Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Банктік емес кредиттік ұйымдар

рацияларынан өзгешелеу болып көрінеді.

Сақтандыру компанияларының пассивтері заңды және жеке тұлғалардың сақтандыру сыйақылары төлемдерінің есебі негізінде қалыптасады.

Өзге пассивті бап үлесі шамалы, оған пайда есебінен қалыптасқан акционерлік капитал жатады.

Сақтандыру компанияларының активті операциялары ірі компаниялар жергілікті органдардың орталық банктің және Қаржы министрлігінің мемлекеттік құнды қағаздарындағы инвестицияларынан, сонымен қатар полистік қарыздарынан тұрады.

Активті және пассивті операцияларының нәтижесінде сақтандыру компаниясы пайда алады. Сақтандыру сыйақысы мен сақтандыру сыйақысы мен сақтандыру төлемдерінің орнын толтыру арасындағы айырмасының нәтижесіне операциялық шығындарды қосса инвестициялық қызметке бағытталуы мүмкін сақтандыру қорын береді.

Сақтандыру мен қайта сақтандыру компаниялары өздерінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Қаржылық тұрақтылығының ең аз жағдайларын қамтамасыз етуге жататындар: сақтандыру резервтері мен қажетті мөлшерде меншік капиталының болуы, сақтандырушының жекелеген келісімшарты бойынша ең аз шамадағы нормативті міндеттемелерді сақтау және мемлекеттік уәкілеттік органдар белгілеген норма мен лимиттерді сақтау болып табылады.

Сақтандыру компаниясының жарғылық капиталы сақтандыру төлемдерін өтеу мен өзінің қызметін қаржыландыру үшін арналған.

Сақтандыру резервтері сақтандыру төлемдерінің есебінен құрылады және сақтандыру келісімшарты бойынша тек қана өздерінің міндеттемелерін атқаруды қамтамасыз ету үшін арналады.

Компания меншікті капиталы, басқа да міндеттемелер мен сақтандыру резервтеріне оның барлық активтерінің сомасын шегерудегі құны ретінде анықталады.

Компания міндеттемесінің ең жоғары көлемі қайтадан сақтандырылуда немесе қайта сақтандырушының сақтандырудың жекелеген келісімшарты бойынша сақтандыру резерытермен меншікті капитал сомасының 10%-нан аспайтындай болу керек.

ҚР Қаржы ұйымдары және қаржы нарығын қадағалау мен  реттеу бойынша агентігі мемлекеттік уәкілеттік органы болып табылады.

Сақтандыру ұйымдарының қызметі ҚР «Сақтандыру туралы» заңымен реттеледі.

1.01.2006 ж Қазақстанда 36 сақтандыру компаниялары жұмыс істеді. Олардағы меншік капиталының тұтастай жиынтығы – 29,6 млрд теңге, жарғылық капиталы – 17,7 млрд теңге, сақтандыру төлемінің шығыстары – 6,7 млрд және сақтандыру сыйақысы  - 40,0 млрд теңге шамасында, олардың ішінде міндетті сақтандыру – 4,4 млрд, ерікті жеке басын сақтандыру  - 4,5 млрд, ерікті мүлікті сақтандыру – 31,0 млрд теңгені құрады. Сақтандыру сыйақысының халықтың жан басына шаққандағы қатынасы небәрі АҚШ-тың – 20,0 долларын құрайды. Белгияда – 3283, Австралияда – 2039, Чехияда – 364, Сербияда – 41 доллардан келеді.

 

2.3. Инвестициялық қорлар

7 шілде 2004 ж ҚР «Инвестициялық қорлар туралы» №576-11 заңына сәкес инвестициялық үлестік жарна немесе акционерлік қоры (ИҚ) құрылған болатын.

ҚР-да инвестициялық қордың 2 түрі бар:

1)     Акционерлік инвестициялық қор (АИҚ);

2)     Үлестік жарна инвестициялық қоры (ҮЖИҚ); олар келесі формада болуы мүмкін: ашық, аралық немесе жабық.

Ашық ҮЖИҚ ҚР «инвестициялық қорлар туралы» заңында белгіленген тәртіп пен шарт негізінде компания басқарушысынан оның үлестік жарна иесіне үлестік жарнасын сатып алуды талап ететін құқықты ұсынады. Осы инвестициялық қордың (ИҚ) ережесіне сай 2 аптада 1 рет ал ҮЖИҚ аралығында – ұзартпай жылына 1 рет сатып алуды ұсынылады. Жабық ҮЖИҚ оның үлес жарнасының иеленушісіне осы қордың үлес жарнасын иеленушісінен жалпы жиналысына қатысу құқығын табыс етеді. Сонымен қатар қордың қарастырылған ережесімен үлес жарнасы бойынша және шарт тәртібінде дивиденттерді алуды ұсынады.

Жабық түрдегі ҮЖИҚ үлес жарнасын иеленушіге өзіне жататын үлес жарнасын компания басқарушысынан сатып алуды талап етуге құқы жоқ.

ИҚ инвестициялық қызметі лицензиясының бар кезінде дербес АИҚ инвестицияларының немесе осы қордағы жарналық  үлесті иеленушілердің  немесе басқарушы компания қоры акционерлерінің табыс алу мақсатының жинақталуымен анықталады.

Басқарушы компания – бағалы қағаздар нарығында кәсіби қатысушы, инвестициялық қоржынды лицензияның негізінде басқаруға және ИҚ активтерін сенімгерлікпен басқарып жүзеге асырушы.

Инвестициялық деклорация– ИҚ активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің шектеу және мақсатын, стратегиясын сақтандыру шарттарын және қор активтерін әртараптандыратын инвестициялық объектілер тізбесін анықтайтын құжат.

Инвестициялық кіріс(табыс) – олардың инвестициялар нәтижесінде алынған ақша түріндегі ИҚ активтерінің өсімі.

1)   Инвестициялық акционерлік қор (ИАҚ) ҚР «Инвестициялық қорлартуралы» белгіленген заңның талаптарына сәйкес жинақтау мен инвестициялаудың айрықша қызмет түрі болып табылатын  акционерлік қоғам. Сонымен қатар, осы қоғам акционерлері енгізген оның  инвестициялық декларациясын, ақшасын және оның акциясын, осындай инвестициялаудың алынған нәтижесінде төлейді.

АИҚ жоғарыда көрсетілген өзге қызметті іске асыруға, «алтын акцияны» енгізуге, еншілес ұйым құруға, жай акциядан басқадай қаржылық құралдарын шығарып және орналастыруға құқығы жоқ.

Офшорлық аймақта тіркелген заңды тұлғалар, осы компаниямен келісімшарт жасасқан басқарушы компания, тіркеуші мен кастодиян ИҚ құрылтайшысы немесе акционері бола алмайды.

Басқарушы компания, кастодиян мен тіркеуші өзара байланыста болмауы керек.

АМҚ жарғысында ҚР «Инвистициялық қорлар туралы» Заңнын белгіленген талаптары мен оның  оның инвестициялық декларациясының шартына сәйкес  инвестициялау қызметі ИҚ-дың айрықша түрі болып табылатыны, АИҚ органдарын ұстаудағы шығынның ең көп мөлшері, түрлері мен тәртібі инвестициялық декларацияда белгіленуі керек.

АИҚ ақшалары тек қана ұлттық валютаның ақшасымен төленеді. Оларды орналастыру кезінде акциялардың жарым жартылай төлемдеріне жол берілмейді.

2)    Үлестік жарна инвестициялық қоры (ҮЖИҚ).

Үлестің жарна инвестициялық қор заңды тұлға болып саналмайды, ол шексіз мерзімге құрылады. Үлестік инвестициялық жарна қорының меншік активтерінің үлесіне құқық беруді басқарушы компания шығаратын үлес жарнасымен куәландырады.

Үлестік жарна  құжатталмаған формада шыққан атаулы эмиссиялық бағалы және үлестік инвестициялық жарна қорындағы оның меншік үлесін дәлелдейді. Оның жұмысы тоқтаған кезде, сонымен қатар үлестік инвестициялық жарна қорының меншіктігімен, басқа да құқықтарға байланысты және үлестік инвестициялық жарна қорының активтерін өткізуден (сату) түскен акцияны алуға құқық береді.

Үлестің инвестициялық жарна қоры активтерінің ең аз мөлшері есептік айлық алу мың еселік көрсеткішін құрайды.

ҮЖИҚ қызметі жоғарыда аталған «Инвестициялық қор туралы» заңымен реттеліп отырады.

Қазақстанда бірінші үлестік инвестициялық жарна қоры 2004 ж соңына таман пайда болды. Басқарушысы Compass компаниясы 2004 ж қарашасында компанияға қарасты қазақстандық екі ҮЖИҚ-тың бірінші рет тіркелгені туралы хабарлап жария етті. Бұл қорлардың біріншісі қоржынды инвестициямен,  екінші тікелей инвестициямен айналысады. Сонымен қатар 01 және 02 тіркелім нөмірін алып, салымшыларды тарта бастады. Сонымен, жаңа ел тарихы үшін қаржы нарығының жаңа сегменті ашылды.

Сол жылы инвестициялық қоржынды басқару жөніндегі (бойынша) Сентрас-Секьюритиз компаниясы Қазақстанда алғаш рет «Қазыналық» ашық ҮЖИҚ құрды. Қазақстанда бірінші рет құрылып отырған ашық ҮЖИҚ  қаржы нарығының даму тарихындағы елеулі кезеңі болып табылады. Сонымен ол елдегі қалыптасқан жинақ ақша мен инвестицияның құрылымын жеке тұлға ретінде және корпоративті құрылымын өзгертуге  қабілетті. Себебі банктегі депозиттің пайызына қарағанда үлес жарнасының табысы анағұрлым жоғары.

Ресейде бірінші ҮЖИҚ 1996 ж пайда болды. 5 жылдан кейін олардың кейбіреудері жылына 125%-ға дейін пайда тапты. Шынында, кейіннен олардың табысы төмендеп, 10-45%-ға дейін ауытқыды, қазірде олардың саны бірнеше жүздеп саналады.

2005 жылдың басында Қазақстанда 6ҮЖИҚ тіркелген болатын, мамандардың болжамдары бойынша шамамен қазақстандардың 10% өздерінің жинаған ақшалары осы қорларда сақтайды, - дейді

 

2.4. Мемлекеттік емес зейнетақы қорлары

Мемлекеттік емес зейнетақы қорлары – бұл қоғамдағы әлеуметтік шиеленісті төмендететін, мемлекеттің өз міндетін орындаудағы шығындарды азайтатын, қаржы нарығында тұрақтылықты арттыратын, ұзақ мерзімді инвестициялауға «арзан ақшаны» тартатын әлеуметтік-экономикалық институт.

Мемлекеттік емес зейнетақы қоры (МЗЕҚ) халықың зейнетақы жарналарын шоғырландыру арқылы қалыптасатын коммерциялық емес ұйым (еңбек ақысынан – 10%) және келісімшартқа сәйкес зейнетақы төлеуді атқарады. Жиналған қаржыны көбейту үшін қор зейнетақы қорының активтерін басқару жөніндегі арнайы компанияға тапсырады (ЗАБҚ)

Қор кастодиандық қызметке лицензия алғаннан соң кастодиян-банкісінен ғана банкілік шотын ашуға құқылы болады. Кастодиян ақша қаржысының құнды қағаздармен мәмілеге арналған және оған сеніп тапсырылға

1234
скачать работу

Банктік емес кредиттік ұйымдар

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ