаға жеткізіп, әлемдiк мұнай экспорттаушылардың алғашқы ондығына кiрудiмежелеп отырмыз. Алдағы жылдары Қазақстан астық өндіруден де әлемдегі алдыңғы бестіктің қатарына кіретін болады.

Бiзде ел байлығы бар. Ел байлығы деген не? Ол – ғылым мен бiлiм, ол – жаңа технология, ол – осы заманғы инфрақұрылым, ол – экономиканы әртараптандыру. Міне, сондықтан алдағы жылдары ғылым мен жаңа технологияны дамытуға бөлінетін қаржы мөлшері 25 есеге дейін өсетін болады. Бұл еліміздегі осы заманғы әлемдік бәсекелестікке төтеп беретін жаңа техника мен технологияны дамытуға мол мүмкіндіктер туғызатын болады.

Бізде рух байлығы бар. Ол – бәрiнен бұрын, отаншылдық сезiм, қазақстандық патриотизм. Оның басты өлшемi– татулық, тыныштық, тұрақтылық. Қазақстан бұл жағынан да баянды байлыққа ие. Қазақ жерiн мекен етiп жатқан 120 ұлт пен ұлыстың, 46 конфессия мен деноминацияның өкiлдерiелiмiздегiсаяси тұрақтылық пен ұлтаралық келiсiмді берік ұстанып отыр. Бүгінгі қазақтар Абай атамыздың “Адамзаттың бәрiн сүй бауырым деп” деген өсиетіне адалдығын әрқашан танытып-ақ келеді және алдағы уақытта да таныта беретін болады.

Әрине, бiздiң, ең алдымен, мемлекеттiұйыстырушы ұлттың – қазақ ұлтының бүгiнiмен болашағына баса назар аударуымыз керек. Ресей мен Қытай, Түркия мен Германия, АҚШ пен Франция, Швеция мен Иран, Өзбекстан мен Қырғызстан, Түркiменстан мен Ауғанстан… – тағдырдың тәлкегiмен жұмыр жердiң жүзiне жайылып кеткен бауырларымыздың Қазақстанға, Астанаға жеткен жолы сан тарау.

«Жол жүрсе өнеді» дейді дана халқымыз, ал ең басты жол – Отанға бастайтын жол, ол жырақта жүрiп сағыныштан сарғайған қандастарымыздың жүрегiарқылы өтетiн жол. Сол жол, мiне, онбесжылға жуық уақыттан берiолар жиі-жиі атамекенге алып келуде. Талайлары атамекенге жүрек жолымен келiп, туған жер төсiнде тұрақтап қалып та жатады. Оттан да ыстық Отанның ыстығына күйiп, суығына тоңып келеді. Қай жерде жүрсе де, атамекендiардақтаған адал жүректерiтуған жерiмiздiң жақсы атын шығарып келеді.Қазақтар бүгiнде дүние жүзiнiң қырықтан астам елiнде, басым көпшiлiгiҚазақстанмен шекаралас мемлекеттерде тұрып жатыр. Соңғы кездегiдеректер бойынша, Өзбекстанда бiр жарым миллион, Қытайда 1 миллион 500 мың, Ресейде миллионға жуық, Түркiменстанда 100 мың, Моңғолияда 80 мың, Қырғызстанда 45 мың қазақ бар. Өзге елдердiң арасынан Түркия, Иран және Ауғанстанда қазақтар бiршама көп және олар жинақы орналасқан. Еуропа мемлекеттерінде қазақтар қадау-қадау, ал мұхиттың арғы жағындағы елдерде тіпті бiрен-саран кездесетiнiбелгiлi. Әрбiр үшiншiадамы шекараның сыртында өмiр сүрiп жатқан қазақтың қилы тарихы осылай қалыптасты, ендiөткенге өкiне бергеннен ештеңе өзгермейдi.

Қазақстан Республикасы шетелдердегi қандастарымызды отанға оралтудың кешендi бағдарламасын жасап, жүзеге асырып келедi. Тәуелсiздiк жылдарында, яғни 1991 жылдан биылғы 1 шiлдеге дейiн елiмiзге барлығы 110 мың 591 оралмандар отбасы қоныс аударды. Сөйтiп, еліміздегі қазақтардың саны алты жүз мыңға жуық адамға көбейді. Соңғы кезде көшi-қон квотасының жыл сайынғы мөлшерiн 15 мың отбасына жеткiзiп, оған қажеттi қаржыны мемлекеттiк бюджеттен толық бөлiп отырмыз. Осы қаржының тиiмдi пайдалануын қадағалау қажет. Бұл туралы менiң Жарлығымда бiрiншi кезекте қолдау ата-жұртқа қоныс аударуға жағдайлары келмейтiн отбасыларға көрсетiлуi керек делiнген.

Қазір Қазақстан алып құрылыс алаңына айналып келедi. Таяу жылдардың өзiнде елiмiзде iрi кен орындары игерiледi, жаңа кәсiпорындар бой көтередi, көптеген темiр және автомобиль жолдары салынады, жаңа магистральды құбырлар тартылады, қалада да, далада да тұрғын үй құрылысы өрiстейдi. Осы жұмыстың бәрiн атқаруға Қазақстанның небәрi 15 миллиондық халқының қуаты жете бермейдi.

Егер халқымыздың қатарын қалыңдату мәселесiн ойдағыдай шешпесек, онда бiз сырттан қол күшiн тартуға мәжбүр боламыз. Қазiрдiң өзiнде мәжбүр болып та отырмыз. Мысалы, биылғы бiрiншi жарты жылдықта Қазақстанға 11 мыңнан астам шетел мамандары келдi, мұның өзi өткен жылғы көрсеткiштен 5 мың адам артық деген сөз. Жақын көрші елдердің азаматтары жүздеп, мыңдап Қазақстанға келіп жұмыс істеуге құмар екенін де айта кеткен жөн.

Бiз қолдан келгенiнше Қазақстанға өз күшiмен қоныс аударатындардың қатарын қалыңдатуға күш салуымыз керек. Мұның бiр жолы – елiмiздiң азаматтығын алуды жеңiлдету. Өз бетiмен, өз қаржысына келген азаматтарға заңдық-құқықтық жағынан қажеттi жеңiлдiктер жасау, қолдау көрсету мәселелерiн тиiстi орындар шешуі қажет. Бүкіл халық болып көшіп келіп жатқан ағайынға көмектесу әрбір қазақтың парызына айналуы тиіс. Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң шешiмiмен квотадан тыс келген оралмандарға жергiлiктi бюджет қаражатының есебiнен жер учаскелерi бөлiнетiнiн немесе құрылысқа көмек көрсетiлетiнiн білеміз. Бұл бастаманы әр жерлерде қолдаған жөн. Жалпы, әкiмдер жұмысының бiр өлшемi – өзi басқаратын өңiрдегi адам санының өсуi, соның iшiнде оралмандар есебiнен де өсуi болуға тиiс. Израиль, Германия сияқты өз қандастарын тарихи отандарына шақырып жатқан мемлекеттердiң бұл орайдағы тәжiрибесiне зейiн қою жөн.

Қандастарымызға қаратып айтар жайдың тағы бiрi мынау. Тарихи отанына оралған ағайын, ең алдымен, “Қазақстаным маған не бередi?” деп емес, “Мен Қазақстаныма не беремiн?” деп ойланғаны да дұрыс болар еді. Түркiстанда өткен Құрылтайда шетелдегi iскер азаматтарымыздың Қазақстанға келiп, ортақ шаруаға арласып жатқандары аздау екенiн айтқан болатынмын. Шүкiршiлiк, қазiр бұл iсте де iлгерiлеушiлiк бар екен. Сондықтан барлық облыстардағы әкімдер оралман-кәсіпкерлерге барынша жағдай туғызып, көмек қолын созуға тиіс.

Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiнiң iшiнде қандастарын тарихи отанына оралтумен жүйелi айналысып, қомақты мемлекет қаржысын жұмсап отырған жалғыз ел – Қазақстан, ал дүние жүзінде - үш елдің біреуі. Отандастарын ұшақпен тасып жеткiзуге мүмкiндiк тауып жүрген әлемдегi жалғыз ел де Қазақстан болар, тегi. Мұның бәрiнiң қадiр-қасиетiн бiлген жөн. Қазақстан бұл қадамды, ең алдымен, алыстағы ағайынға қамқорлық ретiнде жасайтынын ұмытпаған жөн. Тарихи отанына оралуын қазақ елiнiң қамқорлығындай көрмейтiн, қайта осында келуiн Қазақстанға жасаған жақсылығындай мiндет ететiн, тұла бойы тек талаптан тұратын, елiм дегенде ет бауырын елжiретудiң орнына өкпесiн ала жүгiрiп, қит етсе өкшесiн көрсетуге дайын ағайындардың аз болса да арамызда бар екендiгiн де айта кеткен жөн. Сондай-ақ елiмiздiң тұрмысқа қолайлы саналатын оңтүстiк өңiрлерiн айналшықтай берушiлiк, қалайда өз ағайындары тұратын ауылдан үй-жай берiлмесе оралманның азаматтық құқы тапталып жатқандай санаушылық та бой көрсетiп қалып жүр. Мұндай ағайынға айтарым: Қазақстанға жетiп, орналасып, қатарға iлiгiп алған соң, әркiм-ақ елiмен бiрге өз күнiн өзi көрiп кетуi керек. Мемлекеттiң мiндетi - адамдардың еңбек етiп, өмiр сүруiнiң тиiстi заңдық тетiктерiн жасау, конституциялық құқықтарына кепiлдiк беру.

Қазiргi кезде шетелдегi қазақтарм

123
скачать работу

Ата жұрт

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ