Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Бас бостандығынан айырмай түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеудің жағдайы мен тәртібі



 Другие рефераты
Сотталған әскери қызметшілерге қатысты әскери қызмет бойынша шектеу, қамау мен тәртіптік әскери бөлімде ұстау түріндегі жазаларды өтеу Қамау Тәрбиелеу колониясында жазаны өтеу Түрмелерде жазаны өтеу

Бас бостандығынан айырмайтын  жұмыс орнындағы түзеу жұмыстары Қазақстан Республикасының заңында көрсетілген.

Қылмыстық заңға сәйкес түзеу жұмыстары жазаның негізгі түрі болып есептеледі және сот оны екі айдан екі жылға дейінгі мерзімге тағайындауы мүмкін.

Түзеу жұмыстарына сотталғанның жалақысынан мемлекет пайдасына сот үкімімен белгіленген мөлшерде ұстап қалынады, бірақ жиырма пайыздан аспауы тиіс.

Түзеу жұмыстары Қылмыстық кодекс баптарында жиірек көрсетілген, бірақ олар қоғамның оқшауланбайтын негізінен жеңіл қылмыс жасаған адамдарға қолданылуы мүмкін.Түзеу жұмыстары – бұл жазалау шарасы сотталғандарды міндетті түрде еңбекке тарту болғандықтан, жұмысқа жарамсыз азаматтарға қолданылмайды.

Түзеу жұмысына сотталғандар жазаны жұмыс жасап жүрген орнында, қандай да болмасын меншіктегі ұйымда өтейді.

Соттың түзеу жұмыстары жөніндегі үкімін жүзеге асыратын орган – ол аудандық ішкі істеріне қарайтын  қылмыстық атқару инспекциясы. Инспекция түзеу жұмыстарына сотталғандардың  әр қайсысының бас басына есеп жүргізеді;  керекті жағдайда оларға бұрынғы істеген жеріне жұмысқа орналастыруға көмек көрсетеді; сотталғандардың еңбек ақысынан дұрыс ұсталынуын,  өндірістер, мекемелер,  ұйымдар әкімшілігінің  Қазақстан Республикасының  заңдары белгілеген жазаны өтеу жағдайын сақтауды бақылайды;  сотталғандармен тәрбие жұмыстарын жүргізуде;  оларға қолданылатын мадақтау және жазалау шараларына қатысады; тұрған жері белгісіз сотталғандарды іздеуді заңмен белгіленген тәртіппен ұйымдастырады.

Сотталғандарға еңбек ақы төленген күні ұсталған сомасы белгіленген тәртіппен мемлекет пайдасына аударылады.

Өзінің түзелгенін  ынталы мінез-құлқымен   және еңбекке, оқуға, адалдығымен дәлелдеген  сотталғандар,  заң белгілеген тіртіппен мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға  ұсынылуы мүмкін.  Егер де сотталған түзеліп және заңмен көрсетілген жаза  мерзімінің бөлігін өтеген болса,  онда мерзімінен бұрын шартты түрде босатылуға  мәліметтерді инспекциямен  бақылау комиссиясы  бірігіп жібереді.

скачать работу


 Другие рефераты
Щелочные металлы
Особенности русской философии
Гипертекстовая технология
Компьютерная речь


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ