Азаматтықты тоқтату
Другие рефераты
Қазақстан Республикасының азаматтығы:
1) Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығу;
2) Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылу салдарынан тоқтатылады.
Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуға адамның осы Заңда белгіленген тәртіппен жасаған өтініші негізінде рұқсат етіледі.
Егер шығу туралы өтініш жасаушы адамның Қазақстан Республикасы алдындағы міндеттемелерінің немесе мүліктік міндеттемелерінің орындалмағандары болып, олармен азаматтардың немесе Қазақстан Республикасы территориясында орналасқан кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің елеулі мүдделері байланысты болса, Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығарудан бас тартылуы мүмкін.
ҚР азаматтығының тоқтатылуына азаматтықтан шығу мен ҚР азаматтығынан айрылу негіз болып табылады.
Азаматтықтан шығу – бұл ҚР Президентінің атына өтініш бойынша жүзеге асырылатын, өз еркімен азаматтықты тоқтату.
ҚР азаматтығынан шығар кезде, егер өтініш беруші адам республика алдындағы міндеттемелерін немесе республика аумағындағы азаматтардың, кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің алдындағы мүліктік міндеттемелерін орындамаса, онда азаматтықтан шығуға рұқсат етілмеуі мүмкін.
ҚР азаматтығын жоғалту:
а) адамдардың, ҚР мемлекетаралық шарттарында көзделгеннен басқа жағдайларды қоспағанда, басқа мемлекеттің әскери қызметінде, қауіпсіздік, әділет органдары немесе өзге де мемлекеттік өкімет және басқару органдарында істейтіндер;
б) егер Республика азаматтығы теріс мәліметтер немесе жалған құжаттар ұсыну нәтижесінде алынса;
в) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады.
«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» заңның арнайы жағдайлары ата-анасының азаматтығы өзгерген кезде, асырап алған кезде әр түрлі өмірлік жағдайда баланың мүддесін толық ескере отырып баланың азаматтығын реттеуге арналған. Мұндағы басты принциптер: отбасының барлық мүшелеріне бірдей азаматтықты қамтамасыз етуге тырысу; баланың қалауын ескеру; балада азаматтықтың болмауына жол бермеу; мүмкін жағдайда баланың мүддесіне сай Қазақстандық азаматтықты сақтау.
Ата-анасы азаматтығын өзгерткен және асырап алған жағдайдағы баланың азаматтығы:
-Ата-анасының азаматтығы өзгеріп, соның салдарынан екеуі де Қазақстан Республикасының азаматы болған, не екеуі де Қазақстан Республикасы азаматтығынан шыққан жағдайда тиісінше олардың 14 жасқа толмаған баласының азаматтығы да өзгереді.
-Егер баланың ата-анасының біреуі белгілі болса, осы ата-ананың азаматтығы өзгерген жағдайда тиісінше 14 жасқа толмаған баланың азаматтығы да өзгереді.
Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері жөніндегі арыздар мен ұсыныстарды қарау бойынша іс жүргізу:
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау, азаматтықты қалпына келтіру немесе одан шығу туралы өтініштер арыз берушінің жазбаша өтініші бойынша қаралады. 18 жасқа толмаған, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіппен қабілетсіз деп танылған адамдар жөніндегі өтініштер олардың заңды өкілдерінің нотариат куәландырған, басқа мемлекеттерде — Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемесi куәландырған өтініш бойынша қаралады.
Азаматтықтан шығу — ҚР-сы Президентінің атына өтініш жазу арқылы азаматтардың өз еркімен азаматтылығының тоқтатылуы болып табылады.
Егер азаматтықтан шығу туралы өтініш жасаушы адам ҚР-сы алдындағы міндеттемелерінің немесе мүліктік міндеттемелерінің орындалмағандары болып, ҚР-сы территориясының орналасқан мекемелер мен ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің елеулі мүдделеріне байланысты болса азаматтықтан шығарудан бастартуы мүмкін.Сонымен қатар өтініш жасаушы адам айыпкер ретінде қылмыстық жауапкершілікке тартылған болса немесе заң жүзінде күшіне еңген сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрсе ҚР-ның азаматтығынан шығуға жол берілмейді.
| | скачать работу |
Другие рефераты
|