Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды топтастыру



 Другие рефераты
Бас бостандығынан айырылғандар отырыған жерлердегі сотталғандарды есепке алу, бөлу және аудару Сотталғандардың жазасын атқаратын мекемелер түрін белгілеу Еңбекпен түзету заңдарының реформасы Қылмыстық-атқару заңдарының түсінігі, маңызы, мақсаттары мен түрлері

Заңмен белгіленген жазаны орындаудағы осындай принциптердің бірі топтастыру мен жекелендіру болады.

Ең аз үлгі Ережесінің 8–тармағына сәйкес оларды категорияларға бөлудің жалпы ережелері мынадай:

«Қамаудағы адамдарды әр түрлі категорияларға бөліп жынысына, жасына, бұрынғы сотталғанына, қамаудың заңды себептеріне байланысты әр жерде немесе бір мекеменің ішінде бөлек–бөлек орналастырылады». Топтастыру мен жекешелендіру мақсаты Ереженің 67 – тармағында белгіленген, онда былай делінген: Топтастырудың мақсаты -қамаудағыларды бұрын сотталғандардан немесе нашар мінез–құлқының нәтижесінде теріс әсер ету қаупі мүмкін болғандықтан оларды бөлу,  қамаудағыларды категорияларға бөлу, оларды қоғам өміріне қайтару мақсатында олармен  жұмыс істеуді жеңілдетеді.

Сотталғандарды топтастыру қылмыстық пен қылмыстық – атқароу құқығы принциптерінің бір түрі жазаны жекелендіруді бір ізбен іске асыру үшін жүргізіледі.

Жазаны орындауды жекелендіру  - ол еңбекпен түзеу құқығының нормалары белгіленген, әрбір сотталғанның жеке басын сипаттайтын мәліметін еске ала отырып жалпы режим ережесін қолдану және тиісті еңбекпен түзеу принциптерімен әсер ету.

Бас бостандығынан айыруға соттталғандарды топтастыру төмендегілерді қаматамасыз етуге арналған

қоғамға қауіпті қылмыскерлердің, қауіпті деп күдік тудырмайтын сотталғандарға теріс әсер ету мүмкіндігін болдырмау мақсатында оларды әр түрлі топтарға бөлу;

  • түзеу мекемелерінің тиімді жүйесін тұрғызу;
  •  түзеуге әсер ету әдістері мен амалдарын жекелеп қатал қолдану,
  •   жазалаудың мағынасын құрайтын қылмыстың және қылмыскердің, яғни жазалау шараларының қоғамдық қауіптілігінің дұрыс арақатынастығы;
  •  жазаны атқаруға тиісті жағдай жасау.

Бас бостандығынан айыруға сотталғандар заң, педогогика және психологиялық өлшемдерімен топтастырылады.

Заң өлшемімен топтастыру – ол барлық бас бостандығынан айрылғандарды сыр-сипатымен жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесіне және қылмыскердің жеке басының қоғамға қауіптілігіне байланысты топтарға бөлуді айтады

  • Барлық бас бостандығынан айыруға сотталғандар бұл белгіге байланысты былай бөлінеді:
  • өмір бойы бас бостандығынан айыруға және тез өткеруші адамдарға;
  •  бұрын бас бостандығынан айыруды өткерген адамдармен оған бірінші рет сотталғандар;
  •  әр түрлі ауыр дәрежеде қылмыс жасаған адамдар;
  • қылмысты қайталап істеп соттталған (рецидив) адамдар мен қайталанған аса қауіпті қылмыс және т.б.

Физиологиялық өлшеммен топтастыру – бұл барлық бас бостандығынан айыруға сотталғандарды жынысына, жасына, денсаулығына байлынысты бөлу. Бұл белгімен бас бостандығыанан айыруға сотталғандар былайша бөлінеді:

  • ерлер және әйелдерге;
  • кәмелетке жеткендер және кәмелеткен толмағандар;
  • еңбекке жарамдылар мен мүгедектерге;
  • дендері сау мен ауыр науқасы барларға;
  •  әйелдерге, аяғы ауыр және 8 жасқа дейінгі баласы бар әйелдерге.

Педогогикалық өлшеммен топтастыру – бұл бас бостандығынан айыруға сотталғандарды тікелей педогогиканың  міндетіне байланысты, қандайда болмасын топтын біреуінде шешуге тура келетін, сондай – ақ педогогикалық әсер етудің тиісті амалдары мен әдістерін қолданудың орындылығымен бөлуге болады. Бұл өлшемнің негізінде сотталғандарды, олардың оған дейінгі және бас бостандығынан айыру орындарындағы еңбекке  қатынасы, түзеу мекемелеріндегі мінез – құлқы және т.б. байланысты бөлуге болады.

Психолгоиялық өлшеммен топтастыру – бұл әр адамның қасиетіне байланысты топқа бөлу. Мұндай бөлу жалпы және пенитенциарлық псхологияның мінез – құлық түрін топтастыру мәліметтеріне сүйенуі тиіс. Психологиялық  өлшемге байланысты былай бөлінеді:

  • аса қауіпті мемлекеттік қылмысқа сотталғандарды және басқа әр түрлі қылмыстарға сотталғандарды;
  •  қасақана қылмысқа сотталғандарды және абайсызда істелген қылмысқа сотталғандарды;
  •  өмірге, денсаулыққа, адамның денесіне қол сұқпаушылығына қауіп төндіргені үшін сотталғандарды;
  • пайдақорлық үшін емес, қызметін немесе мамандық функциясын орындауға байланысты жаслған қылмысы үшін сотталғандар,
  •  басқа да қылмысы үшін сотталғандар.

Сотталғандарды топтастыру тәрбие процесін дұрыс ұйымдастыруға жағдай жасайды, себебі ол сотталғандардың бір тобының екіншісіне жағымсыз, кері әсерін тигізбеуге және оларға жеке – жеке амал қолданып әсер етуге мүмкіндік береді.

скачать работу


 Другие рефераты
Басқару элементтерін жобаның орындалу барысында модификациялануы
МЕМЛЕКЕТТІК ДУМА ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ РЕФОРМАТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІ
Теория Дарвина
Аудиторские риски


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ