Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Аймақтық дағдарыс синдромы немесе араб дауылы



 Другие рефераты
Банктер: туындау – тарихи даму кезеңдері, түрлері Банктік қызмет: экономикалық және заңи аспектісі Қазақстан Республикасының 2002-2003 жылдарға әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудын шетелдік тәжірибесі

2010 жылдың соңы мен 2011 жылдың бірінші жартысында наразылық, билікке қарсылық дауылы барлық араб елдерін Тунис, Египет, Алжир, Марокко, Иордания, Ирак, Судан, Ливан, Бахрейн, Ливияны бірінен соң бірін жаппай сипап өтті. Солтүстік Африка мен Таяу Шығыс¬та көктемде белсенді сипат алған наразылық қазір «араб көктемі» деп аталуда[1]. Алғашында Тунисте басталып, одан Египетте жалғасқан толқу араб елдерін кезекпе кезек шарпыды. Бірінде үкіметке қарсылық-наразылық, шеру түрінде өтсе, келесілерінде – үздіксіз бас көтеруге, қарулы қақтығысқа, соғысқа ұласты. Билікке қарсылық Кувейт пен Сауд Арабиясының шығыс аудандарын да қамтыды. Бұл бас көтерулерде бәрінде ортақ – бұл елдерде ұлттық лидерлерінің сая¬си аренадан кету талабын қоюы.

Араб әлемін қамтыған жаппай әлеуметтік қарсылықтың туу себебінің терең қордаланған ішкі және сыртқы сипаты бар екені анық. Билікке қарсы бас көтерудің жалпы ұқсастықтары мен жалпы заңдылықтары ортақ болғанымен әрбір елдің діни, әлеуметтік-экономикалық, саяси ахуалына және өзіне тән тарихи даму үрдісіне сәйкес шешімін таппаған шиеленіскен проблемалары өзегін жарып сыртқа шықты.
Өкіметке қарсы жаппай бұқаралық сипат алған нарзылықтың ішкі себебі жоғарыда аталған араб елдерінде әлеуметтік-экономикалық проблемалардың шиеленісуімен, халықтың кедей топтарының тұрмыс жағдайының нашарлауы, жастардың едәуір бөлігінің келешекке деген мақсат-мұратының күңгірттенуі, ең бастысы нақты билікке сенімінің жоғалуымен байланысты еді. Әрине, бұл арада ішкі және сыртқы күштер тікелей араласатын саяси ойынның негізге алатын субъектісі – аймақтағы діни қауымдар, кландық топтар мен ру-тайпалық бөл¬шек¬тенуі, этникалық топқа жатуы (қарым-қатынас ті¬лі мен мәдени мұрасы) екендігін де теріске шығаруға болмайды.
Аймақтық араб дағдарысына талдау жасағанда қандай элементтер шешуі рөл атқарды және саяси эволюция қандай сипат алуы мүмкін. Сонымен қатар, араб дауылы кездейсоқ па, оның экспортталуы, басқа елдерде ұқсас форма қайталануы мүмкін бе деген де өз ара байланысты заңды сұрақ туады [2].
Араб елдерінде революцияның тууына және оның тез арада қанат жаюына әр түрлі баға беріліп, түсіндірілді. Сарапшылар халықтың тұрмыс жағдайы төмен кедей елдерде билікке қарсы бас көтеруді әлеуметтік-экономикалық себептермен түсіндіргенімен, даму деңгейі жоғары, қалыпты даму жағдайындағы Бахрейн, Тунис, Ливия, Сауд Арабиясы, Кувейттегі наразылықты түсіндіруде қайшылықты көзқарас қалыптасты.
Тунисте 2004-2009 жылдар аралығында жан басына шаққанда табыс 3,5 мың. тунис динарынан (бұл 2,7 мың доллар) 5 мың тунис динарына (3,9 мың долларға) дейін өсті. Халықтың тұрмыс жағдайы жақсарды. Бүкіл халықтың 60 пайыз құраған орта таптың тұтынуы 83 пайызға жетсе, олардың 80 пайызының жеке тұрғын үйлері және 21 пайыздың автомобильдері болды. Ал, мұнай өндіруші Ливия қалыптасқан дәстүр бойынша жыл басында, дәл көтерлістің алдында халыққа ақшалай, өнеркәсіп заттарымен дотация берді және автомобиль алу үшін тегін сертификаттар да берді [3]. Әлеу¬меттік-экономикалық жағдайы жақсы және баяу болса да көтеріліп келе жатқан елдерде билікке ішін ара наразылық болғанымен айқын қарсылық тумауы мүмкін еді. Бірақ, олай болмады.
Сондықтан, сарапшылар араб дауылын туғызған басты және жанама себептерді іздеді. Оны кездейсоқ болған жоқ деп санады. Олар: сыртқы фактордың ықпалы, яғни әлемнің жаһандану үрдісі, Батыс және Шығыс Еуропадағы саяси-әлеуметтік өзгерістер, халықаралық экономикалық дағдарыс, Интернет және басқа да электронды жүйе арқылы ақпараттар мен идеяларға қол жеткізуі, әлемдегі өзгерістермен таныс болуы. Бұл да халық наразылығының басталуына, араб елдеріндегі ұрпақтар арасындағы қайшылықтың, тайталастың тууына әкелді.
Ұзақ жылдар бойы билікте бір ғана адам отыруы, сол адам мен оның жақындары және төңіре¬гіндегілерінің ғана тіршілік игіліктерін иеленуі, ал осы таңдаулылар тобына жатпайтындардан өзге ешкім жоғарғы билікке, жақсы тұрмыс пен молшылыққа қол жеткізе алмауы, ел ішінде келешекке үміт артатын елеулі өзгерістердің болмауы, халықта әсіресе, орта тапта оппозициялық көңіл күй қалыптастырды. Білімді, экономикалық жағынан белсенді әлеуметтік топтың қоғамнан күткен үмітінің ақталмауы және нақты өмірдегі айырмашылық, қайшылық билікке қарсы наразылықты тудырды. Сондықтан да, шеруге шығушылардың алғашқы және ең басты талабы біреу ғана ол – бұрынғы билеушілердің өз орнынан кетуі болды. Олар билік ауысуы керек, бұрынғылардың уақыты өтті деп санады. Демократия және бостандық туралы саяси ұрандар оларға кейін келді және оны әр елде әркім өзінше түсінді.
Араб елдерінің әлеуметтік-демографиялық ерекшеліктері де елеулі рөл атқарды. Барлық тұрғындардың 50 пайызы 35 жасқа дейінгі жастар еді. Әлеуметтік-экономикалық проблемалардың шешілмеуінен көпшілігінде жастар зардап шекті. Мысалы, осы топтың арасында жұмыссыздық 50 пайызыға дейін жетті [4]. Әсіресе, жұмыс орындарының болмауы себепті дипломды мамандар арасында жұмыссыздық жоғары болды. Олар өз білімдерін еш жерге қолдана алмады, қоғамнан да өздеріне лайықты орын таппады. Мұндай жағдай Тунис пен Египетте айқын байқалды [5]. Осы себепті олардың көпшілігі араб-мұсылман қоғамында маңызды құндылық болып саналатын отбасын құруға да қол жеткізе алмады. Полицейлер тауарын тәркілеген соң ашынған жас жігіттің Мохаммед Буазизидің Тунисте өзін өзі өртеуі [6], әлеумет¬тік жарылысқа түскен ұшқын болды. Египетте де жұмыссыз жас парламент алдында өзін өзі өртемек болды. Кейін дәл осындай жағдай басқа елдерде де қайталанды. Баспасөз мұны шарасыздықтан, ашынғандықтан келешекке деген үмітсіздіктен жасаған жастардың қадамы деп санады. Жоғары басқару элитасындағы сыбайластық, протекция биліктің беделін түсірді.
Тунисте үздіксіз 1967 жылдан басқарып келе жатқан қартайған президент Зин аль-Аидин Бен Али жемқорлық, сыбайластық, тамыр таныстық өрістеді. Ел экономикасының төрттен үшін президент отбасы мен оның жұбайы Лейла Трабелси кланы бақылады, олар 7 млрд. евро капиталды өз қолдарына ұстады. Тунис классикалық квази-демократия көрінісі қалыптасты – формальды демократиялық институт, яғни жалпыға бірдей баламалы сайлау, екі палаталы парламент, көп партиялы жүйе, билікті бөлу, кісіподақ, әртүрлі қоғамдық ұйымдар, әйелдер, жастар ұйымдары болғанымен жеке дара биліктің авторитарлы тәртібі барлығын өз бақылауында ұстады.
10 млн. халқы бар Тунисте Бен Али билігі кезінде полициялық аппараттың 150 мың қызметкері болды. Шеруге шығушыларға қарсы билік қатаң шара қолданғанымен, қақтығыс кезінде 200 жуық адам өлгеніне қарамастан наразылық акциясы тоқтамады. Үш апта тоқтаусыз шеруден соң Бен Али отставкаға, ал 2011 жылдың 14 қаңтарында Тунистен кетуге мәжбүр болды. Президенттің жеке күзетін басқаратын, саяси полицияның бастығы, генерал Али Сериати және президент жұбайы Лейла Трабелси ісік ауруынан әбден әлсіреген президент Бен Алиді Сауд Арабиясына кетуге мәжбүрледі. Ал, осыдан екі күн бұрын Тунис армиясының бас штабы бастығы Рашид Аммар шеруге шығушыларға қарсы қару қолдануды талап еткен Бен Алидің бұйрығын орындаудан бас тартты.
Бен Али режимі құлағаннан кейін елдегі жағдайды армия өз бақылауына алды. Себебі, мемлекеттік инфрақұрылым дағдарысқа түсті. Оппозиция ұйымдасу деңгейінің төмендігі, бытыраң¬қылығы және азшылығынан белсенді қимылдап билікті өз қолына ала алмады. Олардың ішінен «Демократиялық прогрессивті партия» (ДПП) мен «Демократия, еңбек және бостандық үшін Форум» жария түрде, «Тунис жұмысшыларының комму¬нистік партиясы» позициясындағы «Республикалық конгрес» партиясы, кейін «Исламдық бағыттағы партия» (ИБП) аталған исламдық Нахда (Өркендеу) жартылай жария түрде жұмыс істеді. Бірақ, олардың барлығы де Бен Али режимі кезінде биліктің бақылауында болды.
2011 жылдың қаңтарында билікке наразылық, шеру кезінде ДПП лидері Майя Әл-Джариби мен Наджиб аш-Шабби белсенділік танытты. Шетелден кезінде билікке оппозицияда болып, эмиграцияға кетуге мәжбүр болған ИБП бұрынғы лидері, көрнекті идеолог Рашид Ганнуши қайтып оралды. Осыдан кейін ғана оппозиция батыл қимылдады. Президент міндетін атқарушы Фуад Мебазаа оппозиция лидерлерінің талап етуімен жаңа прьемер-министр қызметіне кезінде Тунистің бірінші прези¬денті Х. Бургибымен қызметтес болған Бежи Каид Ессебсиді тағайындады. Бұрынғы биліктің партиясы «Демократиялық конституциялық бірлестік» таратылды. Сонымен бірге, Бен Али билігі кезіндегі жемқорлық, сыбайластық пен қызмет бабын асыра пайдалу актілерін тексеру үшін комиссия құрылды. Революция, саяси реформалар мен демократиялық дамуды қорғау үшін Жоғары Кеңес құрылды. Оның құрамына саяси партиялар, кәсіподақ және қоғамдық ұйымдар өкілдері кірді. Бірақ, елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай толық тұрақтанбады. Көптен тунистіктер басқа мемлекеттерге эмиграцияға кетті. Билікке араласқан, немесе ұмтылған саяси күштер арасында алауыздық, қайшылық туды. Жоғарғы органдарда бұрынғы президент жақтастары мен оппозиция өкілдерінің симбиозы қалыптасты [7, с.308]. Бұрынғы билік тұсында қызмет істеген ықпалы әлі де күшті екендігі байқалды. Билікке келген жаңа үкімет енді саяси партиялар мен ұйымдарды өз ықпалына ұстауға тырысты. Премьер-министр Б.Ессебси өкімет мүше¬леріне алғашында 2011 жылдың шілдесіне тағайындалған, кейін осы жылдың қазанына ауыстырылған президент және парламент сайлауына қатысуға тыйым салды. Бұған наразылық ретінде бұрын министр болып тағайындалып өкімет құрамына енген, ДПП төрағасы Наджиб және партияның бас хатшысы Ат-Тадждид өкіметтің құрамынан шықты.
Тунис қана емес, жалпы араб елдегі жағдайды тұрақтандыру мәселесіне қазіргі уақытта халықаралық қауымдастық та назар аударуда. 2011 жылдың 27 мамырында аяқталған «Үлкен сегіздік» елдері басшылары саммитінде халқы «демократия¬лық қайта құру» үшін күресіп жатқан Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка елдеріне қаржылай көмек көрсету үшін «Довиль әріптестігін» құрды. «Азаттық&raq

123
скачать работу


 Другие рефераты
Қазақстандағы кәсіпкерлік туралы
Американский и Японский Менеджмент на пороге XXI века
Психология несовершеннолетних преступников
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ КЕЗЕҢІНДЕГІ ӘДЕБИЕТТІҢ ӨЗІНДІК СИПАТЫ


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ