Бас бостандығынан шектеу түріндегі жазаны өтеудің тәртібі мен ережелері
Другие рефераты
Бас бостандығынан шектеудің маңызы – ол сотталғанды қоғамнан оқшауламай, арнайы мекемеде оны бақылау жүргізу жағдайында бір жылдан бес жыл мерзімге дейін ұстау болады. Егер қоғамдық жұмыстарға немесе түзеу жұмыстарына тартуды бас бостандығынан шектеуге ауыстырғанда, онда ол бір жылға дейінгі мерзімге тағайындалады. Бас бостандығынан шектеуге сотталған адамдар жазаны, әдетте, тұрақты тұратын немесе сотталған орны бойынша облыс көлеміндегі арнаулы мекемеде – түзеу орталықтарында өтейді. Тұрақты тұратын жерінде түзеу орталықтары жоқ сотталғандар жазасын өтеу үшін дәл осындай тәртіппен жіберіледі. Жергілікті атқарушы органдар бостандығын шектеуді өткертуші органдарға жазасын өтеуге жіберілген адамдардың еңбек пен тұрмыстық жайластырылуына жәрдемдесуге міндетті. Сотталған ұйғарым алған күннен бастап үш күннен кешікпей жазасын өтеу орнына жүріп кетуге және оған жүргені туралы ұйғарымда көрсетілген мерзім ішінде баруға міндетті.
Бас бостандығынан айырудың өтелмеген бөлігі бас бостандығынан шектеу түріндегі жазаға ауыстырылған сотталғандар қамаудан босатылып, түзеу орталығына мемлекет есебінен өз бетімен барады. Түзеу мекемесінің әкімшілігі соталған кейін түзеу орталығына өзі барады деп жолда болу уақытын есепке алмай, 5 тәулікке дейін қысқа мерзімді демалысқа рұқсат етуге де құқығы бар.
Сотталғанның жеке басы, түзеу мекемесі мен түзеу орталығының орналасқан орны ескеріле отырып, сотталған соттың ұйғарымы бойынша түзеу орталығына айдап апарылуы мүмкін.
Түзеу орталығында смотталғандарға Ішкің істер министрлігі бекіткен тәртіп ережелері қолданылады.
Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтейтін адамдар бақылауда болады және олар міндетті:
Түзеу орталықтарындағы ішкі тәртіп ережелерінің талаптарын орындауға;
Түзеу орталығының әкімшілігі жіберген жерде жұмыс істеуге;
Әдетте өздері үшін арнайы арналған жатақханаларда тұруға және түнгі уақытында одан түзеу орталығы әкімшілігінің рұқсатынсыз шығып кетпеуге;
Белгіленген үлгідегі жеке басын куәләндыратын құжаты болуына;
Бас бостандығын шектеу неғұрлым жеңілірек түрдегі жазаға ауыстыру тәртібінің тағайындалған адамдар мен бұл жаза соттық үкімімен тағайындалған адамдарды әдетте бір түзеу орталығында ұстауға болмайды;
Сотталғандарды басқа жұмысқа немесе басқа жерге ауыстыру түзеу орталығы әкімшілігінің келісімімен сотталғанның пікірін ескере отырып іске асырылуы мүмкін;
Қажетті мамандығы жоқ сотталғандар үшін кәсіптік даярлау ұйымдастырылады;
Түзеу орталығының әкімшілігі сотталғандардың есебьін жүргізеді; Жазаны өтеудің тәртібімен ережелерін түсіндіреді; Сотталғандардың еңбекке және тұрмыстық орналасуын ұйымдастырады; Жазаны өтеудің тәртібі мен ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді; Жазаны өтеудің тәртібін қадағалайды және оны бұзудың алдын алу шараларын жүзеге асырады; Сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізеді; Заңмен белгіленген мадақтау мен жазалау шараларын қолданады; Сотталғандарды босатуға әзірлеу жұмысын жүргізеді
| | скачать работу |
Другие рефераты
|