Педагогикалық талаптар
Другие рефераты
Сабақты өткізу формасы: пікірталас
Сабақтың мақсаты: Студенттерді педагогикалық талаптардың түрлерімен таныстыру
Қаралатын сұрақтар:
-
Педагогикалық талаптардың мәдени мазмұны.
-
Педагогикалық талаптар қоя білу.
-
Конфликтіні шешу.
-
Педагогикалық бағалау.
Әдістемелік нұсқау:
Оқу-тәрбие процесінде мұғалімдер мен оқушылар қарсылыстар емес, қатысушылар. Олар өзара ынтымақта болады. Бірақ бұл ынтымақ тартыссыз бола бермейді. Оқушылар өзіндік тіршілік, мүдделерімен өмір сүреді, оларды біздің оқу және тәрбие талаптарымызға, алдағы алшақ жатқан мақсатқа сәйкес келмеуі мүмкін. Оқушылар үшін оқу мен тәрбие көптеген талаптармен, қолайсыздықтармен, шектелулермен т.с.с. байланысты. Олар қарсылық көрсетеді, бұл қарсылық оқушылардың жан дүниесіндей өте күрделі болуы ықтимал. Қарсылық ашық та астыртын, саналы да санасыз, жалпы да нақты, белсенді де самарқау болуы мүмкін. Педагогикалық әдеп қайшылықты жағдайларда мейлінше қажет, бірақ оның негізгі қызметі – ондай жағдайлардың алдын алу, оқушылардың қарсылығын бәсеңдету. Педагогикалық әдеп келісімпаздық, оқушыларға деген талап қаталдығын босаңсыту, олармен қақтығысудан қашқалақтауға икемдену емес. Оқушылармен тіл табысуды жолға қоюға, оларға әсер етудің әртүрлі құралдарын қолдануға жалпы кеңес беруге ғана болады.
Сабақ дөңгелек үстел түрінде өтеді, студенттер сабақ барысында педагогикалық талаптар, қоғамдағы педагогтың алатын орны жайлы пікір алмасады, өз көзқарастарын білдіреді. Сабақ соңында топтарға бөлінген студенттер «XXI ғасырдағы ұстаз бейнесі» тақырыбында салынған суреттер көрмесін ұйымдастырып, тиісті баллдық жүйемен бағаланады.
Әдебиеттер:
-
Кузнецов И.Н. Настольная книга практикующего педагога. Москва, 2008 ж.
-
Основы педагогического мастерства. Под ред.И.А. Зязюна — Москва, 1989г.
-
Щуркова Н.Е. Практикум по педагогической технологии — Москва, 2001ж.
-
Самоукина Н.В. Психологический тренинг для учителя. Москва, 2006ж.
| | скачать работу |
Другие рефераты
|