Бас бостандығынан айырылғандарды материалдық-тұрмыстық және медициналық-санитарлық жақтармен қамтамассыз ету
Другие рефераты
Сотталғандарды тиісті тұратын жаймен және тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз ету (коммуналдық қызметпен, тамақпен, киім-кешекпен жіне т.б.) оларды түзеуде үлкен рөл атқарады. Салауатты күнделікті тұрмыс сотталғандарға дұрыс әдет пен дағды сіңіреді, оларды ретпен тәртіпке үйретеді.
Сотталғандарды материалдық — тұрмыстық жағымен қамтамасыз ету қылмыстық атқару заңдарына және ведомстволық нормативтік актілерге сәйкес іске асырылады. Оны құқықтық реттеу адамгершілік, жазаны атқару кезінде заңды қатаң сақтау принциптеріне негізделген және түзеу мекемесі алдында тұрған міндеттерден шығады.
Түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерінде жалпы жағдайлары, ішкі тәртіп, бас бостандығынан айыру орындарының емдеу мекемелерінде сотталғандарды орналастыру және ұстау жағдайларының ерекшелігі, тәртіптік айып қапастарында, түрме карцерлерінде, т.б. белгіленген. Онда тағы да қоректенетін тағамдар мен бірінші қажеттігі заттар, аяқ киім, сырт киім және басқа да сотталғандарға посылкамен алуға, сондай-ақ өзіне ұстауға рұқсат етілген өндіріс тауарларының, зат тағамдар алып беруге, бандеролдер алып жіберу және түзеу мекемелері дүкендерінен сатып алатын заттардың тізімі берілген.
Колонияларда, түрмелерде жазаны өтеп жүрген сотталғандар мен тазалық ережелеріне сәйкес қажетті материалдық-тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз етіледі. Тиісті мекенжай жағдайы түсінігіне: түзеу мекемесінің тұрғын аумағында жатақхана, дүкен, монша, кір жуу орны, зат қоятын бөлме, сыртқы және аяқкиімдер кептіргіш т.б. жабдықтаулар кіреді. Жатақхана ішінде радио орнатылған болуы тиіс, табиғи немесе электр жарығымен, жиһаз және құралмен жабдықталған болуы керек. Әрбір сотталғанға жататын орын, төсек орын беріледі. Әрбір сотталғанға шаққандағы тұрғын алаңның нормасы түзеу колонияларында екі шаршы метрден, түрмелерде екі жарым шаршы метрден, әйелдерді ұстауға арналған колонияларда үш шаршы метрден, тәрбиелеу колонияларында үш жарым шаршы метрден, мәжбүрлеп түзеуді жүзеге асыратын түзеу мекемелерінде үш шаршы метрден кем болмауы керек.
Түзеу мекемелерінің тұратын жайларында 18-20 C деңгейінде жылылық сақталады. Түзеу мекемелерінің объектілері мен аумағы, экологиялық талапқа сай, сумен қамтамасыз етіледі.
Айыптау қапасы үйінде және камера тәріздес жайларда асхана аяқ табағын сақтайтын және тағам үйлестіретін шарушылық бөлмесі, сотталғандар киінетін бөлме, санитарлық тораптар, сондай-ақ кәсіпорнына белгіленген бөлек жай болуы керек.
Бақылау жіберу орны тұрған бір үйде қысқа немесе ұзақ мерзімді жолығысулар өткізетін, бас бостандығынан айырылғандардың бағалы қағаздарының есебін жүргізу мен оны сақтау, телефонмен сөйлесетін, сәлемдеме қабылдау және сотталғандарға беру немесе алу бөлмелері жабдықталады. Аяғы ауыр әйелдерге, балаларын емізетін аналарға, кәмелетке жетпегендерге, ауруларға жақсартылған мекен-жай, тұрмыстық жағдайлар жасалады және жоғары тамақ мөлшері белгіленеді.
ҚР ҚАК 97-98-баптарында қылмыстық атқару жүйесінде сотталғандарға медициналық қызмет көрсету үшін емдеу-профилактика мекемелері, ал туберкулездің ашық түрімен, маскүнемдікпен және нашақорлықтың зардабынан ауыратын сотталғандарды, ВИЧ жұқтырған сотталғандарды ұстау және амбулаторияда емдеу үшін мәжбүрлеп емдеуді жүзеге асыратын түзеу мекемелерін ұйымдастыру қаралған. Бұл жұмыстар денсаулық сақтау заңдарына сәйкес ұйымдастырылып жүргізіледі де, түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп Ережесімен және басқа да ведомстволық мөлшерлейтін актілермен реттеледі.
| | скачать работу |
Другие рефераты
|