Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Аймақтық дағдарыс синдромы немесе араб дауылы

uo; радиостанциясының мәлімдеуінше G8 лидер¬лері демократиялық реформа жүргізуге дайын араб елдеріне 40 млрд. доллар бөлуге келісті. Саммит таяудағы екі жылда халықаралық даму банкінен Тунис пен Египетке 14 млрдтан. астам евроны бөлу жөнінде шешім қабылдады [8].
Таяу Шығыстағы АҚШ-тың басты одақтастарының бірі Египеттегі дағдарыстың және президент Хосни Мүбарак режимі құлауының объективті және субъективті ішкі факторы бар [9]. Объективті ішкі факторына елдің ерекше географиялық және демографиялық ахуалын жатқызуға болады. Египет территориясының көп бөлігі шөл дала. Шамамен 4-6 пайызы ғана шаруашылық жүргізуге қолайлы. Бұл негізінен Ніл алқабы мен оның сағасы. Ал, осы аймақта барлық Египет халқының 96 пайызы (85 млн адам), 2,1 пайызы демографиялық өсіммен тұрады. Елдің осындай өзіне тән ерекшелігі салмақты, жан жақты ойластырылған, сарабдал экономикалық саясатты қажет етті. Алайда, Гамал Абдель Насер жүргізген «араб социализмін» орнату идеясынан бас тартқан соң, Египет өткен ғасырдың 70-ші жылдарының ортасынан «ашық есік» (инфитах) саясатына яғни, еркін нарыққа көшті. Экономиканың рентабельділігі өскенімен, қоғамның әлеуметтік жіктелісі, бағаның, жұмыссыздықтың өсуі жылдам қарқын алды. Жаңа «нувориштер» әлеуметтік тобы пайда болды, оларды Египетте «семіз мысықтар» деп атады. Сонымен қатар, халықтың бір бөлігінің кедейленуі, күйзеліске ұшырауы мен маргиналдануы жылдам жүрді. 2000-ші жылдан бастап ел әлеуметтік-экономикалық дағдарыс белдеуіне өтті, ресми мәлімет бойынша жұмыссыздық 11 пайыздан асып кетті. Мұны сарапшылар, өте төменделген мәлімет деп есептейді.Тунистегі секілді жастар арасындағы жұмыссыздық көрсеткіші өте жоғары. Соңғы жылдары жүргізілген реформалар нәтижесінде экономикалық жағдай тұрақтанғанымен, ел халқының едәуір бөлігі әр түрлі мәліметтер бойынша шамамен 20 пайыздан 40 пайыз күніне 2 доллар табыспен ғана күн көрді. Египеттегі билік Тунистегідей сыртқы пішіні қалыпты, сыбайластық дендеген «бас¬қарылатын демократия» түрінде қалыптасты. Елді 1981 жылдан президент Мүбарак төтенше жағдай режимінде билеп, өз орнына кіші ұлы Гамалды 2011 жылғы сайлауға мұрагерлікке дайындады.
Ел халқының тұрмыс-жағдайы төмендегенімен, кейбір мәліметтерге сүйенсек Мүбарак әулетінің байлығы 40-70 млрд. доллар шамасында. Халықтың наразылығының өсуіне, Мүбарак тәртібінің құлауына 2010 жылдың қарашасындағы парламент сайлауының қорытындысын өрескел бұрмалау және оған «әкімшілік ресурсын» айқын, ашық түрде пайдалануы да себеп болды.
Халықтың басым көпшілігінің тұрмыс жағдайының жылдан жылға нашарлауы, күйзеліске ұшырауы наразылықты, билікке қарсы бой көтеруді күшейтті. Тек қана 2007-2008 жылдары 580 қарсылық акциясы шеруі өтті. Билікке наразы халықтың саяси топтарға бірігуі де жылдам жүрді. Халық мүддесін білдірген саяси күштер мен ұйымдардың да белсенділігі артты. Елде революциялық көңіл күй қалыптасты. Жоғардағылар «жаңаша» басқара алмады, төмендегілер «ескіше» тұруды қаламады.
Нәтижесінде, үш аптаға созылған жалпы бұқаралық манифестациядан кейін 2011 жылдың 11 ақпанында Мүбарак биліктен кетуге мәжбүр болды. Өз қызметін Жалпы барлау қызметінің жетек¬шісі, вице-президент Омар Сүйлейменге тапсырды. Бірақ, нақты билік сыртқы істер министрі Хұсейн ат-Тантави басқарған Египет армиясының Жоғарғы әскер кеңесіне көшті. Жоғары әскер кеңес қолданыстағы конституция қызметін тоқтатып, арнайы тағайындалған комиссияға конституцияға өзге¬рістер мен толықтырулар енгізуді тапсырды. Әрине, бұл неғұрлым радикалды топ лидерлері қарсылығын тудырды, олар жаңа конституция қабылдауды талап етті. Египетте 2011 жылдың қараша-желтоқсан айларына парламенттік және президенттік сайлау белгіленді.
Египеттегі билікке қарсы қозғалыстың қозғаушы күші негізінен жұмыссыз жастар, оның ішінде жемқорлық, сыбайластық дендеген, жеке адам билігін қабылдай алмаған, елде және шетелдерде білім алған, дипломды мамандар еді. Қарсылық манифистациясы негізіне стихиялық сипат алды. Бірақ, оның тұрақтылық нүктесінен қозғалып кетуіне азық түліктің кезекті қымбаттауы әсер етті. Қарсылық акциясына әзірше басқа саяси партиялармен салыстырмалы түрде қарағанда әлсіз және ықпалы да шамалы либерал-демократиялық платформада тұрған оппозициялық саяси партиялар «Аль-Гад» (Завтра-Ертең), және Кифайа (Хватит!-Жетеді!) қосылды.
«Мұсылман-бауырлар» Египетте қарсылық қозғалысындағы ел ішіндегі ең ықпалдысы. Алғашында наразылық шеруі басталғанда «Мұсылман-бауырлар» репрессиялық шара қолдануға сылтау тудырмас үшін билікке қарсы наразылық акциясына қатыспайтынын мәлімдеді. Тек баспасөзде «түйелер және аттармен шайқас» деп аталған шерушілер қатарын сейілту үшін олардың арасына билікті жақтаушылар түйе, аттармен еніп ыдыратуға тырыс¬қан соң қосылды. Мүбарак билігі жылдары «Мұсылман-бауырлар» бірнеше рет жазалау шарасына ұшырады. Солай болғанымен, олар Египеттегі ең ықпалды, бұқаралық қоғамдық-саяси қозғалыс. «Бауырлардың» қарсылық шеруіне қатысуы Каир унииверситетінің профессоры Абу аль-Хасан Бакридің пікірінше: «Египет революциясына қосылған үлкен үлес» болды. Олар бұқаралық «Бостандық және әділет» партиясын құрды. «Мұсылман-бауырлардың» жетекшісі Мұхаммед Бади (1944 ж. туған) «Бауырлар» президенттік сайлауға өз кандидатын ұсынбайды, бірақ парламент сайлауына қатысады, депутаттық орынның 30 пайызын иеленуге үміттенеді», деп мәлімдеді.
Египетте «Бауырлармен» қатар радикалды ислам «салафиттік» қозғалыс қалыптасу үстінде, бірақ олар әлі тіркелген жоқ. Солай болғанымен, олар теледидардан сөйлеп өз позициясын айқын жариялауда, жаңа египет билігін қатаң сынауда.
Қарсылық шеруі қозғалысына танымал саяси тұлғалар МАГАТЭ-нің бұрынғы төрағасы Мұхаммед аль-Барадей және Араб мемлекеттері лигасының бас хатшысы Умір Мұса қатысып лидерлік рөл атқаруға тырысты.
Шеруге жаңа жастар ұйымдары «Революция жастары», «Жиырма бесінші қаңтар» т.б. солшылдар, «араб социализмі» идеясын ұстанатын «насершілер» де қатысты.
Египетте әлеуметтік-экономикалық жағдай күрделі күйінде қалып отыр. Ел экономикасы құлдырады. Әсіресе, туризм саласы. Саяси тұрақсыздық туристер келуі кері ықпалын тигізді. 2011 жылдың наурыз-сәуір айларында Каирде қайта шеру басталып, шерушілер қысымымен премьер-министр Ахмед Шафик отставкіге жіберілді. Оның орынына жаңа өкімет басшысы қызметіне бұрынғы көлік министрі, Мүбарак режиміне қарсы шерулерге белсене қатысқан Исам Шараф келді.
Халық қозғалысының жеңіске жету факторына талдау жасағанда Египетте, Тунисте армияның позициясы шешуші рөл атқарды. Әскерилердің Тунисте президент Бен Алидің бұйрығын орындаудан бас тартуы, Египетте бейтараптық ұстануы, текетіресте арасалмақты шерушілер жағына аударды.
Араб әлемінде әлеуметтік-экономикалық проблемалардың шиеленісуіне сыртқы күштердің, аймаққа мүдделі топтардың араласқанын теріске шығаруға болмайды. Осыған сәйкес З.Бжезинский мен С. Манның «тәртіпсіздікті, бей берекетсіздікті (хаосты) басқару» деген теориясы еске түседі. Атал¬ған авторлар пікірі бойынша «бей берекетсіздікті басқарудың» негізгі әдісі төмендегідей болатын:
— заңды өкіметке қарсы шыққан әртүрлі саяси күштерді (уақытша) біріктіру;
— психологиялық және ақпараттық агрессия ұйымдастыру;
— ел лидерінің өз елін басқару мүмкіндігіне, сеніміне нұқсан келтіру және одақтастарының сенімділігіне күмәндандыру;
— елдегі жағдайды тұрақсыздандыру;
— билікті күшпен немесе «демократиялық сайлау» жолымен ауыстыру [1].
Бұның барлығы араб елдерінде болған революциялар сценарийіне өте ұқсас. Сонымен қатар, АҚШ-ның Мемлекеттік Департаментінде «Таяу Шығыспен әріптестікті қолдау бастамасы» жобасы жасалғаны белгілі. Таңқаларлығы, аталған аймақтық ұйымның орталығы араб революциясы басталып басқаларға тараған Тунисте орналасқан. Бастаманың мақсаты араб жастары арасында, әсіресе Тунис пен Египетте АҚШ-қа және оның «демократиялық құндылықтарына» бағытталған әлеуметтік топ қалыптастыру. Тағы да сәйкестілік. Жоба негізінде АҚШ-та білім алуға баратын араб жастары қатары жыл сайын өсе түсуде. Егер АҚШ-қа Мемлекеттік департамент жобасымен 1998 жылы демократияны дамыту саласы бағдарламасы бойынша 3300 адам оқуға келсе, ал 2009 жылы бұл цифр 14870 адамға жетті. Американдық политехнологтар ақпаратты жеткізу мен таратуға ерекше назар аударып, американдық «демократиялық құндылықтарды» жастар бойына сіңдіруге әр түрлі әдіс тәсілдерді қолдана отырып жұмыс істейтіні белгілі. Олар интернет пен басқа да электронды жүйелерді бақылауда ұстауда және өте тиімді қолдануда. Мысалы, Ливияға жасалған операция тек қару күшімен ғана емес, өздеріне тиімді ақпаратты тарату және оларға басқаларды сендіру әдісі арқылы жүргізілуде. Каддафиге қарсы кең көлемде алдын ала дайындалған ақпаратты соғыс жүріп жатқаны құпия емес. Араб елдеріндегі билікке қарсы бас көтеруде демократия, бостандық, еркіндік ұранын көтергендер қатарында батыста білім алған араб жастары көп болғандығын сарапшылар да деректермен келтіруде.
Әр түрлі қоғамдық ұйымдар, арнайы гранттар бөлу, демократияны дамыту, құқық қорғау бағдарламалары арқылы да араб жастарына ықпал етті. 2007-2008 жылдары Сорос қаржыландыруымен Freedom House ұйымы «Адвокаттардың жаңа ұрпағы» бағдарламасын іске қосты. Бағдарлама Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкада бейбіт түрде саяси өзгерістер жасау мақсатында жұмыс істейтін азаматтық қоғамның жас белсенділерін қорғауға бағытталды. Тунисте «Адвокаттар жемқорлыққа қарсы» деп аталатын компанияны басқарды.
2010 жылы тағы да аталған Соростың «Ашық қоғам» институты «Твиттер арқылы демократияға жол табуға бола ма? Африкадағы медиақатысу келешегі» деп атал
123
скачать работу

Аймақтық дағдарыс синдромы немесе араб дауылы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ