Австрия Республикасы
Другие рефераты
Австрия, Австрия Республикасы (нем. Österreich) — Eуропада oрналысқан ел. Солтүстігінде Чехия және Германиямен, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында Словения, Венгрия және Италиямен, батысында Швейцариямен шектеседі.
Австрияда Моцарт, Бетховен, Шуберт, Штраус сынды атақты композиторлар тұрып, еңбек еткен. Австриялақтардың ұлттық әуендері – Вена вальстері мен иодли әндері. Австрияға жылына жергілікті халық санына жуық, яғни 7 млн. шетелдік туристер келіп қайтады.
Ел жалауындағы екі қызыл белдік — мемлекеттің азаттығы үшін күрескен ерлі азаматтарының қанын бейнелейді. Ту ортасындағы ақ белдік — Дунай өзенінің белгісі.
Мазмұны
-
1 Жағрапиясы
-
2 Тарихы
-
3 Экономикасы
-
4 Австрияның ірі қалалары
-
5 Әкімшілік құрылымы
-
6 Діні
-
7 Тағы қараныз
-
8 Пайдаланылған әдебиеттер
|
Жағрапиясы
Жерін шығыстан бастысқа қарай созылған Альп тау жоталары алып жатыр. Оның қарлы шыңдарынан жүздеген тау өзендері мен сарқырамалар бас алады. Олардың бірталайының бойына су станциялары салынған. Тау беткейлерін орман, негізінен шырша мен май қарағай жапқан. Одан жоғарыда жайқалған тау шалғыны созылып жатыр.
Өзен аңғарларының климаты қоныржай жылы әрі жұмсақ. Ежелгі өзендердің ішінде кеме жүзуге жарайтын жалғыз Дунай ғана.
Тарихы
Австрия атауы алғашқы рет 996 ж. 1 қарашада жазылған құжатта кездеседі. 1156 жылдан бастап Австрия — «Қасиетті Рим империясы» құрамындағы герцогтық. 13 ғасырдың соңынан онда Габсбургтер әулеті билік жүргізді, 1453 жылдан — эрцгерцогтық.
18 ғасыр Габсбургтер Бельгияны, Италияны, поляк, украин жерлеріні4 біразын өзіне қаратты. 17—18 ғасырларда Австрия монархиясы Түркиямен, Франциямен, Пруссиямен болған соғыстарға қатысты. 1804 жылдан Габсбургтер империясы болып аталды. 1859 ж. Франция мен Италияга қарсы соғыста Ломбардиядан айырылды. 1866 ж. Пруссияға қарсы соғыста жеңіліс тапты.[1]
Вена — Австрияның елордасы
1156 — Австрия Бавариядан шығып тәуелсіз мемлекет болады
1526 — Австрия Хорватияны басып алады
1687 — Венгрия мен Трансильвания Австрияға кіреді
1772 — Австрия Галиция аумағын өзіне қосады
1804—1867 — Австрия Империясы
1867—1918 — Австрия—Венгрия монархиясы құрылды. 1-дүн. жүз. соғыста Австрия—Венгрия Германияның басты одақтасы болды. Австрия—Венгрия монархиясы ыдырағаннан кейін 1918 ж. карашада Австрия республикасы құрылды.
1938 ж. наурызда герман әскерлері Австрияға басып кіріп, Алманияға қосып алды (аншлюс). Австрияның фашистер үстемдік еткен 7 жылы оның тарихындағы ең қаралы кезең болды.
Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдарында Австрия Гитлер армиясы қарулы шабуылының алғашқы құрбандарының бірі болды.
1943 ж. Мәскеуде КСРО, Ұлыбритания, АҚШ Сыртқы істер министрлерінің кеңесінде қабылданган декларация бойынша Германияның Австрияны қосып алуы заңсыз деп танылды. 1945 ж. наурызда Кеңес әскерлері Австрия шекарасынан өтіп, 13 сәуірде Венаны азат етті. Бірақ Австрия бірден тәуелсіз мемлекет бола алмады. Бірнеше жыл бойы ол Франция, АҚШ, Ұлыбритания және КСРО арасында 4 оккупациялық аймаққа бөлінген қалпында кала берді.
1945 ж. сәуірінде Кеңес Армиясы Венаны және елдің көпшілік бөлігін азат етті.
1955 ж. 15 мамырда Венада КСРО, АҚШ, Англия, Франция, Австрия мемлекеттерінің өкілдері Австрияның тәуелсіздігін қалпына келтіру туралы шартқа қол қойды. Австриядан шетел әскерлері шығарылды, сөйтіп ол қайтадан тәуелсіз ел болып, сол жылы қазан айында елдің парламенті Австрияның тұрақты бейтараптығы туралы конституциялық заң қабылдады, ал 1955 ж. желтоқсанда БҰҰ-ға мүше болып қабылданды. Австрияның сыртқы саясаты 1955 ж. 15 мамырдағы шартта көрсетілген міндеттемелер мен тұрақты бейтараптық мәртебесіне негізделген.
1996 жылдың 1 қаңтарынан Еуропалық Одаққа мүше болып кабылданды.
1992 ж. 19 ақпанда Қазақстан Республикасымен дипломатиялық қатынастар орнатты.
Экономикасы
Австрия экономикасы нарықтық қатынастар негізінде дамыған индустриялы-аграрлы мемлекет. Ел эконикасына Германия Федеративтік Республикасы компанияларының ықпалы күшті.
Дамушы өнеркәсіп салаларынан қара металлургия, алюминий өнеркәсібі, машина жасау (станоктар, транспорттық машиналар, электротех. бұйымдар), химия өнеркәсібі (азот тыңайтқышы, күкірт қышқылы, жасанды талшық, резеңке шығару), ағаш өндеу және целлюлоза-қағаз өнеркәсібі өркендеген.
Австрияның ірі қалалары
-
Вена
-
Линц
-
Грац
-
Зальцбург
-
Инсбург
-
Клаугенфурт
Әкімшілік құрылымы
Австрияның Федералдық Жерлері
Елдің Конституциясы бойынша Австрия 9 жерден (немісше — Bundesland) тұратын Федеративтік Республика.
Австрияның жерлері:
-
Бургенланд — жер аумағы: 3966 км² (Австрия жерлері арасында 7-ші орын), халқы: 278 000 (9-шы орын), астанасы: Айзенштадт қаласы;
-
Каринтия — жер аумағы: 9536 км² (5-ші орын), халқы: 559 000 (6-шы орын), астанасы: Клагенфурт қаласы;
-
Төменгі Австрия- жер аумағы: 19 178 км² (1-ші орын), халқы: 1 546 000 (2-ші орын), астанасы: Санкт-Пельтен қаласы;
-
Жоғарғы Австрия — жер аумағы: 11 980 км² (4-ші орын), халқы 1 377 000 (3-ші орын), астанасы Линц қаласы;
-
Зальцбург — жер аумағы: 7 154 км² (6-ші орын), халқы: 515 000 (7-ші орын), астанасы Зальцбург қаласы;
-
Штирия — жер аумағы: 16 392 км² (2-ші орын), халқы: 1 183 000 (4-ші орын), астанасы Грац қаласы;
-
Тироль — жер аумағы: 12 648 км² (3-ші орын), халқы: 701 556 (5-ші орын) Инсбрук қаласы;
-
Форарльберг — жер аумағы: 2 601 км² (8-ші орын), халқы: 360 000 (8-ші орын), Брегенц қаласы;
-
Вена — жер аумағы: 414 км² (9 -шы орын), халқы: 1 670 000 (1-ші орын), Вена қаласы.
Діні
2001 жылы өткен халықтық есепке сәйкес, Австрия халқының 73,6 % — католиктер, 4,7 % — лютерандықтар, 4,2 % — мұсылмандар, 2,2 % — православиялық християндар, 0,1 % — иудаизм дінін сенушілер; барлығы 12 конфессиялары тіркелген. Халықтың 12 % өздерін ешкандай дінге жатқызбайды. (1991 жылы олар халықтың 8,6 % құраған).
| | скачать работу |
Другие рефераты
|