Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Бағалы қағаздар нарығының объектілері

лыпсатарлық

-         С – ең төменгі сапа

Облигациялардың сұрыптамасы

Эмитентке байланысты:

1)    мемлекеттік;

2)    корпоративтік;

3)    шетел.

Облигациялық қарыздың мерзімі бойынша:

4)    белгіленген өтем мерзімі бойынша:

- қысқа мерзімді (1 ж.-3 жылға)

- орта мерзімді (3 ж.-дан 7 ж.-ға дейін)

- ұзақ мерзімді ( 7 ж.-дан астам)

- мерзімсіз

5) белгіленбеген өтем мерзімі бойынша.

Шығару формасына байланысты:

6) құжатсыз;

7) құжатты.

Иемдену тәртібі бойынша:

8) ұсынушылық;

9) атаулы.

Табыс алу тәсілі бойынша:

10) табысты (эмитентте қажетті табыс болған кезде пайыз мөлшерлемесі бойынша төленеді);

11) пайызсыз ( дисконтпен сатылады, яғни номиналды құнынан арзан);

12) қалқымалы пайызбен ( пайыз ставкасы банк ставкасына байланысты).

Өтеу әдісі бойынша:

13) қатарлы;

14) бір реттік.

Айналым сипатына байланысты:

15) өзгермелі;

16) өзгермейтін.

Қамсыздандыруына байлансыты:

17) кепілдікпен қамсыздандырылған;

18) кепілсіз қамсыздандырылған.

Мемлекеттік бағалы қағаздар – бұл Қазақстан Республикасының үкіметімен, жергілікті атқарушы органдармен немесе ҚР Ұлттық банкімен шығарылатын қарыздық бағалы қағаздар. Мемлекеттік бағалы қағаз – ішкі және сыртқы қарызды тарту арқылы мемлекеттің қарызы.

Қарыз алушы ретінде Қазақстан Республикасының үкіметі, жергілікті атқарушы органдар немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылатын, осы займ бойынша бағалы қағаздарды ұстаушылардың мүліктік құқықтарын растайды.         Мемлекеттік бағалы қағаздар, әдетте, бюджеттің ағымдағы кемшілігін қаржыландыру; мемлекеттік қарызды жою, атап айтқанда, бұрыңғы займды өтеу; мемлекеттік бюджеттің кассалық орындалуын қамтамасыз ету; жергілікті әкімшілік органдарының атқаратын мақсатты бағдарламасын қаржыландыру және әлеуметтік мекемелер мен ұйымдарды қаражатпен қамтамасыз ету мақсатында шығарылады.

Мемлекеттік бағалы қағаздар тек құжатсыз түрінде ғана шығарылады. Оларды сатып алуға кез келген заңды және жеке тұлғалар, соның ішінде Қазақстан Республикасының резидент емес тұлғалар ие болады.

Бағалы қағаздардың басқа да түрлері.

Коносамент — тасымалдаушы жөнелтушіге беретін және жүктің тасымалдауға қабылданғанын куәландыратын құжат. Коносамент ұсынушылық, ордерлік және атаулы болып  бөлінеді. Коносамент белгiлi бiр алушының атына (атаулы коносамент), жөнелтушiнiң немесе алушының бұйрығына (ордерлiк коносамент), не ұсынушыға берiлуi мүмкiн. Жөнелтушiнiң немесе алушының бұйрығына берiлгенi туралы көрсетiлмеген ордерлiк коносамент жөнелтушiнiң бұйрығына берiлген болып есептеледi.

Коносамент өзінің айналым сферасы бойынша қаржылық емес тауар нарығына жатады.

Өткізу коносаменті — тасымалдаушы жөнелтушіге беретін және жүктің тасымалдауға қабылданғанын куәландыратын құжат, онда тасымалдың бір бөлігін басқа тасымалдаушының жүзеге асыруға тиіс екендігі көзделеді.

Тауар жарлығы құжаттары басқа да бағалы қағаздардың түрлері сияқты оларды ұсташыларға белгілі бір тауарға иелік етуге құқық береді.

Жүктi тасымалдау үшiн қабылданғаннан кейiн тасымалдаушы жөнелтушiнiң талап етуiмен жөнелтушiге коносамент беруге мiндетті. Жөнелтушi тасымалдаушыға коносаментке енгiзу үшiн табыс етiлген деректердiң дұрыстығына кепiлдiк бередi және мұндай деректердiң дұрыс еместiгi салдарынан тасымалдаушыға келтiрiлген залал үшiн жауапты болады. Коносаменттiң мазмұны.

Коносаментке мынадай деректер енгiзiлуге тиiс:

- тасымалдаушының атауы және оның тұратын жерi;

- жөнелтушiнiң атауы және оның тұратын жерi;

- егер алушыны жөнелтушi көрсеткен болса, алушының атауы;

- жүктiң сыртқы жай-күйi және оның буып-түйiлуi;

- алушы төлеуге тиiс мөлшердегi жалдау ақысы немесе жалдау ақысын олардың төлеуге тиiс екенiн өзге де түрде көрсету;

- коносаменттiң берiлген уақыты мен орны;

- егер коносамент бiреуден көп болса, олардың түпнұсқаларының саны;

- тасымалдаушының немесе оның атынан әрекет етушi адамның қойған қолы

Тараптардың келiсiмi бойынша коносаментке өзге де деректер енгiзiлуi мүмкiн.

Депозитарлық қолхат – ол шетел компаниясы шығарған акцияның белгілі-бір мөлшерін банктің иемденуін куәландыратын бағалы қағаз. Ол арнаулы заң негізінде шығарылады. Алғашқыда депозитарлық қолхат өткен ғасырдың 20-жылдарында американдық инвестицияны шетел акциясына салу мақсатында АҚШ-та пайда болды. Сондықтан оны американдық депозитарлық қолхат (АДҚ – ADR) деп атайды.

Туында бағалы қағаздар – бұл базистік активтің болашақтағы бағасының ауытқуы арқасында табыс алуды көздейтін бағалы қағаздың бір тобы болып табылады. Аталған туынды бағалы қағаздардың негізгі активтеріне қатысты құқығын куәландыратын бағалы қағаздар. Осы орайда, негізгі активтер деген түсінікке биржаның ішкі құжаттарымен анықталған қалыпты тауар топтамасы, бағалы қағаздар, валюта, қаржы құралдары мен басқа да көрсеткіштер енеді.

Олардың негізгі ерекшеліктері болып:

1)    Олардың бағасы базистік активтің түбінде жататын бағасына негізделеді;

2)    Туынды бағалы қағаздардың сыртқы айналым формасы негізгі бағалы қағаздар нарығының айналымына ұқсас

3)    Базистік активтердің өмір сүру мерзіміне қарағанда шектеулі

Туында бағалы қағаздардың түрлері:

1)    еркін айналыстағы опциондар;

2)    фьючерстік келісім шарт;

3)    варрант;

4)    своп және т.б.

Опцион — бір тарап (опционды сатушы) сату немесе сатып алуға міндетті, ал екінші тарап (опционды сатып алушы) аталған келісім-шартта көрсетілген мүлікті (негізгі активті) белгілі бір мөлшерде, келісілген бағамен сатып алу немесе сату құқығын иеленетін келісім-шарт түрі. Саудаластықты ұйымдастырушы жағынан осы келісім-шарттың жай-күйін бір үлгіге салған жағдайда, ол туынды бағалы қағаз ретінде қолданысқа ене алады. Опционның екі түрі кездеседі:

а) активті сатып алуға құқық беретін опцион. Ол сатып алушы опционы немесе колл опционы деп аталады.

ә) активті сатуға құқық беретін опцион. Оны сатушы опционы немесе пут опционы деп атайды.

Опционның негізі болған активтің екі бағасы болады: ағымдағы нарықтық баға, немесе спот бағасы және опционда көрсетілген оны орындау бағасы. Ал опционның өз бағасы сыйақы деп аталады.

Форвард – активті сатып алу-сату жағдайлары туралы алдын-ала келісілген, бірақ болашақта орындалатын биржадан тыс жасалатын мерзімді шарт. Бұндай шарт саудаға түсіру үшін келісілген актив бағасының қолайсыз өзгеруінен сақтандыру үшін жасалады, яғни бағасы өскенде шартты сатып алушы ұтса, төмендегенде сатушы ұтады.

Фьючерс – мәміленің шарттарына сәйкес белгілі бір мерзім өткеннен кейін сатып алушыға базалық активті сатуға (сатып алуға) жауапкершілікті беретін, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналыста жүретін туынды бағалы қағаз.

Фьючерстік контракт мәмілеге  қатысушыларға қор құндылықтарын жеткізумен ғана аталуы мүмкін, бірақ ол нақты тауарды жеткізіп беруді де қарастыруы мүмкін. Бұл жағдайда фьючерстік контракт  мәмілеге қатысушылардың біріне контрактының құны мен биржалық бағаның арсындағы айырманы төлеуді қарастырады. Фьючерстік контракттар бойынша есеп айырысу әрбір қатысушыға міндеттемелерінің орындалуына кепілдік беретін сомалар келіп түсетін биржалық есеп айырысу (клирингтік) палатасы арқылы жүзеге асырылыды. Оның опционнан өзгешелігі таңдау құқығы емес, ол – орындау үшін алған міндеттеме.

Мерзімді нарық жасасқан мәмілелердің тек әртүрлілігіне ғана байланысты емес, сондай-ақ нарықты ұйымдастырудың түріне қарай да жіктеледі. Ол келесі суретте салыстырмалы түрде қарастырылған.

Фьючерстік нарық

Форвардтық нарық

1. Сауда-саттық биржада жүргізіледі Форвардтық мәміле – ол банкаралық мәміле, яғни биржадан тыс мәміле
2. Фьючерстік шарт стандартталған Шарт жағдайларын екі жақ мәміледе келіседі
3. Мәмілеге екі жақ қатыспайды, оның орындалуына есеп айырысу (клиринг) палатасы кепілдік береді. Екі жақ – сатып алушы мен сатушы кездесіп, мәміле жасасады
4. Фьючерстермен саудада күнбе-күн есеп айырысады және сақтандыру дарнасы төленеді Форвардтармен саудада келісілген мәміле мерзімі біткен соң ғана есеп айырысады
5. Фьючерстік нарықта құқықтық-міндеттеме еркін басқаға беріледі Форвардтық нарықта құқықтық-міндеттеме басқаға берілмейді
6. Фьючерстік нарықта мәмілені жою
1234
скачать работу

Бағалы қағаздар нарығының объектілері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ