Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Бағалы қағаздар нарығының объектілері

-қол ақша қаражаты қозғалысы ведомостың тексергеннен кейін  ғана жүзеге асырылады. Дивиденд дұрыс төленбеген жағдайда қоғам жауап беруге міндетті. Дивиденд акционер табысының тек бір ғана бөлігі. Оның екінші бөлігі акция бағасының өзгеруне байланысты қалыптасады.

3. Жай акция бойынша меншік құқығын басқаға беру деген акционер өзінің акциясын я сатып, я сыйға беріп, я өсиетке қалдырып жүзеге асыруы. Сонымен қатар акция банктен несие алғанда кепілдікке де беріледі.

4. Қоғамдағы акционерлердің мүліктік мүддесін қорғауға дауыс беру құқығы. Бұған, мысалы, жаңа бағалы қағаздар шығару, қоғамның активтерінің бір бөлігін сату сияқты мәселелер жатады.  Активтер болып қоғамның барлық қозғалмайтын және қозғалатын меншігі: жер, құрылыс, мүлік, қолма-қол қаржы және с.с. есептеледі.

Директорлар кеңесі, жоғарыда айтып кеткеніміздей, қоғам акционерлерінің жылма-жыл өтетін жалпы жиналысында сайланады. Дауыс берудің екі әдісі болады. Тікелей дауыс беру — ол жай көп дауыс алу деген үғым. Ол әрбір акционердің қолындағы акция санына тең дауыс беру. Сонымен қатар, дауыс беруде сенім-хатты да пайдалануға болады. Акционерлердің жиналысында біреудің акциясы негізінде басқа біреу сенімхатпен дауыс беруінеөкілеттілік алады.

Көптеген қоғамдар жай акцияның номинал құнын бекітеді. Ол бір акцияға шаққандагы жарғылық капиталдың мөлшерін көрсетеді. Номинал қүны акцияның нарықтық бағасының одан әрі қозғалысына ешқандай әсер етпейді. Ол акцияны тек алғашқы орналастырғанда ғана маңызды роль атқарады. Номинал құны -ол акцияның эмиссиялық бағасы.

Егер акция көпшілікке сатылып кетсе, онда оның бағамын (курсын) сатуға қатысқан барлық инвесторлар қалыптастырады. Акцияның нарықтық бағасын сатушының төмендеткен төменгі бағасы мен сатып алушының төлейтін жоғары бағасы анықтайды. Акцияның нарықтық бағасы сұраныс пен ұсыныс негізінде айқындалады.

Акцияның эмиссиялық және нарықтық бағаларынан басқа, оның баланстық бағасы да болады. Акцияның баланстық бағасы — қаржылық есептің құжаттары негізінде анықталып, бухгалтерлік немесе «кітаптық» баға деп аталады. Ол активтің таза құнын (қоғам активінен оның пассиві минусталады) орналастырылған акция санына бөлгенге, немесе бір акцияға келетін акционерлерге тиесілі капиталдың көлеміне тең.

Қоғам жай акцияның номналын көрсетпей де шығаруға құқығы бар. Онда ол нарықтық бағаммен (курспен) сатылады. Бұл жағдайда акцияның сертификатында қоғамның капиталы бірнеше үлеске бөлінгені көрсетіледі. Қоғам жабылғанда бұл акциялар акционерлерге активтің бклгілі-бір бөлігін (номиналдық құнының емес) алуға кепілдік береді.

Артықшылықты (немесе преференциалды) акциялар — меншік туралы ерекше сертификат. Олар қоғам түсірген пайданың деңгейіне қарамастан өз иесіне белгіленген мөлшерде неғұрлым нақты дивиденд төленуін  қамтамасыз етеді. Префеенциалды акция дауыс құқығын бермейді. Ол дауыссыз бағалы қағаз. Осыған байланысты берілеген артықшылықтар дауыс құқығы жоқтығының орнына төлеу ретінде жүреді. Алайда, артықшылықты акция иемденуші -  акционерлер қоғамды жабу туралы шешім қабылдайтын болғанда ғана жалпы жиналысқа дауыс беру құқығымен қатыса алады.

Артықшылықты акциялардың өзі бірнеше түр тармағына: қатысушылар және қатыспаушылар, кумулятивтік және кумулятивтік емес, айырбасталатын және айырбасталмайтын болып бөлінеді. Артықшылықты акциялардың аталған түрлерін шығару қоғамның жарғысында қарастырылады. Акция иемденушілердің артықшылықтарды пайдалану мүмкіндіктері де әртүрлі болады. Атап айтқанда:

- үстеме пайданы бөлуге катысу;

- хабарланып, бірақ төленбеген дивиденд алу мүмкіндігіне келешекте қатысу;

- акцияны басқа түріне айырбастау мүмкіндігі.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде артықшылықты акциялар саны, әлбетте, барлық акциялардың 10%-нан аспайды. Демек, қоғам қаржысында олардың үлесі өте төмен. Дегенмен де, артықшылықты акциялардың коғам ісін басқаруда маңызы орасан зор. Олар акционерлік қоғамның жалпы жиналысында дауыс беретін жай акция иемденушілердің санын өзгертпей-ақ қосымша капитал тартуга мүмкіндік береді.

Қорыта айтқанда, жай акциялар бойынша дивиденд төлеу коғамның нәтижелі қызмет істеуіне байланысты болса, ал артықшылықты акциялар бойынша қоғамның шаруашылық қызметі нәтижелі болмағанына қарамастан алдын ала жоспарланған кіріс бойынша нақты мөлшерде дивиденд төленеді. Әрине нақты төленген дивиденд жылдық жұмыс нәтижесіне байланысты түскен кіріс мөлшерін өсіруі де мүмкін, керісіншеі бөлінген пайданың мөлшерін кемітуі де мүмкін.

Облигация деп — эмитенттің оны ұсынушыға белгілі бір уақытта облигацияда көрсетілген құнды және осы құннан белгіленген процентты  алуға құқық беретін эмиссиялық бағалы қағаз. Облигация — бағалы қағаздардың әр алуан түрі. Облигация иесінің және облигация эмитентінің арасындағы қарыз қатынасын куәландырады. Облигация өз иесінің облигация бойынша тіркелген пайызды, сондай-ақ өтеу сәтіндегі облигацияның атаулы құнын алу құқығын растайды. Облигация шығару арқылы тартылған капитал акционерлік капитал деп есептелмейді.

Облигация мерзімдік қарыз міндеттемесі болғандықтан оның кепілі болып эмитенттің жалпы кепілдігі саналады. Ол кепілдік — эмитенттің банкротқа ұшырап, өз міндеттемесін орындай алмаған кезінде — қоғам мүлкінің бір бөлігін иемденуге облигация ұстаушының құқығы. Облигация да акция сияқты қоғамды инвестициялаудың ең маңызды көзі. Дегенмен бұл екі бағалы қағаздардың бір-бірінен түбегейлі өзгешеліктері бар. Ол өзгешеліктердің маңыздылары мыналар:

1. Облигация ұстаушы қоғамға несие беруші, ал облигация — қоғамды несиелеудің куәлігі. Акционер қоғамды меншіктенуші. Ал акция сол меншіктеудің куәлігі тәрізді.

2. Облигация  ұстаушыға процент түрінде табыс төленеді.
Оның мөлшері алдын ала бекітіліп, нақты анықталады. Бұл бағалы
кағаз өзінде көрсетілген белгілі бір анықталған уақыт аралығында
ғана кіріс түсіреді. Облигация бойынша процент басқа өтелетін
дивидендтерден бұрын төленеді. Қоғамның процентті уақытында
төлей алмауы оның банкрот деп танылуына тең. Акционер де дивиденд түрінде табыс алады. Бірақ дивидендтің мөлшері тіркелмейді және ол арнаулы уақытта төленбейді. Егер қоғам дивиденд төлеу туралы хабарламаса, демек, төлегісі келмесе, онда акционер қоғамға қарсы ешқандай шара қолдана алмайды.

3. Басқа несие беруші сияқты, облигация ұстаушының дауыс беру құқығы жоқ. Ол акционерлер жиналысына, сонымен қатар, қоғамды басқаруға да қатыспайд. Оған керісінше, акция иесінің қоғамның мүліктік мүддесін қорғауда шешуші дауыс құқығы бар.

4. Облигация бойынша табыс төлеу қоғамның шығынын құрайды. Ол салык төлегеннен қалған пайдадан төленеді. Ал дивиденд те қоғамның таза пайдасынан өтеледі.

Облигацияда оның номиналы, купондық мөлшері, эмиссия шарты, өтеу туралы нұсқау, қамтамассыз етілуі, рейтингі көрсетіледі.

Номинал -  облигация сертификатының бет жағында көрсетілген ақша қаражаты. Оны облигация ұстаушы өтелу мерзімі келгенде алады.

Купондық мөлшері – жыл сайын эмитент төлейтін облигацияның номинал құнына байланысты келісілген процент. Жыл сайынғы купондық мөлшер бөлініп, мысалы, жарты жылда немесе тоқсан сайын бір рет төленуі мүмкін.

Эмиссия шарты – облигация шығару мәмілесі. Ол қарыз алушымен траст компаниясының шарты бойынша шығарылады. Траст компаниясы қоғамның инвесторлары алдында оның кепілі болып, облигация ұстаушылардың мүддесін қорғап, эмитенттің өз міндеттемелерін орындалуын қадағалап отырады.

Өтеу туралы нұсқау – эмиссия шартындағы тармақ. Ол бойынша эмитент облигацияның номинал құнын және процент төлейтін арнаулы қор құрады. Ол қор траст компаниясының бақылауында болады.

Өтеу күні – қоғамның сатып алушыға облигацияның номиналына тең соманы қайтаратын және процент төлеуді тоқтататын күнтізбектегі күн.

Облигация қаматамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген болып екіге бөлінеді:

Қамтамасыз етілген облигациялар – облигацияны шығару кезіндегі кепілдік ретіндегі эмитенттің активтерін немесе мүліктерін салуды айтады. Егер эмитент өзінің облигациялары бойынша төлемдерді өтемесе, онда облигация ұстаушылар қойылған кепілді өзіне алуларына құқықтары бар. Қамтамасыз етілген облигациялар ретінде: жылжымайтын мүлік, бағалы қағаздар, жылжымалы мүлік айтылады. Материалдық емес активтер қамтамасыз етілген облигациялары ретінде шыға алмайды.

Қамтмамасыз етілмеген облигациялар – жалпы кепілдігі бар, басқаша айтқанда, эмитенттің жақсы атағымен шығарылған қарыз міндеттемелері. Оларды болашақтағы шаруашылық ісінен түсетін табысқа үміттеніп шығарады.

Облигацияның рейтингі – олардың инвестициялық сапасын арнаулы фирмалардың бағалауы. Әлбетте, облигациялардың барлық шығарылған сериясы бағаланбайды, тек екінші нарықта кең көлемде сұранысқа ие болатындары ғана бағаланады. АҚШ-та, мысалы, «Standart and Poor’s» «Moody’s investors service» компаниялары рейтинг анықтаумен шұғылданады. «Moody’s» компаниясы облигацияны бағалауды төмендегі түрде жүргізеді:

-         Ааа — өте жоғары

-         Аа – жоғары сапа

-         А – ортадан жоғары

-         Ваа – орта сапа

-         Ва – алыпсатарлық элементтері бар

-         В – инвестицияға қажет белгілері жоқ

-         Саа – төмен сапа

-         Са – белгілі бір мөлшерде а

1234
скачать работу

Бағалы қағаздар нарығының объектілері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ