Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Аймақтық дағдарыс синдромы немесе араб дауылы

атын грантты қаржыландырды. Аталған «Фейсбук» пен «Твиттер» сарапшылар пікірінше Египетте революцияны ұйымдастырудың негізгі құралы болды[10].
Сонымен бірге, «Демократияның қолдау Ұлт¬тық қоры» мен Джордж Сорос солтүстік африкалық мұғалімдер, адвокаттар, журналистер мен жас активистерді дайындауға миллион доллар жұмсады. 2009 жылдан қазіргі дүрбелеңге дейін бір жылда өзінің оқыту бағдарламасын екі есе күшейтті. Бұлардың барлығы Солтүстік Африка мен Таяу Шығыстағы оқиға арнайы оқыту бағдарламалары арқылы дайындалды ма деген ойға жетелейді.
Шамасы, батыс араб елдерінде жағдайды шиеленістіруге саналы түрде қадам жасаған да болуы керек деп болжам жасауға болады. Себебі, әлеуметтік сілкініс, билікпен қақтығыс араб елде¬рінде болмай қоймайтын күйде әбден пісіп жетілді. Сондықтан, батысқа өз бақылауында ұстауға болатындай қысқа мерзімдік дағдарыс қажет те болған болуы керек. Кейін бей-берекетсіздікті реттеп аймақты өз бақылауында ұстау оған да тиімді еді. Мақсат – Америка мен басқа да батыс елдерінің стратегиялық мүддесі тоғысқан елдердегі режимді ауыстыру, дәстүрлі ұлттық лидерлерді тарих сахнасынан ығыстыру мен олардың орнына билікке жас прагматиктер мен технократтарды әкелу. Бірақ билікке келгендер қандай жағдайда болсын американдық мүддемен санасып, оған нұқсан келтірмеуі керек екендігі де белгілі.
Сонымен қатар, сірә, АҚШ пен НАТО елдерінің авантюралы операцияны бастауының себебі ливия халқының құқы мен бостандығығын қорғау емес, бәрінен бұрын мұнайға деген мүдделілік басты фактор болуы мүмкін.
Қазіргі уақытта араб дауылы біршама бәсең¬дегенімен оның қайта соқпайтынына және оны басқа бір аймақта дәл осындай сценарийде қайталанбайтындығына да кепілдік жоқ. Сондай-ақ араб дауылы араб мемлекеттері арасындағы интеграциялық үрдісті олардың мүдделілік тұрғысында жақындасуын да әлсіретті. Олардың арасындағы қайшылық та тереңдей түсті.
Қ. ДАРКЕНОВ.

123
скачать работу

Аймақтық дағдарыс синдромы немесе араб дауылы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ