Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру



 Другие рефераты
Өңдеу өнеркәсібінде Ауыл шаруашылық кешені және қайта өңдеу саласы бойынша Ауылды көркейту – басты міндетіміз Адамзат — биоәлеуметтік жан

Азық-түлік қауіпсіздігі – ұлттық қауіпсіздіктің маңызды құрамдасы

БҰҰ-ның жанындағы «Халықтар қоры» жер тұрғындарының  2050 жылға қарай  7,8 млрд. адамға өсуіне орай, күрделенуі мүмкін азық-түлік  мәселесіне қатысты 61,2 млрд. дол­ларға бағаланған арнайы бағдарлама ұсын­­ды. Оның ішіне ауыл шаруашылығы ғылымын дамытуға  5 млрд. доллар, егістік жерді сақ­тау­ға 24 млрд. доллар, ормандарды қалпына келтіруге 6,8 млрд. доллар бөлуді көздеп отыр.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәлі­мет­тері бойынша, Қазақстан 40 пайызға жуық сүтті, 29 пайыз етті және 43 пайыз кө­кө­ністі сырттан әкеледі. Азық-түлік  қоры мол деген Ресейдің өзі тамақ өнімдерінің 40 па­йыздайын шетелдерден тасиды. Ауыл ша­руашылығының шикізаттық сипаты  азық-тү­лік  қауіпсіздігіне  кедергі келтіреді. Елдегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің 80 пайызы шикізат күйінде шы­ғарылады, ал техноло­гия­лық мешеулік сал­да­рынан дайын өнім шы­ғара алмай отырмыз.  Мәлімет бойынша, біздің елімізде 2010 жыл­дың 1 қаңтарында 200 876 ауыл шаруашылығы құрылымдары бар, оның ішінде ауыл шаруа­шылығы кәсіп­орындары  7441, шаруа қожа­лық­­тары 193 435. Бұдан басқа 2 247,8 мың үй шаруа­шы­лығы бар.  Осыларды бүгінгі жағ­дай­ды ескере отырып әрі қарай дамытып,  нарық та­ла­бына сай құрылымдарға жеткізу үшін  осы са­ладағы заңдарға тиісті өзгерістер енгізу қа­жет. Қазіргі уақытта «Шаруа (фермер) қожа­лықтары туралы» заңның жобасы Парламент Мә­жілісінде талқылаудан өтті. Сонымен қа­тар 2008 жылы Үкіметке толықтырулар үшін қай­тарылған «Жеке қосалқы шаруашылық­тар» ту­ралы заңның жобасы да  ауыл өмі­рінің  жедел дамуына өз септігін тигізері сөзсіз. Бұл заңның жобасы Үкіметтен Парламентке қай­тарылады деп күтілуде. Сондай-ақ, Елбасы атап  өткен­дей,  азық-түлік  қауіп­сіздігі  ту­ралы заңды әлі де жетілдіре түскен абзал. Нәтижесінде, Қа­зақстан халқына арна­ған Жолдауында атап көр­сетілгендей, 2014 жылға қарай азық-түлік тауарлары ішкі ры­ногының 80 %-дан астамын отандық тағам өнімдері құрауы тиіс. Сол себепті, келешекте ауыл шаруашылығын дамы­туда көптеген іс-ша­ралар атқаруға тура келеді. Әлемдік тәжі­рибеде Германия, Франция, Швеция, АҚШ 70-80-жылдары-ақ азық-түлік  қа­уіп­сіздігіне  ба­ғытталған шаралар бойынша, әсі­ресе, фер­мерлердің құқығын ерекше қорғай­тын заң­дар қабылдаған. Қазіргі кезде АҚШ-та азық-түлікпен  қамтамасыз ету бағытында он­даған бағдарламалар бойынша жыл сайын 35-40 млрд. доллар бөлінеді.

Қазақстан   іс жүзінде дүниежүзілік азық-тү­лік  қауіпсіздігіне  қомақты үлес қосып отыр­­ған ірі аграрлық елдердің қатарына жа­та­ды.  Жалпы республика  бойынша 2009 жылы бү­кіл егістік алқабы 21 424,9 мың гектарды құ­рады. Оның ішінде дәнді дақылдар 17 208,9 мың га, картоп 170,3 мың га, майлы тұқымдар өнімдері 1 749,5, қант қызылшасы 10,6 мың га, көкөніс 110 мың га болды. Ауыл шаруа­шы­лы­­ғынан 2009 жылы алынған өнімнің жалпы құны 1 640,2 млрд. теңгені құрады, оның ішінде өсімдік шаруа­шылығы 936,8 млрд. теңге, мал шаруашылығы 703,4 млрд. теңге болды. Елі­міз әлемнің басты аграрлық шикізат өн­діруші 25 елінің қатарына кіреді. Со­нымен қа­тар, ауылшаруашылық мақ­са­тындағы дәнді да­қылдар және картоп  егетін жер көлемі бойын­ша басты аграрлық шикізат өндіруші 10 елдің қатарында тұр. Сарап­шылардың бағалауы бо­йын­ша, республи­ка­ның ресурстары халықтың қазіргі азық-түлік­ті тұ­тынуы көлемінен 3 есе артық өндіруге жетеді. Соңғы жарты ғасырда ғана плане­тадағы халық санының өсуіне қарай азық-түлікке  деген сұраным 4 есе өскені мәлім.

Қазақстан  сыртқы рынокқа 1,5 млрд. дол­­лар көлемінде астық шығара отырып, көш­басшылардың бірі ретінде оның экспор­тынан дүние жүзінде 7-ші орын алады. Ас­тық экс­пор­тындағы ұнның үлесі 2000 жылғы 9 пайыздан 2008 жылы 58 пайызға жетіп, 849,2 млн. дол­лар көлемінде болды. Астыққа шаққанда макарон өнімдерінің экспорты 2008 жылы 0,2 пайыздан 0,8 пайызға дейін көтерілді.

Еліміз ұн экспорты бойынша дүние жүзінде бірінші орынға шығып, соңғы үш жыл қата­ры­нан осы биікке тұрақтап қалды. Дүниежүзілік 10,8 млн. тонна ұн экспортының 23,9 пайызы Қазақстанның  үлесіне тиеді. Соңғы уақытта нан-тоқаш және кондитерлік өнімдердің экс­пор­ты шапшаң өсуде. Осы өнімді сыртқа шы­ғарудың астық экспортына шаққандағы үлес салмағы 2008 жылы 0,3 пайыздан 0,7 пайызға жетті.

Республиканың макарон өнеркәсібінің мүм­кіндігі айтарлықтай. Бұған бидайдың қатты сорттарының жоғары сапасы, жаңа макарон фабрикаларының құрылысы қолайлы жағдай ту­ғызуда. Қазір еліміз өнімнің осы түрі бойынша дүние жүзінде 29-шы орында тұрғанымен, оның өндірушілер мен экспор­тер­лер арасында ал­ғашқы бестікке кіруге мүмкіндігі жоғары. Мә­селен, Оңтүстік Қа­зақстан  облысының Тассай ауылында жыл­дық өндірістік қуаты 25 мың тонна болатын жаңа макарон фабрикасы іске қо­сылды. «Сұлтан-элеватор диірменді макарон кешені» акционерлік қоғамы – бүкіл макарон өнім­дерін бидайдың тек қана қатты сорт­та­ры­нан шығаратын республикадағы бірден-бір кә­сіпорын. «Қазақстан  ұны» ЖШС-інде қазіргі итальян­дық техникамен жабдықталған макарон фабрикасы пайдалануға берілді. Астанада заман талабына сай «Цесна-мак» диірменді-ма­карон кешені жұмыс істей бастады. Қос­танай облы­сында «Карона» макарон фабри­касы өндіріс кө­лемін арттырып, сыртқы ры­нок­ты игеруге талаптануда.

Жетістіктерімізді айта отырып, астық өн­діру саласында әлі де атқарылатын жұ­мыстар көп екенін айта кеткен жөн. Елімізде астықты таза­лай­тын, сақтайтын заманауи құ­рал-жаб­дықтар жетіспейді. Соңғы 20 жыл ішінде бұл салада жаңа кешендер салынған жоқ. Сонымен қатар, темір жол вагондары жетіспейді. Дүние­жүзілік астық рыногында жаңа елдерге шығу, Иран бағытында темір жол салуды тездету, араб елдеріне астық жеткізу жолдарын қарас­тыру  сияқты мәселелерді шешу қажет. Себебі, астықтың  ба­ғасы, оны қолдану көлемі әлемнің әр түпк­і­рінде жыл сайын өзгеріп отырады.

Мал шаруашылығында оны ірілендіру және өнеркәсіптік негізге көшіру бағытында біршама жұмыстар атқару қажет. Қазіргі уақытта жекелеген селекциялық жұмыстар арқылы, сонымен қа­тар шет елдерден жоғары өнімді асыл тұ­қым­ды малдар әкелу арқылы малдың генетикалық әлеуетін арттыруға ерекше назар аударылуда. Мысалы,  2008 жылы «Қазагро­қаржы» лизингтік компаниясының тікелей қатысуымен екі ірі сүт өндіру кешені пай­далануға беріліп, оларға Канададан сүтті мол беретін асыл тұқымды сиырлар әкелінді. Алдағы 4-5 жылда мұндай ке­шендердің саны 30-ға жетеді деп күтілуде.

Елімізде ет өндіру мәселесі де қолға алы­ну­да. Мысалы, баршаға мәлім, Қазақстан  жылқы етін өндіруден әлемде жетекші орынға ие. Жыл­қы еті дүние жүзінің іс жүзінде барлық аймақ­тарында өсіріледі, осы өнімнің мөлшері жылы­на 720 мың тонна көлемінде салыстыр­ма­лы түрде тұрақты болып қалуда.  Дүние жү­зінде бие сүті мен қымызын өндіруге қызы­ғушылық арта түсуде. Деректер бойынша, қы­мызды тұ­тыну 120 мың тоннадан асты, оның ішінде Қы­тайда – 50 мың тонна, Монғолияда – 43 мың тон­на. Егер, 2001 жылы  Қазақстанда  28 711,2 тон­на қымыз өндірілсе, содан кейінгі жыл­дары оның көлемі азая отырып, 2008 жы­лы 21 663,8 тонна ғана болды. Табиғи жағ­дайларды ескерсек, елімізде жылқы малының өнімдерін өндіру ең қолайлы жағдайға ие.  Сондықтан бұл мә­се­лені қолға алып, әрі қарай дамытуға жағдай жасау қажет.

Қазақстан, сондай-ақ түйе етін өндіруші 15 ірі елдің қатарына кіреді. ФАО-ның дерегі бойынша, 21 өндіруші-елде түйе етін шығару 2007 жылы 310 мың тонна болған. Сондай-ақ, жыл сайын шұбат дайындау көлемі ұлғайып келеді. 2009 жылы 9,6 мың тонна шұбат өндірілді, бұл 2000 жылмен салыстырғанда 2,5 мың тон­наға артық. Республика ірі шұбат өн­діруші­лер­дің бірі болып табылады.

Дүние жүзінде құс етінің өндірісі артуда, оның негізін тауық еті құрайды. Бұған қоса күр­ке­тауық, қаз бен үйрек етінің өндірісі өсіп келеді.

Елімізде құс етінің аталған түрлерінің өн­дірісі енді ғана қалыптаса бастады. Республикада күр­кетауық етін шығаратын жалғыз ғана BAYTAGRO кәсіпорны жұмыс жасайды. Олар­ға деген сұраныс және өсіретін шаруа­шылықтар саны көбеюде.  Қостанай облысында «Bіg-5» тұ­­қымды күр­ке­тауықтар өсіретін шаруашылық­тар құрылды. Павлодар облысында өткен жылы күркетауық етін шығаратын, жылдық қуаты 1,5 мың тонналық өнді­рістік кешеннің құрылысы басталды. Сол­түстік Қазақстан  облысында «БACKO» ЖШС-нің осын­дай өнім шығару жө­ніндегі жылдық қуаты 15 мың тонналық ин­вести­циялық жобасы қарас­тырылуда. Оңтүстік Қазақстан  облысында Из­раиль­дің «Maд» ком­па­ниясының технологиясы бойынша жұмыс жасайтын, жылына 5 мың тонна күркетауық етін шығаратын құс кешенінің құрылысы қолға алынды.

Еліміздің аумағында іс жүзінде үй ша­руа­шылықтарынан басқа бәсекелестердің жоғын ескере отырып, «Ерма және К» ЖШС қаз етінің өндірісін игеруді қолға алды. Жоба бойынша қазды өнеркәсіптік негізде өсіретін құс фир­масын құру және Алматы облы­сын­дағы бұрын­ғы мал шаруашылығы кешенінің негізінде

12
скачать работу


 Другие рефераты
Обзор солнечной системы
Дидактические принципы Я.А.Коменского
ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНДА БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІН САБАҒЫН ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІГІ
Концепция принятия управленческого решения


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ