Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Бағалы қағаздар нарығының объектілері

я жеткізіп ьерумен, я кері мәмілеге келумен жүзеге асырылады
Форвардтық нарықта мәмілені жою тек қолма-қол ақша төлеумен жүзеге асырылады
7. Фьючерстік нарықта сауда ашық келісіммен аукционда жүргізіліп, биржа ережелерімен реттеледі Форвардтық нарқта сауда шарт негізінде реттеледі

 Фьючерстік және форвардтық нарықтардың сипаттамасы.

Варрант – бұл негізгі бағалы қағаздарды шығарумен қатар (корпоративтік артықшылығы бар акциялар, облигациялар) көрсетілген қор құндылықтарын сатып алуға қызығушылық тудыру үшін пайда болатын бағалы қағаздар. Варрант оның иесіне белгілі бір уақыт ішінде алдын ала белгілеген баға бойынша сатып алынған бағалы қағаздарға  берілетін құқық. Варрант иесі – оның сатып алушысы. Варрантты  сатушы тұлға  болып сол шартты қағаздарды шығаратын (эмиссияны жүзеге асыратын) және  варрант сатып  алушыға қатысты міндеттемелерді қабылдайтындар. Бағалы қағаздардың варрант бойынша алынған бағасы, сол варранттың атқаратын бағасы болып аталады. Варрантар кей жағдайда бағалы қағаздың өзімен бірге ұсынылады және олардың құны бағалы қағаздың құнымен бірдей болуы керек. Бұл бағалы қағаздардың құны варранттардан бөлінуі мүмкін, егер бағалы қағаздар нарығында өз бағамына ие болса және дербес қызмет  ете алса. Варранттар акцияларға да облигацияларға да шығарылады. Варрант – ұзақ мерзімді бағалы қағаз. Ол 10 жылдан 30 жылға дейін, ал кейбіреуі мерзімі шектеусіз айналыста жүреді.

Еурооблигациялар – ол еуронарықта ұзақ мерзімді займ алғанды қарыз алушының шығарған қарыз міндеттемесі. Оларды елдің үкіметі, муниципалитеттер, банктер, халықаралық несие ұйымдары, трансұлттық корпорациялар қосымша қаржыландыру көзі ретінде шығарады. Еурооблигациялар ай және проценттік ставкасы бекітілген түрінде шығарылып, айналыс мерзімі 3 жылдан артық уақытқа орналастырылады.

Своп — белгілі бір мерзім ішінде белігілі бір шарттар бойынша екі жақтың қаржы құралдарымен айырбасы жөніндегі келісімін куәландыратын туынды бағалы қағаз түрі. «Своп» — swap деген ағылшын тілінен аударғанда айырбас деген ұғымды білдіреді. Айырбастың бірнеше ұғымдары бар. Кәсіпкерлік тәжірибесінде  — бұл қайта сату кепілдігімен  алынған уақытша сатып алу деп түсіндіріледі.

2009 жылдың қорытындысы бойынша, қолданыстағы акциялар шығарылымы бар акционерлік қоғамдардың жалпы саны 2 196 құрады. 2009 жылғы 444 акциялар шығарылымы тіркелді (оның ішінде шығарылымдар проспектісіне енгізілген өзгерістер), акциялардың шығарылымы жəне орналастыру қорытындысы туралы 667 есеп бекітілді, сондай-ақ 260 акциялар шығарылымы жойылды.

Агенттік 2009 жыл ішінде жалпы көлемі 3 356 658 млн. теңге болатын мемлекеттік емес облигациялардың 89 шығарылымын тіркеді.

2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жиынтық номиналды құны 5 216 267 млн. теңгені құрайтын қолданыстағы облигациялар шығарылымының саны 395 болды, олардың ішінде рейтингтік бағасы бар 30 шығарылымы, 177 шығарылымы – бірінші шағын санаттың рейтингтік бағасы жоқ, 30 шығарылымы – екінші шағын санат рейтингтік бағасы жоқ жəне 78 шыңарылымы – буферлік санат KASE ресми тізіміне енгізілген.

Еврооблигациялардың негізгі эмитенттері болып екінші деңгейдегі банктер және олардың еншілес ұйымдар болып табылады, ал 2009 жылдың қорытындысы бойынша KASE-тің ресми тізіміне 8 шығарылым енгізілді.

Зейнетақы активтерінің тұрақты өсуінің нәтижесінде, жоғары өтімділік инструметтерінің жеткіліксіздігі эмиссиялық белсенділікті тудырды. Сонымен бірге өзініің активтерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес облигацияларына салатын қаржы нарығының қатысушыларының инвестициялық белсенділікті де атап айтуымыз жөн.

2010 жылғы 1 қаңтардағы қолданыстағы пайлар шығарылымының саны 182 құрады. Бұл ретте 2009 жылғы қаңтар-желтоқсанда 32 пай шығарылымы тіркелді, шығарылым мен орналастыру қорытындылары туралы 195 есеп бекітілді жəне 37 шығарылым өтелді.

Қазақстандағы қор нарығының жай-күйінің негізгі индикаторы болып, бұрынғыша – KASE қор биржасы ұсынған ұйымдасқан нарығы болып табылады.

KASE айналымын жіберілген бағалы қағаздардың негізгі үлес салмағы борыштық бағалы қағаздарға — 57,0% (315 шығарылым) келеді. Акциялар мен мемлекеттік бағалы қағаздар секторы бойынша тиісінше — 17,7% (98 шығарылым) жəне 24,8% (137 шығарылым). Инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарының үлесі 0,3% (2 шығарылым) құрайды. Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарының үлесіне 0,2% (1 шығарылым) келеді.



[1] Қазақстан қор биржасының сандары мен фактілері//Қазақстан бағалы қағаздар нарығы. –А.,2003, №11

[2] Қазақстан Республикасының 2003 ж. 02 шілдесінен №461-II «Бағалы қағаздар нарығы туралы»  Заңы

 

1234
скачать работу

Бағалы қағаздар нарығының объектілері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ