Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Балалар мен жасөспірімдердің өсу және даму заңдылықтары



 Другие рефераты
Орталық нерв жүйесінің физиологиясы Нерв жүйесінің құрылымдық-функционалдық құрылысы Витамин ТӘРІЗДЕС заттар Майда еритін витаминдер

Мақсаты: Жас ерекшеліктер физиологиясы мен мектеп гигиенасы курсының зерттеу пәні, мақсаты мен міндеттерін түсіндіре отырып, осы курстың болашақ педагогтерге қажеттілігін баяндау.

Сұрақтар:

1 Жас ерекшеліктер физиологиясының мақсаты мен міндеттері, басқа ғылымдармен байланысы.

2 Жас ерекшеліктер физиологиясындағы зерттеу әдістері.

3 Мектеп гигиенасының мақсаты мен міндеттері.

4 Организм біртұтас құрылым. Гомеостаз және ағзаның реттелу қызметтері.

5 Өсу және даму түсініктері. Онтогенетикалық даму заңдылықтары.

6 Ағзаның даму кезеңдері.

7 Дамудың әр кезеңдеріндегі дене пропорциясы мен өсуі

Жасқа сай физиология және гигиена пәні ғылымның eкi саласын қамтиды: адам организмiнің, жеке мүшелердің және мүшелер жүйелерiнің қызметтерiнің жас ерекшелiктерiнің заңдылықтарын, даму жолдарын қарастыратын жасқа ерекшелшіктер физиологиясы мен адамның денсаулығын caқтayғa қажеттi жағдайларды қарастырып, анықтап, түрлі ұсыныстар жасайтын гигиена ғылымдары. Жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиена­сының пәні педагогика ғылымымен де байланысты, себебi педагогика жоғары жүйке әpeкeтiнiң, заңдарына сүйене отырып, оқу-тәрбие жұмыстарын ғылыми негiзде iскe асырады. Балаларға дұрыс тәрбие беріп, оқытудың нәтижесі оның анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерінің қаншалықты ескерілігенімен, қай жағдайда сыртқы орта әсеріне төзімді,  сезімтал, қай кезде ағзаның қорғаныш қабілетінің төмен екендігін білуімен тығыз байланысты. Балалардың ми қызметінің ерекшеліктерін білу арқылы әр кезеңде болатын психикалық, психофизиологиялық өзгерістерді, назарының артуын, еске сақтау қабілеттерінің жоғарғы деңгейін біле аламыз. Басқа ғылымдар iспеттi жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасы бiрнеше ғылыми зерттеу әдicтерiн пайдаланады: бақылау, табиғи және лабораториялық тәжірибе, функциялық жүктеме, телеметрия, антропометрия т. б.

Адам ағзасы атқаратын қызметі мен құрылысының ортақтығы бойынша біріктірілген бір-біріне өзара бағынышты ұйымдастырылған күрделі жүйе. Жүйе элементі болып жасуша табылады. Біртұтас ағзаның қызметі қоршаған ортамен тығыз байланыста болған кезде ғана жүзеге асады. Ағза қызметінің барлық процестері ағзаның ішкі ортасының салыстырмалы тұрақтылығы сақталған жағдайда ғана жүзеге асады. Ағзаның ішкі ортасына: қан, лимфа, жасуша аралық сұйықтық жатады. Ішкі ортаның физика-химиялық қасиеттері мен химиялық құрамының тұрақтылығын сақтау қабілеттілігі гомеостаз деп аталады. Ағзадағы клеткалар саны мен салмағының ұлғаюына байланысты дене көрсеткіштерінің артуын өсу деп аталады. Өсумен қатар организмде даму жүріп жатады. Даму — сапалық көрсеткіш. Организмнің дамуы деп сандық көрсеткіштердің сапалық көрсеткіштерге айналып, ұлпалардың жекешеленіп, белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуін, организм мен оның жеке мүшелерінің қызметінің артуын, баланың ақыл-ой өрістерінің молаюын айтады

Жас кезеңдері – бұл өсуі мен дамуы ұқсас, физиологиялық ерекшеліктері бірдей уақыт мөлшерінің шегі. Белгілі бір жас кезеңінде организмнің даму дәрежесі бір деңгейге жетіп, келесі деңгейге дайындалу мерзімі басталады. Әрбір жас кезеңдерінің белгілі бір ерекшеліктері болады. Бір кезеңнен екінші кезеңге ауысу уақытын «өзгеру мезгілі» немесе ауысу мерзімі деп атайды. Өзгеру мезгілі әр кезеңде де ауыр, организм көп күш жұмсайтын кез, ол денедегі біртіндеп жиналған өзгерістерге жаңадан бейімделу уақыты. Сондықтан өзгеру мезгілінде адам организмі біршама әлсіреп, сыртқы ортаның жағдайларының өзгерістерін қиналып өткізеді.  Бұл кезде жүрек, қан тамырлары мен жүйке жүйелеріне түсетін салмақ ауыр болады. Өзгеру мезгілін басынан өткізу адамның жасы ұлғайған сайын қиын болады. Жас кезеңдерінің уақыттары әр түрлі шектелген. Ол организмнің биологиялық көрсеткіштеріне негізделген.

Бақылау сұрақтары:

  1. Жас ерекшеліктер физиологиясының зерттеу әдістерін атаңыз.
  2. Аталмыш курстың қандай ғылым салаларымен байланысы бар?
  3. Өсу мен даму процестеріне ортақ заңдылықтарды атаңыз.
  4. Қандай жас кезеңдерін білесіз?
скачать работу


 Другие рефераты
Ханство Абулхаира
Ауаны таза ұстаудың шаралары
ЕЛТАҢБА
Математические методы в организации транспортного процесса


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ