Азаматтық істердің апелляциялық сатыда қаралу ерекшеліктері: сот өндірісіндегі алатын орны мен маңызы
Другие рефераты
Қазақстан Республикасы Конституциясының 13 – бабында әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауына құқығы бар [1] деп көрсетілгендей, заң әрбір адамға бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын, заңмен қорғалатын мүдделерін қорғап сотқа жүгінуге мүмкіншіліктер берген. Демек, мемлекетіміздегі әрбір жеке және заңды тұлғалардың құқығын қорғап, заңнаманың қағидаларын тікелей орындайтын сот билігінің билік саласы ретіндегі атқаратын жалпы мемлекеттік құрылыстың тұрақтылығының бірден бір кепілі, әрі басты құралдарының бірі болып табылады.
Елімізде сот жүйесін әлемдік стандартқа сәйкестендіру бағытында біршама игі шаралармен қатар, сот реформасына сай апелляциялық өндірісті күшейту бағыты өз дәрежесінде жүзеге асырылып, Азаматтық іс жүргізу кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобаларында да апелляциялық сатыға ерекше көңіл бөлініп отыр.
Осыған орай, Азаматтық іс жүргізу кодексінде сот актілерін қайта қарау бойынша іс жүргізуге арналған 40, 41 тараулар енгізіліп, аталған тарауларда сот актілеріне апелляциялық шағымдану мен наразылық келтірумен бірге апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша істерді қарау тәртібі қарастырылған.
Апелляциялық сатыдағы сот – заңды күшіне енбеген, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының шешімдерінен басқа, бірінші сатыдағы сот шешімдеріне апелляциялық шағым мен наразылықты қарайтын екінші сатыдағы сот [2]. Сот шешімдеріне апелляциялық шағым жасау құқығы іске қатысушы тараптар мен басқа да түлғаларға тиесілі.
Апелляция – бірқатар мемлекеттерде сот қаулысына шағымданудың бір нысаны, яғни тараптардың шағымдары бойынша және шағымда көзделген талап шегінде істі мәні бойынша қарайтын жоғары тұрған екінші сатыдағы сот болып табылады.
Дамыған өзге мемлекеттерде бұл институтқа айрықша мән берілген. Ал, Қазақстандық апелляциялық институтының өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, Ресейдің процессуалдық кодексіне сәйкес апелляция тек қана істі жаңадан қарау болып саналады. Біздің заңда апелляцияның екі жағы: істі бірінші инстанция тәртібімен соттың жоғарғы сатысында қарау және бірінші сатыдағы сот шешімінің заңдылығын тексеру қарастырылған.
Апелляциялық шағымдар мен наразылықтар бойынша апелляциялық сатыдағы сот:
– істе бар және қосымша табыс етілген материалдар бойынша істің нақты мән – жайы анықталуының;
– материалдық құқық нормаларының қолданылуы мен түсіндірілуінің дұрыстығын;
– істі қарау мен шешу кезінде азаматтық іс жүргізу заңы нормаларының сақталуын тексереді.
Сонымен қатар, істі апелляциялық тәртіппен қарау кезінде сот бірінші
сатыдағы сот шешімінің заңдылығы мен негізділігін тексерумен бірге, апелляциялық сатыдағы сот мәлімделген талап қою шегінде жаңа фактілерді анықтап, тараптың дәлелді себептері бойынша бірінші сатыдағы сотқа беруге нақты мүмкіндігі болмаған жаңа дәлелдемелерді зерттей алады.
Азаматтық іс жүргізуде сот актілерін қайта қарап тексеру, сотпен жіберілген қателіктерді жою маңызды рөл атқарады.
Апелляциялық сатыдағы сот өкілеттігіне келетін болсақ:
1) бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз, ал шағымды немесе наразылықты қанағаттандырмай тастауға;
2) бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгертуге;
3) бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жоюға және жаңа шешім шығаруға;
4) апелляциялық тәртіппен сот шешімінің күшін жоюдың не оны өзгерту көзделген материалдық немесе іс жүргізу құқығы нормаларының бұзылғаны анықталған жағдайда шешімнің күшін жойып, істі бірініші сатыдағы соттың жаңадан қарауына жіберуге;
5) іс бойынша іс жүргізуді қысқарту мен арызды қараусыз қалдырудың көзделген негіздері бойынша шешімнің толық немесе оның бөлігіндегі күшін жоюға және іс бойынша іс жүргізуді қысқартуға не арызды қарамай тастауға құқылы екендігі Азаматтық іс жүргізу кодексінің 358-бабында нақтыланған.
Апелляциялық сатыда іс сотқа келіп түскен күннен бастап бір ай мерзімде қаралып, істі қарау нәтижелері бойынша сот актісі қаулы түрінде шығарылады.
Бұл апелляциялық сатыдағы сот істе қосымша материалдар беруде істің мән жайын анықтауға, сондай ақ материалдық құқық нормасын талқылауға және оны дұрыс қолдануға мүмкіндік туғызып отыр. Сонымен бірге, сот актілерін қайта қарауда және оны заңды жолмен шешу барысында азаматтық іс жүргізу заңының сақталуын көздейтінін дәлелдеуде. Нақты айтқанда, заң шығару орны апелляциялық саты үшін мүдделілік танытқан тараптардың бастамасымен істі өз мәні бойынша екінші рет қараудың мүмкіндігін бекітіп берді.
Апелляциялық өндіріс іс жүргізудің сатысы ретінде – бір ортақ мақсатқа же, белгілі бір процессуалдық әрекеттердің жиынтығынан тұратын сот өндірісінің бір бөлігі [3].
Сот шешімдеріне апелляциялық шағымдар мен наразылықтар келтіру негізгі саты ретінде азаматтық іс жүргізуде маңызды орынды иеленіп, сот шешімдерін қайта қарау барысында өзіне тән ерекшеліктерімен сипатталады.
Олар төмендегідей сипаттарға ие:
1. Заңды күшіне енбеген сот шешіміне ғана апелляция беруге болады;
2. Апелляция бойынша іс жоғары тұрған сотқа жіберіледі;
3. Бірінші сатыдағы соттың шешімі қате болған жағдайда апелляция беруге болады;
4. Апелляциялық сатыда істі қайта қарау барысында дәлелдеме мәселелерімен бірге құқық мәселелерін де қарастырады;
5. Әр іс бойынша апелляциялық сатыға жүгінуге бір рет қана жол беріледі.
Сонымен қатар, апелляция сатысының негізгі мақсаты болып – екінші сатыда қаралатын істің мән жайларын дұрыс анықтап, материалдық құқық нормаларының дұрыс қоданылуы мен түсіндірілуін тексеріп, істі қарап шешім қабылдауда азаматтық іс жүргізу заңының нормаларын сақтау және қате сот шешімінің заңды күшіне енуі мен орындалуыныа жол бермеу.
Апелляциялық сатыдағы сот өндірісі азаматтық іс жүргізу қағидаларына негізделген, бірінші сатыдағы соттардың міндеті болып істерді мәні бойынша қарау болса, апелляциялық сатыдағы соттың міндеті заңды күшіне енбеген сот актілерін қайта қарау болып табылады. Апелляциялық сатыда іс жүргізуде соттардың тәуелсіздігі мен олардың тек заңға сүйенуі, сот әділдігін тек заңға сәйкес жүзеге асыру, сот ісін жүргізудің мемлекеттік тілі, сотта істі қараудың жариялылығы мен тараптардың айтысуы мен тең құқықтылығы қағидалары қатаң сақталады.
Апелляциялық сатыдағы сот тараптар табыс еткен немесе олардың өтініштері бойынша талап етіліп алынған, істі дұрыс шешу үшін маңызы бар қосымша материалдарды, алынған сараптамалық қорытындыларды бірінші сатыдағы сот үшін көзделген қағидалар бойынша зерделеп, отырысқа шақыртылған тұлғалардан жауап алады.
Аудандық және оларға теңестірілген соттар шығарған шешімдерге апелляциялық шағымдар мен наразылықтарды облыстық және оған теңестірілген соттың судьясы жеке-дара қарайды [4].
Апелляциялық сатыдағы соттың қаулылары мен ұйғарымдарына кассациялық шағымдану және наразылық беру құқығы тараптарға және іске қатысушы басқа тұлғаларға тиесілі. Іске қатысуға тартылмаған, бірақ сот олардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты қаулы немесе ұйғарым шығарған тұлғалар да кассациялық шағымдануға құқылы.
Апелляциялық сатыдағы соттың қаулылары мен ұйғарымдарына кассациялық наразылық беру құқығы істі апелляциялық тәртіппен қарауға қатысатын прокурорға тиесілі. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және оның орынбасарлары, облыстардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар істі қарауға қатысқан-қатыспағанына қарамастан, апелляциялық сатыдағы соттың қаулылары мен ұйғарымдарына наразылық беруге құқылы.
Апелляциялық сатыдағы соттың қаулылары мен ұйғарымдарына кассациялық шағымды немесе наразылықты облыстық және оған теңестірілген сот кемінде үш судья құрамында қарайды.
Қазіргі таңда еліміздің сот жүйесіндегі реформалар қарқынды деңгейде дамып, айтарлықтай маңызды жетістіктерге қол жеткізуде. Олай дейтінім, дайындалған заң жобасына сәйкес сот жүйесі үш буынды сот жүйесінен құрылды: бірінші саты – аудандық соттар, апелляциялық және кассациялық сатылар. Апелляциялық сатылар тек қана облыстық соттардың құзырында ғана сақталып, Жоғарғы Соттың апелляциялық алқалары таратылды. Облыстық соттардың қадағалау алқалары жойылып, қадағалау ретінде сот актілерін тексеру құқығы тек қана Жоғарғы Соттың құзырында қалдырылды. Сот сатыларының бұлайша қысқартылуы, өз құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгінуші адамдардың жағдайын жақсартуға өз үлесін қосары сөзсіз. Басты бағыт - еліміздегі сот жүйесінің реформаларының деңгейін көтеру, апелляция сатысының сот өндірісіндегі рөлін күшейту, қоғамда заңдылық пен тұрақтылықты нығайтуға мүмкіндік беретін тәуелсіз және тиімді сот төрелігін жетілдіру мен сапасын арттырып дамыту.
Жоғарыда көрсетілген мәселелерді қортындылайтын болсам, Е.А.Борисова еңбегінде заңды күшіне енбеген шешімдерді апелляциялық сатыда қайта қарау - сот актілерінің заңдылығы мен негізділігін тексеретін тез және тиімді әдістердің бірі деп көрсеткен. Себебі, судьялар өз қызметіне қаншалықты жауаптылықпен қараса да кателіктерді жіберуден сақталмаған. Істің мән жайын анықтауда жеткілікті қарамау, заңды дұрыс түсінбеу себептеріне қоса судьяның субьективті көзқарасы заңсыз және негізсіз шешім шығаруға әсерін тигізеді [5].
Қазіргі таңдағы апелляция сатысының сот өндірісіндегі алатын орны зор деп айтуға болады, сот шешімдерін қайта қарауда шешімнің заңдылығы мен негізділігін тексеріп әділ шешім шығарумен қатар азаматтардың сотқа деген сенімінің артуына негіз болып, сонымен қатар қоғам мен мемлекеттің мүддесін қорғаумен қатар ад
| | скачать работу |
Другие рефераты
|