Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Витамин ТӘРІЗДЕС заттар



 Другие рефераты
Нерв жүйесінің құрылымдық-функционалдық құрылысы Балалар мен жасөспірімдердің өсу және даму заңдылықтары Майда еритін витаминдер Витаминдердің аталуы мен жіктелуі

Бір топ органикалық қосылыстар витаминге ұқсас заттар қатарына жатады. Олардың әсер ету механизмі витаминдердікі сияқты болмаса да, кейбір жағдайда бұл заттардың жетіспеуші­лігінен организмдегі зат алмасу процесінде әр түрлі келеңсіз жағдайлар орын алады.

Инозит

Тышқандарға жасалған тәжірибе арқылы тағамда, суда еритін бір зат болмағанда бойдың өспеуі, жүннің түсуі, бауырда холестерин жиналып, майланатындығы анықталды. Ал тағамға бауырдан бөлініп алынған сөлді қосқанда жоғарыдағы келтірілген құбылыстар байқалмаған. Ол зат инозиттің фосфорлы эфирі екендігі анықталды. Инозитфосфор қышқылының тұзы – фитинде де витаминдік қасиет бар.

Химиялық тұрғыдан инозит – циклогексанның алты атомдық спирті:

Инозит табиғатта кең тараған, ол барлық өсімдіктер мен жануарлар ұлпаларында кездеседі.

Биомедициналық қызметі

Инозиттің биологиялық ролін фосфолипидтердің алмасуы­мен байланыстырады, себебі ол малдардың бауырын майлану­дан сақтап, липотроптық қызмет атқарады. Бұны белоксыз диетада болған малдардан және бауырында ісігі бар ауру адамдардан байқауға болады. Инозитті мидың кефалиндерінен де тапқан, бірақ оның физиологиялық маңызы әлі белгісіз.

Парааминобензой қышқылы

Парааминобензой қышқылы фоль қышқылының құрамына енеді және витаминге ұқсас заттардың қатарына жатады:

Парааминбензой қышқылы (ПАБҚ) микроорганизмдердің өсіп-көбеюіне әсер ететін фактор екендігі белгілі. Қазіргі кезде оның көптеген организмдерге жан-жақты әсер ететіндігі анықта­лды. Парааминобензой қышқылының коферменттік ролі белгісіз, сондықтан оның функциясы тек фоль қышқылының синтезіне қатысуымен шектеледі деп есептеледі. Оның пурин мен пири­мидин негіздерінің, соған байланысты нуклеин қышқылдарының синтезіне ықпалын жоғарыда айтқандармен байланыстырады. Парааминобензой қышқылы шаш пен жүннің пигментациясына әсері, сондай-ақ, кейбір гормондардың функциясына (адреналин­нің тотығу процесі, қалқанша бездің қызметі) ықпалы бар, екендігі организмнің оттегі жетіспеуіне шыдамдылығын арттыратыны, тәжірибеде атеросклерозды тежейтіні белгілі болды.

В4 витамині (холин)

Бұл затты1892 жылы Стрекер өттен бөліп алып холин деп атайды. Ол ерте кезден белгілі болса да, витаминдерге ұқсас заттардың қатарына кейін ғана енгізілді.

Химиялық құрылысы тұрғы­сынан холин – азотында үш метил тобы бар этиламин спирті. Ол суда, спиртте жақсы еритін, түссіз, жабысқақ сұйық зат. Адам организміне қажетті мөлшері әлі белгісіз. Холиннің тағам көздері: жұмыртқаның сарысы, бауыр, бүй­рек, ет, балық, қырыққабат, қытай бұршақ, ас бұршақ, ашыт­қылар.

Биомедициналық қызметі

1867 ж. К. Дьяков жұмыртқа сарысынан және ми ұлпаларынан бөлінген күрделі органикалық қосылыс фосфатидилхолиннің құрамына енетіндігін анықтағаннан кейін ғана оның биологиялық қызметі белгілі болды.

Холин жүйке жүйесінде жүйке қозуын одан әрі жалғастырушы медиатор ацетилхолиннің құрамына енеді, ол трансметилдену реакцияларына,метиониннің, пуриндік және мен пиримидиндік нуклеотид­тердің, фосфолипидтердің биосинтезіне қатысады. Организмде холиннің синтезіэтиламиннің қатысуымен өтеді, ал этиламин болса, метиониннің метил тобы, серин мен глицин және В12,Вс,С витаминдерінің қатысуымен түзіледі.Сондықтан холиннің жетіспеуі рациондағы белоктың, В12 және Вс, С витаминдерінің мөлшеріне байланысты. Холин бауырды майланудан сақтайды,ішектердің жиырылуына, май­лардың ішекте сорылуына әсер етеді, ол, сондай-ақ, адреналин, креатин, метионин секілді биологиялық әрекетшілзаттардың түзілуіндегі метил топтарының берушісі. Организмде холин тотығып бетаинге айналады.

Бетаин өсімдіктерде кездеседі, ол алғаш рет қызылша шырынынан бөлініп алынды.

Холин авитаминозының белгілері

Организмде холин жетіспегенде бауыр майланып, бүйрекке қан кетеді, протромбиннің синтезі төмендейді, сезім түйсігі өзгереді, малдардың өсіп-өнуі нашарлайды. Қалыпты жағдайда организмде холин керекті мөлшерде түзіледі. Құстар, әсіресе, тауықтар жұмыртқалайтын кезде холиндіқажетсінеді.

Липой қышқылы

1950 жылдары бауыр ұлпалары мен ашытқыда сүт бакте­рияларын өсіретін фактордың бар екендігі оның сол кездегі белгілі витаминдергеұқсамайтындығы және кейбір стрептокок­ктардың бұл затты өсу факторы ретінде қажетсінетіндігі анықта­лады. Кристалды түрде бұл фактор: L –липой (1,2 – дитиолан – 3 – валериан) қышқылы:

Липой қышқылы тотыққан және тотықсызданған түрінде бола алады. Организмдегі негізгі атқаратын қызметі – α – кетоқыш­қылдарыныңдекарбоксилдену реакцияларына қатысуы (пиро­жүзім және α – кетоглутар қышқылдары). Липой қышқылы тиаминпирофосфат және КоА мен қатарпируват- және кетоглу­таратдегидрогеназалық күрделі мультиферменттік жүйеге простетикалық топ ретінде енеді. Бұл қышқылдың жануарларда,өсімдіктер мен микроорганизмдерде синтезделу механизмі әлі белгісіз.

Орот қышқылы

Орот қышқылын микроорганизмдер мен малдардың тез өсу­іне ықпалды екендігі анықталғаннан кейін витамин тәріздес зат­тардың қатарына жатқызабастады.

Химиялық тұрғыдан орот қышқылы – урацил–4–карбон қыш­қылы:

Нуклеин қышқылдарының құрамына енетін пиримидин не­гіздері – цитозин, урацил, тимин – орот қышқылының туындылары екендігі зертханалықтәжірибелерден белгілі болды, яғни, орот қышқылы нуклеин қышқылдарының түзілуіне қатысады. Сонымен қатар, ол белоктардың, көмірсулар менмайлардың алмасуына, кейбір ферменттердің (ксантиноксидаза т.б.) активтілігіне әсер етеді. Тәжірибе жүзінде орот қышқылының қантүйіршіктерінің (эритропоэз және лейкопоэз) көбеюіне, бауыр мен жүректегі реге­неративті процестердің жылдамдауына қатысы барлығыанық­талды.

скачать работу


 Другие рефераты
Современная американская геополитика
Қазақстанда туризмнің даму тарихы
Исследование религиозности молодежи
Финансы


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ