Нерв жүйесінің құрылымдық-функционалдық құрылысы
Другие рефераты
Мақсаты: Нерв жүйесінің адам өміріндегі маңызы түсіндіру. Нерв жүйесінің құрылымдық элементтерінің физиологиясымен және жастық ерекшеліктерімен таныстыру.
Сұрақтар:
1 Жүйке жүйесінің маңызы.
2 Нерв жүйесінің құрылымдық және функционалдық бірлігі — нейрон. Нейрондардың жіктелуі.
3 Нерв талшығының құрылысы мен қызметі, жіктелуі.
4 Синапс, классификациясы.
5 Рефлекс, оның түрлері. Рефлекс доғасының жалпы схемасы.
6 Нерв орталығы, оның қасиеттері.
Негізгі қызметі ақпаратты тез және дәл беру, жинақтау болып табылатын нерв жүйесі мүшелер мен мүшелер жүйесін бір-бірімен байланыстырып, ағзаның біртұтастығын қамтамасыз етеді; оның қоршаған ортамен қарым-қатынасы әр түрлі мүшелердің қызметін реттеп, үйлестіреді, біртұтас жүйе ретіндегі бүкіл ағзаның қызметін өзгермелі қоршаған және ішкі орталар талаптарына бейімдейді. Нейрон нерв жүйесінің ақпаратты қабылдауға, өңдеуге, сақтауға, беруге және интеграциялауға бейімделген құрылымдық және функционалдық бірлігі. Нейрон денеден және өсінділерден тұрады. Нерв жүйесі құрылымдарының негізгі қасиеттері мен қызметтері: тітіркенгіштік, қозғыштық. Нерв қызметінің негізгі нысаны рефлекторлық актілер болып табылады. Рефлекс – ағзаның сыртқы және ішкі орта тітіркендіргіштеріне орталық нерв жүйесінің қатысуымен жауап беруі. Рефлекс кезінде қозу жүретін жол рефлекс доғасы деп аталынады.
Бақылау сұрақтары:
1. Нерв ұлпасына қандай қасиеттер тән?
2. Нейронның қандай түрлерін білесіз?
3. Рефлекстің түрлерін атаңыз?
4. Рефлекс доғасы қандай элементтерден тұрады?
| | скачать работу |
Другие рефераты
|