Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Бас бостандығынан айырылғандар отырыған жерлердегі сотталғандарды есепке алу, бөлу және аудару



 Другие рефераты
Бас бостандығынан айыру орындарындағы режимді қамтамасыз ету тәсілдері Бас бостандағынан айыру орындарындағы режимнің түсінігі, мазмұны мен оның негізгі функциясы Сотталғандардың жазасын атқаратын мекемелер түрін белгілеу Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды топтастыру

Есепке алу мемлекеттің барлық саласында, соның ішінде қылмыспен күресу саласында болып жатқан процестерді жалпылама және үздіксіз бақылаудың маңызды құралы.

Есептеуді іске асыру үшін есептеу аппаратының дұрыс жүйесі құрылған. Олар орталық және жергілікті болып бөлінеді. Орталыққа – ІІМ – нің ақпарат орталығы кіреді, оның құрамында, қылмыс жасап жазасын өтеп жүрген адамдарды есептейтін анықтама бөлімі бар.

Есептеу жөніндегі ақпарат орталығының негізгі міндеттері: жазаны атқарушы мекемелер мен органдардың қызмет әрекетін әдістік басқару және есептеп – тіркеу, статистикалық, ақпарат – анықтама жұмыстарын бақылау. Орталық есептеу аппаратына, сонымен бірге ІІМ – нің Қылмыстық – атқару департаментінің арнайы бөлімі кіреді. Жергілікті есептеу аппараттарына облыстардың ішкі істер басқармасының ақпарат орталығы, облыстық ІІБ – нің қылмыстық – атқару жүйесіндегі арнайы бөлімдер, түзеу мекемелерінің арнайы бөлімшелері кіреді.

Статистика теориясында бухгалтерлік, оперативтік жәнек статистикалық есеп жүргізу түрлері қабылданған. Түзеу мекемелерінде сотталғандародың есебін жүргізу үшін статистикалық және оперативтіук есептеулер қолданылады.

ІІМ – нің нормативтік актісіне сәйкес бас бостандығынан айыруға сотталған әр адамға тергеу қапасына келісімен, бірақ 48 сағаттан кешіктірмей, есептеу карточкасы мен дактилоскопиялық карта жасалады. Мұндай құжаттарды жасаудың негізі заңды күшінеи енген сот үкімі болады. Есептеу карточкасына барлық мәліметтер үкімнен енгізіледі. Үкімде қайшы келетін мәліметтер табылса, онда үкім шығарушы сотқа оны түзету жөнінде сұрату жібереді.

Жеке басы есебінің құжаты сотталғанның жеке басының ісі болып табылады. Сотталғанның жеке басының ісі 2 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде: анкета дактилокарта, үкімнің көшірмесі, ұйғарым көшірмесі мен үкімнің заңды күшіне енгендігі жөніндегі соттың анықтамасы, сотты болғандығы немесе болмағандығы туралы анықтама, медициналық картасы болады. Екінші бөлімді: мінездемелер, қылмыстық – атқару жүйесі қызметкерлерінің сотталғандарға жазаны өтеу кензіндегі түскен мәліметтері, қызметкерлердің мәлімдемелері, сотталғандардың өтініштері, мадақтау және жазалау туралы қаулы болып табылады.

Бұрын айтылғандай, карантиннен кейін түзеу мекемесінің әкімшілік комиссиясы сотталғандарды, олардың жұмысқа жарамдылығына, мамандығына, жеке басының психологиялық және басқа да өзгешеліктеріне қарай жасақтарға бөледі. Мұнымен бірге есепке алынатыны жасақтардың толтырылуы, ол жататын орындардың жету – жетпеушілігіне ббайланысты.

Жасақ - әрбір сотталғанды заңдарды, қоғам тұрмысының ережелерін қатаң сақтауға, адал еңбек етуге тәрбиелеуге бағытталған жұмыстың орталығы болып табылады.

Сотталғандардың бір жасақтағылары әдетте бір тұрғын бөлмеде орналастырылады. Жасақ бастығы әр сотталғанға жататын орын белгілейді.

Жасақ бригадаларға бөлінеді де, ол өндірістік – тұрмыстық белгілерден құралады. Мекеме бастығының бұйрығымен бригадир сотталғандардың ішінен тағайындалады немесе орнына алынады. Ол тәртіпке, бригададағы ішкі тәртіпке бағынады.

Тәрбиелеу процесінің дұрыс қорытындысын бекіту мақсатында сотталғанның жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету немесе басқа да жағдайларға байланысты қылмыстық – атқару заңдарымен сотталғандарды колония ішінде, сондай – ақ басқа мекемеге аудару мүмкіндігі көрсетілген.

Сотталғандарды колония ішінде аударудың түрлері:

  •   сотталғанды ұстаудың басқа түріне аудару;
  •  қапас тәрізді орында ұстаудан кәдімгі тұрғын орынға аудару немесе керісінше;
  •  айып, тәртіптік қапасқа немесе қапас тәріздес бөлмеге орналастырғанда;
  • бір жасақтан екіншіге ауыстырғанда.

Басқа мекемеге аударулар:

- түзеу мекемелерініңғ жалпы, күшейтілген және қатаң режимдерінен қоныстану – түзеу колониясына жән керісінше аудару;

-    түзеу мекелерінің жалпы, қатаң және ерекше режимдерінен түрмеге және керісінше аудару.

скачать работу


 Другие рефераты
Проблема выбора стиля управления руководителем
Вязкость при продольном течении
Культура в понимании Питирма Сорокина
Демографические проблемы России


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ