Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Баға тұрақтандыру

ng>- алыпсатарлық сұраныс;

       r- нарықтық ставка проценті,

       r- күтілген процент нормасы.

Монетарлық теорияны тереңдетіп, ақшаның қызметін күшейтіп, оның беделін көтеруге көп үлес қосқан экономист - М.Фридмен. Ол ақшаға сұраныстың таза теориясын ұсынды. 

 

       МД=РF (rb, re, p, h, y, и).

 

       Мұндағы әріптердің мәні:

       МД- номиналды ақша қалдықтарына жоспарлы сұраныс.

       Р - бағаның абсолютті деңгейі.

       rb - облигацияның проценттік нормасы.

       re- акция табысының нарықтық курсы.

       р - баға өзгерістерінің қарқыны.

       һ - ұлттық байлықтың заттай құрылымдары.

       у - тұрақты бағадағы ұлттық табыс.

       и - ақшаға сұраныстың басқа факторлары.

       Көріп отырғанымыздай, монетарлық теорияда ақшаны ұсыну мен оған сұраныстың қарапайым жай түрінен күрделі жағдайларына дейін дамып отырған. Ең бастысы мұнда ақшаның М1, М2, М3 деген түрлеріне, акциядан, облигациядан түсетін табыстың процент нормаларына ерекше назар аударылған. Айталық, М1 ақшалары кәсіпкерлер мен іскер адамдарға, сауда мен өндіріс саласына қажетті ақшалар. Ал М2, М3 ақшалары - М2 және банктегі ақшаларды, акция, облигациядан түсетін проценттерді қосып алады. Егер Қазақстанда 22-00-дей әр түрлі банктер: мемлекеттік, халықтық, коммерциялық және жеке банктер бар екенін ескерсек, айналысқа қажетті ақшаны компьютер машинасының өздері де есептеп шығаруы қиын, ал үкіметтің ақша станоктері күндіз-түні істеп, ақша жасап үлгере алмай келеді. Айналысқа ақшаны көп шығару инфляцияны күшейтетінін елдің бәрі біледі. Нарыққа көшкенге дейін айналысқа керекті ақшаны  К.Маркс өзінің ұсынған қарапайым формуласымен анықталды: ол тауар бағаларының барлық сомасын айналыс санына бөлгенге тең. Әрине ақша айналысына, айналысқа қажет ақшаға несиеге берілген тауарлар және басқа факторлар да әсер етеді. Қалай болса да нарыққа көшкенге дейін мемлекеттік банк ақша айналысына әсер етіп отырды. Шет елдерде, әсіресе, АҚШ-та жалпы ақша айналысын реттеп, қаржы-несие саясатын жүргізетін орталық банк, федералдық резервтік жүйе бар. Ол - банктердің банкісі. Басқа банктер оның қас-қабағына қарап әрекет етеді. Федералдық резервтік жүйе макроэкономикалық деңгейде қызмет атқарады. ең бастысы, банктік резервтерге бақылау жасап, осы арқылы ақша мен несиені ұсынуды реттеп отырады.

  

 

ІІІ-Тарау. Қазақстан Республикасының  баға жүйесі

         3.1. Бағаны тұрақтандырудың  Қазақстандық аспектілері            

 

         Нарық    экономикасына    өту    жағдайында    және     экономикалық    дағдарысты     жоюда,      макроэкономикалық     тұрақтылыққа     қол     жеткізуде    ҚР    бағаны   тұрақтандыру      маңызды    роль    атқарады.

          Қазіргі     уақытта    қалыптасқан    екі    деңгейлі     банктік     жүйенің     қызмет     етуіне     байланысты     жасалған     талдауда,     олардың     көрсетіп     отырғанындай,    кемшіліктердің    басым    бөлігі    банктер    қызметін    реттейтін     нормативтік     базаны     жасаудағы   артта    қалушылық       және    оның    іске    асырылуына     іс    жүзінде    бақылау     жасау      механизмдеріндегі     кемшіліктермен     сипатталады.

     Қазақстан   өз  тәжірибесінде  көптеген   баға   тұрақтандыру  мәселелеріне  байланысты  басты   сұрақтардың  шешімін   тиімді  етіп   шешіп   келеді  және  шешу  үстінде. Осы   тұрғыда  мемлекет   баға   тұрақтандыру    шараларын   қалыптастырып   үлгерді. 

·        Банкноталарды    монополиялы     түрде    эмиссиялау;

·        ақша-несиелік     қатынастарды    реттеу;

·        сыртқы    экономикалық    қатынастарды   жүргізу;

·        банктердің  қызметін   жүйелеу;

·        үкімет    тарапынан  бағаны  қадағалау  және  т.б..

         Ақша-несиелік     саясат    жүргізу    үшін    мемлекет    заңды    бекітілген     құралдары    мен    операциялар  арқылы   жұмыс   жасауда,    олар:   қайта    қаржыландырудың    ресми    мөлшерлемелері,    банкілерге    қойылатын    резервтік     талаптар    нормативі,     қысқа    мерзімді     ноталардың     шығарылымы,    ашық    нарық     операциясын     жүргізу,   кредиттік    және    депозиттік    операциялар,    вексельдерді    қайта   есепке   алу   және   т.б.

           Оларды    пайдаланудың    тиімділігін    республикада   2001-2004 жж.   қалыптасқан      инфляция    деңгейімен     (6,4-6,8%)    шамалауға    болады.   

           Сонымен    қатар     болашақта    артық    өтімділікті    «депозиттерге   тарту»      Ұлттық    банктің    басты    құралы    болатын     жоспары    бар.   Алайда    инфляциялық     қысым     көзі     сырттан  (сыртқы    валюталық    түсімдер)      болса,    артық    өтімділікті    шексіз    азайту    бұл    операцияның    тиімділігін    төмендетуі    мүмкін.   Мұндай    жағдайда    сыртқы    түсімдерді    реттеу    бағытында    шаралар    қолдану    қажет.

          Институционалдық    жағынан    қарасақ    несие    жүйесі    валюта   қаржы    мекемелерінің   кешені,    оны    мемлекет    экономиканы    реттеп    атқару    үшін     белсенді    пайдаланады.   Ақша-несие    жүйесі    қоғамдық &nbs

12345
скачать работу

Баға тұрақтандыру

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ