Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ҚҰҚЫТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ



 Другие рефераты
Азаматтық істердің апелляциялық сатыда қаралу ерекшеліктері: сот өндірісіндегі алатын орны мен маңызы ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЯДРОЛЫҚ ҚАРУДАН БАС ТАРТУЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ МЕМЛЕКЕТТІК ДУМА ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ РЕФОРМАТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ДЕМОКРАТИЯ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП

Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан Республикасында ең маңызды мақсат пен қоса экономиканы көтеру емес, сонымен қатар әлеуметтік реформаларды жүргізу болды. Алынған нәтижелерге сәйкес, ескі саяси және экономикалық жүйеден біржола арылдық. Бүгінгі таңда басқа мемлекетке айналып, басқа саяси және экономикалық жүйелерді жүзеге асырдық [1]. Сонымен қатар, әлеуметтік жүйені де басқаша жолмен құрып, нарық заманына сай халықтық әлеухатын көтеру болып отыр.

Реформа жүргізу барысында әлеуметтік саланың анағұрлым әлсіз екені байқалды.

Теория жүзінде де әлеуметтік жүйені нығайтуға арналған құқықтық әдеби -  кітаптардың тапшылығы тәжірибе жүзінде осы саланы қайта құруға ат салыса алмады.

Осы кезде әлемдегі барлық елдер үшін өзекті мәселе – кәрілікті материалдық жағынана қамсыздандыру болып отыр. Біздің елде де бұл өзекті мәселеге айналды. Қазақстан Президенті Н.А.Назарбаевтың айтуы бойынша «2030 жылы 60 жастағы және одан асқан адамдар дамыған ел халықтарының үштен бірін құрайды» [2]. Яғни, зейнетақы алу жасына жеткен азаматтардың тұрмыс – халі қалай болмақ, қандай жүйемен реформалау тиімді болады? Осы сұрақтарды құқықтық шешу, мемлекеттің экономикасымен қабыстыру оңайға тиіп отырған жоқ.

Халықтың нарық жағдайындағы кірісін белсенді айналымға салу жоғарғы ұйымдасқан күрделі құрылымдарда, біртұтас жобаға біріктірумен жинақтаушы зейнетақымен қамсыздандыру кезінде ғана ықтимал болады. Мұндай қаржылық институттарға деген сенім дәрежесі көбіне мемлекеттік құрылымдардың қатысуы, құқықтық қамсыздандыру, заң шығарушы органдардың қолдауы, салықтық жеңілдіктер берілуі және атқарушы үкімет тарапынан бақылау арқылы жүзеге асырылады.

Жинақтаушы зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі бүгінгі таңда қалыптаса бастау кезеңінде тұр, бірақ құқықтық негіздердің жетіспеушілігінен,  іс жүзіндегі мәселелердің көптігінен, халықтың мұндай реформаны толық түсінбеуінен және адамдардың сенімсіздігінен толық іске аспауда. Сондықтан осы жағдайларды реттейтін заңдарды реформалау мәселелері көптен – көп туындайды, және оларды әрі қарай жетілдірудің жолдарын көрсету. ТМД елдерінің арасында Қазақстанда Зейнетақы жүйесін реформалау мақсатында мемлекет зейнетақы қорынан зейнетақымен қамсыздандыру төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығына өзгертіп, жинақтаушы зейнетақы қорларының жүйесі құрылды.

1997 жылы 20 маусымда қабылданған  «ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңы мемлекетте жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қалыптасуына жол ашты.

Басынан бастап осы реформаның маңызы мен іске орындалуы мұнда болды, бюджеттің жүйелігін жеңілдетіп және зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін әділеттік жүйеге арттыру.

Зейнетақы саласын реформалау біздің елімізде тарихи маңыздылығы ретінде бірнеше жыл бұрын Үкіметпен қабылданған шешім. Оның негізгі мақсаты зейнетақы салымшылардың жарналарын – сақтау және көбейту. Сақтау мақсатын жұзеге асыру үшін мемлекет тарапынан 3 сатылы қорғау механизмі құрылды:

1)                      Мемлекеттік институт  көмегімен Еңбек пен  әлеуметтік қорғау Министрлігінің жинақтаушы зейнетақы қорлар әрекеттерін реттеу комитеті  жинақтаушы зейнетақы жүйені қатаң қадағалауды орнату;

2)                       Жаңа жинақтаушы жүйесіндегі 3 негізгі қатысушы топтар – яғни жинақтаушы зейнетақы қорлар, зейнетақы активтерін басқару ұйымы және кастодиан банктердің  қызметін және өзара бақылау жүргізу жүйесін заңнамамен белгілеу;

Кастодиан  банк (латын тілінен  аударғанда сақтау деген мағынаны білдіреді) – бұл банк клиенттердің сеніп тапсырған бағалы қағаздар мен ақша қаражаттарын жауапкершілікпен сақтау және есепке алу   жөніндегі қызмет көрсететін банк.

3)                      Заңнамамен пруденциалды нормаларды және зейнетақы активтерді инвестициялауға қатаң түрде қаржы инструменттердің тізімін  анықтау. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінде қорлар – ең негізгі буын. Қазіргі кезде олардың саны 14. Демек, барлық қорлар бәсеке жағдайында қызмет етеді.

1998 жылдан бастап жинақтаушы зейнетақы реформасының және жинақтаушы зейнетақы қорларының басталу кезеңі есептелінеді. Аз уақыттың болуына қарамастан, зейнетақы қызмет ету нарығына жеке инвесторларды тарту; заңнамасы және нормативтік базасы және сонымен бірге нарық инфрақұрылымы қалыптасты. Бірақ ҚР «Зейнетақы қамсыздандыру туралы» заңдарына енгізілген өзгерістер  және реформалау саясатының жағымды әсері болса да, көптеген мәселелер қазіргі уақытқа дейін өз шешімін таппай келеді.

Жинақтаушы Зейнетақы жарналар мәні – салымшылардың жарнасын сақтау және көбейту, яғни нақты іс-жүргізуге инвестициялау. Қызмет ету механизмі осымен қорытындылады.

-         жұмыс беруші әр ай сайын зейнетақы жарнасының  міндетті нысанында еңбекақыдан, сонымен бірге сыйлықтың барлық түрлерінен, қосымша ақылар және үстемелердің жиынтығынан 10 % — ін салымшының жеке шотына аударылады. Осы қайнар көзден жинақтаушы зейнетақы қорларында салымшының зейннетақы жинақтаушы қалыптастырылады. Салымшылар не олардың жұмыс берушілер міндетті нысанасымен бірге қосымша ретінде еркін нысанда жарналарды, шексіз мөлшерде, олар бір рет  немесе бірнеше рет, ұдайы не үдемелі, қолма-қол ақша немесе аударылған түрінде қоса алады

-         Зейнетқы жинақтары салымшының еркімен таңдаған мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларына аударылады, зейнетақы шарт негізінде жеке зейнетақы шоты және жеке номері — Әлеуметтік жеке коды. (СИК).

Салымшының жинақталған жарнағы банк өкілі (кастодиан)  зейнетақы басқару активтер компаниясысы арқылы қорларға берілген қаражат бағалы қағазға, банк депозиттеріне аудырылады.

Ең басты қарайтын мән-жай, бұл қазіргі және болашақ зейнеткерлердің мүдделерін қорғау. Бұндай проблеманы жүйелі түрде шешу керек.

Біріншіден, тараптардың: зейнетақы  қоры,  жұмыс  берушілер,  сақтандырылған  тұлғалардың  өзара іс-әрекеті  мүдделері мен  амалдарының  үйлесуімен  қол  жеткізілетін еңбекақы туралы  мәліметтердің   шынайылығы. Бұл  жағдайда   еңбекақы  туралы   мәліметтерді  асырып  та,  төмендетіп те көрсету  мүмкін  болмайды,  өйткені  асырып  көрсету  зейнетақы  қорының   нақты аударылған  сақтандыру  жарналарына  жүзеге  асыратын  бақылауымен анықталады, ал азайтып  көрсету   қызметкердің  өзіне  тиімсіз, ол өз  еңбекақысынан сақтандыру  жарналарының  тиісті  көлемде   аударылуына  мүдделі,   өйткені бұл оның  еңбек зейнетақысының  мөлшеріне  әсер етеді.

Екіншіден, сақтандыру  өтілі  туралы   мәліметтердің  шынайылығы, ол  сақтандыру  өтілінен  жарна  төленбеген кезеңді  алып тастайтын  заңнамалық норманың  енгізілуімен  кепілдендіріледі.

Үшіншіден, мәліметтердің  уақыттылығы. Ұсынылатын  мәліметтердің   уақыттылығын қамтамасыз  ету үшін  оларды ұсыну  регламентін ойластыру  қажет.

Дербестендірілген  есепті  енгізу Зейнетақы қорына  ақшалай  қаражаттың  түсуі  үшін  базаны   күшейту және кеңейту  мақсатын көздейді, өйткені  нақты табысты  жасыру  және салық төлеуден  жалтару экономикалық  жағынан  тиімсіз болады.  Бұл өз кезегінде  біртіндеп сақтандыру  жарналарының   тарифін төмендетуге,  түсуін  ұлғайтуға мүмкіндік  береді.

Сонымен, дербестендірілген  есеп  келесі  міндеттерді  шешуге  мүмкіндік   береді: сақтандыру  жарналарының түсімін  ұлғайту, әлеуметтік  әділеттілікті  қалпына  келтіреді (зейнетақыны  қорға  аударымдар  жасағандар  ғана алады). Оның  үстіне есептің мұндай  жүйесі  республикадағы жұмыспен  қамтылған  тұрғындар  мен  зейнеткерлер санының өзгеруін  дәл болжауға   және  соның   нәтижесінде  зейнетақы  төлеуге қажетті  шығындарды  дәл болжауға мүмкіндік  тудырады.

Алайда  дербестендірілген  есепті  енгізумен  байланысты  көптеген  мәселелер  ашық күйінде  қалып отыр, мысалы зейнетақы  тағайындағанда еңбек кітапшасында  көрсетілген  өтіл  қалай  ескеріледі және т.б. Бұл есепке  сәйкес әрбір  қызметкер өзінің  жеке сақтандыру  нөмірін  алатындықтан,  ол өмір бойына сақталатындықтан адамға байланысты жан-жақты   құжаттар  жинағы пайда  болады: қайда, кім болып  жұмыс істеді, табысы  қандай болды және басқа. Сол  себепті  дербестендірілген  есепті  енгізумен   қорда бар  адам  туралы   құқықтық  және  этикалық  сипаттағы   мәліметтерді  өзге  құрылымдар – ІІМ,  салық  инспекциясы, Интерпол  және  басқалардың  пайдалану  мүмкіндігімен  байланысты  мәселелер  туындайды.

Дербестендірілген есеп жүйесін енгізу құқықтық, ұйымдастырушылық, техникалық сипаттағы міндеттердің

12
скачать работу


 Другие рефераты
Развитие психики в подростковом возрасте
Творчество И.Е. Репина
Выделение жирных кислот из растительных масел
История философии


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ