Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Банктік емес кредиттік ұйымдар

н бағалы қағаздардың есебін алу мен оны сақтау бойынша кәсіби қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға.

Зейнетақы қоры корпоротивті активтердің жалпы сомасын, инвестицияланған қаржының сомасын, қаржылық инвестиция құнының өзгеруі, бағалы қағаздардан өткізуден болған түсімнің сомасы мен комиссиялық сыйақы сомасын кастодиан-банкісі салыстырып тексеріп отырады. Зейнетақы активін басқару компаниясымен мыналар салыстырылып тексеріледі: зейнетақыф жарнасының түскен сомасы, жинақталған зейнетақыдан төленген сома, инвестиция түрлері бойынша инвестицияланған қаржы сомасы, ивестициялық табыстан алынған сома, басқа қорларға ауысып кеткен салымшылар саны мен олардың сомасы.

Жинақтаушы зейнетақы қорлары:

-Ашық;

-Корпоративті болады;

Азаматтың жұмыс орны мен мекен-жайына қарамастан салымшыдан жинақтау жарнасын қабылдауды ашық зейнетақы жинақтаушы қорлары жүзеге асырады.

Корпоративті ЖЗҚ – осы қордың акционерлері мен құрылтайшылары болып табылатын, бір немесе бірнеше заңды тұлғаның алушы қызметкерлері үшін құрылады.

ЖЗҚ акционерлік қоғам нысанында құрылады және ҚР қадағалау мен бақылау агенттігінің келісімі бойынша филиалдары мен өкімдіктерін ашуға құқылы. Зейнетақы жарналарын қабылдау бойынша филиалдары мен өкімдіктерін ашуға құқылы. Зейнетақы жарналарын қабылдау бойынща қызметті және зейнетақы төлемін жүзеге асыру ҚР заңында белгіленген ҚР қадағалау және басқару бойынша агенттігінің тәртібімен лицензияланады. 20 маусым 1997 ж ҚР «Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы( заңына с»йкес ЖЭҚ өзгертуге және толықтыруға құқы бар:

-    Зейнетақы қорларының іске асыруға;

-    Өзінің қызметі (жұмысы) үшін комиссиялық сыйақы алуға;

-      Зейнетақы активін басқарудың инвестиция бойынша қызметін өз алдына жүзеге асыру;

-Зейнетақы келісімшартының жағдайына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асырады.

ЖЗҚ міндетті:

-      Зейнетақы алушының төлемдерін жүргізу;

-      Жинақталған зейнетақыны жеке есепке алып және төлеуді жүзеге асыру;

-      Салымшы мен алушыға оның жинақталған зейнетақысының жағдайы туралы ақпаратты беру;

-      Зейнетақы активтеріне инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйымдармен келісімшарт жасасу;

-      ЖЗҚ зейнетақы  шартын жасасқан  азаматтарға тең жағдайды жасауды қамтамасыз ету.

ЖЗҚ салымшыларының  мүдделері мен құқықтарын қорғау мақсатымен мыналарға тыйым салынады: өндірістік қызмет, зейнетақы активтерін кепілге коюға, акциялардан басқа қағаздар шығаруға, сақтандыру қызметіне.

Қадағалау жөніндегі-агенттік белгіленген пруденциялық нормативті міндеттемелерін ЖЗҚ сақтауға міндетті. ЖЗҚ меншікті капиталы мыналар есебінен құралады:

-Акционерлер мен құрылтайшылардың жарғылық капиталына салған салымдарынан;

-Комиссиялық сыйақыларынан.

ЖЗҚ меншікті капиталы – оның міндеттеме сомасының шегерілімін шығарғандағы ЖЗҚ активтерінің құны.

 

3.1. Қор биржалары

Қаржылық қолдауды қосқанда ресурстардың бөлінісі жаңа экономикалық шарттардың формасына сәйкес экономикада қайта құруды міндет  етіп қойып отыр. Нарық қатынасы дамыған елдерде қаржы ресірстарын тиімді түрде қайта бөлу қор биржалары арқылы жүзеге асады.қор биржасы – құнды қағаздардың қалыпты айналымы  үшін қажетті жағдайлардың жұмысын қамтамасыз ететін ұйым. Қор биржасының барынша толық мәні экономикада төмендегідей қызметтерді орындау кезінде көрінеді:

-  Қор нарығында биржалық делдалдармен  бағалы қағаздарды сату жолымен ауқытша жинақталған және қорланған еркін  ақшаларды жұмылдыру және шоғырландыру;

-  Ел үкіметінің шығындар мен  өндірісті қаржыландыруы және кредиттендіруі;

-  Жалған капиталдың қалыптасыу және ұсыныс  пен сұраныстың деңгейіндегі көрінетін бағаларды белгілец, құнды қағаздармен  болатын операцияларды шоғырландыру.

Қаржылық ресурстарды қайта бөлу мен жұмылдыру, шоғырландыру процесінде қызмет етуші қор биржасы экономиканың маңызды буындарының бірі болып табылады. Ол қаржылық және өндірістік капиталдың арасындағы делдалы ретінде алға шығып және экономикалық дамудың қозғаушы бірден бір күші болып табылатын инвестициялық процеске ықпал жасайды

Қор биржасы өзінің қызметін келесі принциптерге сай құрады:

-  Брокер және клиентпен арадағы жеке сенімділік, өйткені биржадағы мәміле ауызша жасалып, кейін заңды түрде рәсімделеді;

-  Биржада жасалатын барлық мәмілелер туралы жариялық пен ашықтық;

-  Сауда мен есепке алу дәрежесін белгілеу жолымен қаржылық делдалдар қызметін аудитрлар мен қор биржасы әкімшілігі тарапынан қатаң реттеулер.

Баға белгілеуге рұқсат етілген құнды қағаздары мен акционерлік қоғамның экономикалық жай-күйін биржа мұқиятназарда ұстап отырады. Бейнелеп айтқанда қолын осы компаниялардың қан тамырына қойып, тамыр соғысын қадағалап отырады. Ал қажет болған жағдайда (экономикалық жағдайының  шұғыл түрде нашарланғанда немесе тоқырағанда) бағалы қағаздарын тізімнен шығарып дели-стинг рәсімін қолдануы мүмкін.

ТМД елдері қор биржасының тәжірибесінде листинг рәсімі біртіндеп болса да еніп келе жатыр. Бағалы қағаздар инвесторлардың сеніміне кіруі қазіргі кезде маңызды мәселенің бірі. Себебі, кәсіпорындарды жаппай акционерлік қоғамға айналдыру алдында инвесторлардың салынғанжұмсалымдардың сенімділігіне кепілдеме беріп және бағалы қағаздар нарығындағы қаржылық күйреу тәуекелін азайту өте маңызды.

Барлық күрделі жағдайларда, инвестициялық процестегі қор нарығының атқаратын рөлі арта түседі. Бұл ең алдымен кәсіпорындарды көптеп ( жаппай) акцияландырумен байланысты. Өйткені олардың көп бөлігі қаржыландыру үшін күрделі қаржы ресурстарының салымын қажет етеді. Өндіріс пен инфрақұрылымдарға шетелдік инвестиция үшін, қор нарығы арқылы жүзеге асатын барынша қолайлы жағдайдың негізі жасалады.

Сонымен қатар бюджеттен тыс түрлі қорлар қалыптасады. Қаржының жинақталу шамасына қарай олар құнды қағаздарға инвестиция жасайды. Осы және басқа факторлар инвестиция үшін қаржыларды жинақтау ретінде қор нарығының әоуетінің арту мүмкіндігінің салынуын көрсетеді.

Қазақстандық бағалы қағаздар нарығын келешектегі дамуы үшін ресурстардың құрылу мәселесін ғана қамтымай (материалдық база, адамдарды оқыту, заң шығару ісін құру, ақпараттық және технологиялық базасы т.б.) бағалы қағаздар нарығын  ұзақ мерзімді дамытудың саясаты керек. Сонымен қатар нарыққа қарай жылжыған кезде туындайтын басқару мәселелері мен макроэкономикалық талдау шешімдері қажет.

Соншама, осы бағдарламаның әрекеті мемлекеттік шеңберде, оның қаржылық саясатында қалыптасатынын күту, әрине қиындау. Мемлекеттік қазыналық мүддесінің әлсіздігі мен оның құрылымдарының арасындағы қайшылықары бұл міндеттің шешілуіне мүмкіндік бермейді. Сондықтан, атап айтқанда  қаржылық тұрақтылыққа барынша толық жәрдемдесу үшін және республикада жаңа өндірістің кеңеюінің бастау алуы мен ұзақ мерзімді биржалық мүдделерінің,  брокерлік фирмалардың және т.б келісім әрекеттерін қамтитын жаңадан құрылып жатқан бағалы қағаздар нарығының стратегиясына кәсіби қатысушылар бірлестіктерінің дербес өнімдерінің маңызы зор.

Қолданылған әдебиет:

«Ақша, кредит, банктер»

Ғ.С. сейтқасымов,

Алматы, 2006.

1234
скачать работу

Банктік емес кредиттік ұйымдар

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ