Азаматтың есімі мен тұрғылықты жері
Другие рефераты
Азаматтың құқығы мен міндеттерін алу және жүзеге асыру тиісіншеғ дербестікке ие болу керек. Әрбір жеке азамат өзінің атымен аталады. АК-тің 15-*бабының 1-тармағына сәйкес азамат өз фамилиясы мен өз есімін, содай-ақ қаласа, әкесінің атын да қоса алды. Азаматқа туылған кезде ат қояды. Ал ата-анасы болмаған жағдайда оны тәрбиелеп отырған адам жүзеге асырады. Әдетте балаға ата-анасының ыамилиясы беріледі. Егер әртурлі фамилияда болса, онда ат-аналары қайсысын біреуді өздері келісіп шешеді. Некесіз туылған балаға әкесі жоқтыңынан сот арқылы қажет болмаған жағдайда анасының фамилиясы беріледі. Біздің елімізде 1998 жылдан бастап ата-анаға ұлттық дәстүрді ескере отырып, баланы әкесінің атымен мүмкіндігі беріледі.
Қазақстан Республикасының азаматтарының фамилиясы мен әкесінің атын ауыстыру жөніндегі тілек Республика Үкіметінің қаулысымен 1996 жылы 26 қыркүйекте қабылдаған Ережесімен айқындалады.
Азаматтың жеке дербестігі есімімен қатар оның тұрғылықты жерімен анықталады. Міндеттемені орындау, мұрагерлік жасау және басқа да азаматтық-құқықтық әрекеттер азаматтың тұрғылықты жерінде жүзеге асады. Азаматтың есімімен қатар оның тұрғылықты жері азаматтық, құқықтық қатынастың субъектісі нақтылай түседі. Өмірде аты, фамиилиясы және әкесінің аты бірдей болатын жағдайлар аз кездеспейді. Егер азаматтың атында әкесінің аты көрсетілмесе, онда олардың бір-бірінен айырмашылығын анықтау қиындай береді, Сондықтан да тұрғылықты жері бойынша азаматтың жеке басын куәландыру мәліметтер нақтыланады. АК-тің 16-бабында азаматтың тұрақты немесе тұратын елді-мекені оның тұрғылықты жері деп танылатындығы тұжырымдалады. Әдетте азаматтың тұрғылықты жері мен оның жұмыс орны бір-біріне сай келеді. ДЕйтұрғанмен, өзі бір жерде тұрып, екінше жерде жұмыс істейтін жағдайлар да кезедеседі.
ІІІ. Қорытынды бөлімі
Қорыта келгенде, әрекет жасау қабілеттілігі жоқ адамдардың да құқықтарға және міндеттерге ие бола алатындығы айтылған. Ал бұлар өздерінің құқықтарын қалайша жүзеге асырады? – деген сұрақ туады.
Ішінара әрекет қабілеттілігі әдетте, жасы кәмелетке толмағандарға тән. Ал берілген әрекет ауқымы олардың жасына байланысты. Заң мұндай тұлғаларды екі топқа бөледі: а) жасы кәмелетке толмаған 14 пен 18 жас аралығындар, б) жасы кәмелетке толмаған 14 жасқа дейінгі жас балалар.
14 пен 18 жас аралығындардың әрекет қабілеттілігі мейлінше ауқымды, олар заңда көрсетілген шекте әртүрлі мәлімелер жасай береді. 14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар басқалай мәлімелерді, яғни мәлімелерді ата-анасының, асырып алушыларының немесе қорғаншыларының келісімімен жасайды.
Біздің білуіміз бойынша тұлғаның екі категорисы бар. Құқық субъектілері – ең алдымен адамдар ( жеке тұлға). Әрбір адам – құқық субъектісі. Бірақ, құқықта субъектілердің басқа да категориясының барлығы мәлім. Бұл – ұжымдар, тоып жатқан ұйымдар және т.б. құқық пен міндеттердің иелері.
Қолданылған әдебиеттер.
-
Қазақстан Республикасының азаматтық құқықғы, авторы – Ғазиз Төлеуғалиев, Алматы, 2001 жыл.
| | скачать работу |
Другие рефераты
|