Ата жұрт
ен байланыс жасайтын елiмiздегi ең басты ұйым – Дүниежүзi қазақтарының қауымдастығы. Осы орайда қауымдастық ұйымдастырған түрлi бас қосулар, конференциялар, “дөңгелек үстел” мәжiлiстерi, өнер ұжымдарының сапарлары, әр түрлi көрмелер, әсiресе бiрнеше елде өткiзiлген кiшi құрылтайлар арқылы шеттегi ағайындар Қазақстанның қанатты қамқорлығын талай рет сезiне алды. Мысалы, Германияның Кельн, Берлин, Швецияның Вестерос, Түркияның Ыстамбұл қалаларында, Ресейдiң Алтай Республикасындағы Қосағаш ауданында өткiзiлген кiшi құрылтайлардың бәрiнен де үнемі хабардар болып, Елбасымыз Дүние жүзi қазақтары қауымдастығының төрағасы ретiнде құттықтау жолдап отырды.
Шетелдiк қандастарымызға көмек көрсету дегенде алдымыздан алфавит мәселесi алдымен шығатыны түсiнiктi. Бұл – өте күрделi мәселе. Қазiр жер бетiндегi қазақтың үш бiрдей алфавиттi ұстанып отырғаны мәлiм. Қазақстандағы, Ресейдегi, ТМД-ның бiрқатар елдерiндегi жазу – кириллица. Түркиядағы, Батыс Еуропадағы жазу – латиница. Кейiнгi кезде бұл жазуға Орталық Азиядағы кейбiр көршiлерiмiз де көшiп алды. Қытайдағы қазақтардың ұстанатын жазуы – арабшаның төте жазу үлгiсi. Бiздiң өзiмiзде де бұл жөнiнде талай пiкiрталас жүрiп жатыр. Бiреулер: “Латынға көшпей болмайды, бұл түркі әлемін біріктіретін бірден бір жол, бүкiл әлем түбiнде сол жазуға көшуі мүмкін”, деседi. Бiреулер: “Латынға көшсек қазақ фонетикасына тән бiрқатар дыбыстардан айырыламыз, кириллицада жарық көрген жүздеген миллион кiтаптарда жинақталған бiлiмнен қол үземiз" деседi. Екi пiкiрдiң де жаны бар. Сондықтан мен бұл тақырыптағы пiкiрталастарды біздің ғалымдарымыз бен зиялы қауым өкілдері барынша зейiнмен зерделеп, халқымыздың тағдырына қатысты аса маңызды мәселеде бiр тоқтамға келгені жөн деп есептеймін. Мұндай мәселені асықпай, аптықпай қарап, «жеті өлшеп, бір кескен» жөн.
Тәуелсіз Қазақстан жасасын!
Астананың абыройы, Ақорданың айбыны арта берсін!
Әрқашан бірге, әрдайым алда болайық, ардақты ағайын!
| | скачать работу |
Ата жұрт |