Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

БАСҚАРУ НЫСАНЫ МЕН КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ



 Другие рефераты
ӘЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТТІҢ ДАМУЫНДА ТҰЛҒАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ Ресей Федерациясының жалпы тарихы. Киев Русі. Феодалды бытыраңқылық. Татар-Моғол шапқыншылықтары Жарын күткен жауынгер әйел ЖОҒАРЫ БІЛІМДІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ БАҒАЛАУДЫҢ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ ЖҮЙЕСІНЕ ӘСЕРІ

басқару нысаны Конституцияға әсер етеді. Конституция мемлекеттің әлеуметтік-саяси жүйесін айқындайды. Әлемдегі көптеген елдердің Конституцияларының көбінесе алғашқы баптарының өзінде-ақ қысқаша түрде сол мемлекеттің мәні, ондағы биліктің қайнар көзі болып табылатын табиғатының кең ауқымды, жалпылама және негізгі сипаты айтылады.

«Конституция: ол – мемлекетке кигізілген киім, егер де бұл киім халықтың менталитетіне сәйкес келсе (яғни «дәл шақ» болса) – онда бұл халық тұрақты даму мен гүлденуге қол жеткізеді. Егер басты заң саяси мәдениет деңгейі мен менталитетке сәйкес келмесе – онда халық тұтастай күрделі мәселелерге тап болып, ақырында өз дамуынан ажырап, тіпті кейде қайғылы күйге душар болады». Әрбір мемлекет өзінің дамуында Конституцияны қабылдау және оны елдің ең басты құжаты ретінде қалыптастыру кезеңін бастан кешеді.

Латын тілінен аударғанда «constitutio» сөзі «бекітемін», «құрамын» деген мағынаны білдіреді. Қазіргі ұғымдағы алғаш жазылған Конституция АҚШ–та 1787 жылы және Францияда 1791 жылы қабылданды.

Америка азаматтарының индивидуалдығының тарихи тамыры терең. Сол секілді АҚШ Конституциясы индивидтер ұлты, индивидуалистер ұлты секілді америкалық ұлттың менталитетін есепке ала отырып қабылданған.  Қазіргі таңда америкалық құндылықтар салт-дәстүрі, тарихы, төл мәдениеті алға басқан.

Жапония секілді азиялық елдің тарихына көз салып көрейікші. VIII ғасырдың өзінде-ақ жапондықтардың санасында императорлық биліктің ел басқаруда күмән туғызбас заңдылық қағидаты орнығып үлгерді. Яғни әрбір жапондықтың жүрегінде императордан басқа ешкім мемлекет басшысы бола алмайды деген сенім ұялады. Алайда ұзақ уақыт бойы Жапонияда әскери диктатураның өзінше бір үлгісі саналатын, бар билік сёгунның – «ұлы қолбасшының» қол астына шоғырланған. Араға үзіліс сала отырып, сёгунат жүйесі 1192 және 1868 жылдар аралығында биліктің басқару тетігіне айналды. Сёгунатқа тән сипатқа императорды бірқатар өкілдік және салтанаттылық функцияларына ие мемлекеттің номиналды басшысы ретінде сақтаушылық жатады. Императорға оның мәртебесіне лайық барлық құрмет рангілері берілгенмен, алайда оның қолында шын мәніндегі саяси күш болған жоқ. Жапонияның ел Конституциясын қалай әзірлеп, қабылдағаны жөнінде айтар болсақ.

1881 жылдың 12 қазанында император елге Конституцияны сыйға тарту жөніндегі қаулын жариялады. Ал 1889 жылдың 11 ақпанында Токиода Жапонияның Конституциясының қабылданғанын салтанатты түрде жариялау рәсімі өтті. Конституцияны қабылдағанға дейін жапондар оны әзірлеу бойынша аянбай тер төкті. Императордың тапсырмасы бойынша мемлекеттік саладағы уәкілетті адамдар, ғалымдар мен заңгерлер тарапынан бірқатар елдердің конституциялары зерделеніп, сарапталды.

Көршілес Қырғызстанның мемлекет құрудағы қайғылы тәжірибесі демократиясы дамыған Батыс елдерінің Конституциясын көшіріп, Қырғызстан халқының менталитет ерекшеліктеріне көз жұма отырып, ахуалды мүлдем өзгеше азиялық әлеуметтік-саяси ландшафтқа енгізулің қауіпті екендігін көрсетті. Ақаевтың саяси аңқаулығы мен оның жанындағы шенеуніктердің қырғыз мемлекеттілігін батыстық өлшем бойынша Орталық Азиядағы демократия аралын, орталықазиялық Швейцарияны құру жолындағы қадамдары мен басқа да саяси сандырақтары бүгінгі жағдайға душар етіп отыр.

Қазақстан Республикасының  Конституциясы концептуалдық, жекелей алғанда институционалдық және қызмет етуі жөнінен Француз Республикасының V Конституциясына бағдарланып әзірленген. 1946 жылғы Конституцияға қарағанда, Францияның жаңа Конституциясы Президенттің өкілеттігімен бірге мемлекеттік биліктің негізгі органдарының құзыретіне мән берді. Содан бері Президентке мемлекеттегі жетекші рөл берілді. Францияның Президенті Конституцияның сақтаушысы, ұлт тәуелсіздігінің, елдің аумақтық тұтастығының кепілі. Сонымен қатар ол билік тармақтарының қалыпты қызмет етуін және мемлекеттік саясаттың сабақтасуын қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасы Конституциясы Тұжырымдамасының негізінде Еуразиялық идея жатыр. Бүгінгі біздің Конституциямыз өзіне Азияға тән жеке-даралық, яғни күшті президенттік билік (бұл Конституцияның баптарында көрініс тапқан) пен еуропалық дәстүрге негізделген Парламенттің болуына негізделген. Қазақстан Республикасындағы қазіргі заңнамалық актілерінің басым бөлігі 1995 жылда қабылданған.

Қарақалпақстан Өзбекстанның солтүстік-батыс территориясында орналасқанмен, бұл елдің Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Конституциясы мен Үкіметі бар. Тіпті Конституциясының 1-бабында «Қарақалпақстан – Өзбекстан құрамына енетін егеменді, демократиялы республика» деп көрсетілген. Бұл туралы Өзбекстанның Конституциясында да «Қарақалпақстан тәуелсіздігін алуға құқылы» деп жазылған. Егер Ресейдің құрамындағы елдерді Президенттері билесе, Қарақалпақстанда елдің жоғарғы басшысы, заң шығарушы орган – Жоғарғы Кеңестің төрағасы басқарады. Мемлекеттік символдары болғанмен, қарақалпақтардың төл ақшасы жоқ.

Норвегия – конституциондық монархия. Норвегияда көптеген кейінгі толықтырулар мен түзетулер жүргізілетін 1814 жылғы конституция жұмыс жасайды. Монархия мұрадан мұраға беріледі және 1990 жылдан бастап тақ үлкен қызына немесе ұлына беріледі. Король ресми түрде барлық политикалық тағайындауларды орындайды, церемонияларға қатысып, мұрагер ханзадамен бірге мемлекеттік кеңесте күнделікті формальды отырыстарды жүргізеді. Министрлер кабинеті премьер-министр және сәйкесінше департаменттерді басқаратын 16 министрден тұрады. Құқықтық билік Стортингке (парламент) тиесілі, 2005 жылдан бастап 169 депутаттан тұрады (бұрын 165).

Қандай да сұрақ болмасын басқарушылар әрбір министрдің өз ойын білдіру құқығына қарамастан, барлығына ұжымдық жауапкершілікпен қарайды. Министрлер кабинетінің мүшелері көпшіліктің немесе парламентте коалициялық Стортингте сайланады. Олар парламенттік сайлауларға қатыса алады, бірақ дауыс бере алмайды. Мемлекетік қызметкерлердің орындары конкурстық экзаменнен өтілгеннен кейін ғана беріледі.

Құқықтық басқару Стортингке тиесілі, ол партиялық тізім бойынша әрбір 19 облыстан (фүлке) мерзімі төрт жылға сайланатын 165 мүшеден тұрады. Стортингтің әрбір мүшесі үшін орынбасар сайланады. Осылайша басқару құрамына енген әрбір Стортинг мүшесі үшін орынбасар болады. Сайлау құқығына Норвегияның барлық, яғни 18 жасқа толғандар және елде бес жылдан кем тұрмаған азаматтардың құқығы бар. Стортингке сайлану үшін азамат Норвегияда он жылдан кем уақыт тұрмауы және сайланатын облыста тұрақты тұратын орны болу қажет. Сайлаудан кейін Стортинг екі палатаға жіктеледі: Лагтинг (41 депутат) және Одельсинг (124 депутат).

Бразилияда монархия жойылғаннан кейін бірінші республикалық Конституция 1891 жылы басқарудың президенттік жүйесін енгізді. Биліктің   3 тәуелсіз тармағы бар: атқарушы, заң шығарушы, сот билігі. Бұл құрылым келесі 6 конституцияда сақталды. 1988 жылы Конституция жаңашыл политикалық концепцияны қамтиды – қоршаған ортаны қорғаудан атқарушы қызмет үстінен заң шығарушы билік функциясын күшейтуге дейін.

Бразилияда – 26 штат пен федералдық округке бөлінген федеративті республика. Штат үкіметі федерал үкіметімен ұқсас құрылымды иемденеді және барлық өкілдікті иемденеді. Штаттың атқарушы үкіметінің басшысы тікелей сайлаумен 4 жылға сайланған губернатор. Штаттардың заң шығару ассамблеясы және сот билігі федералдық схемамен жүргізіледі.

Тек XV ғасырдың басында ғана Малакка аралында тұңғыш мемлекет пайда болған. Жер шарындағы өзге мемлекеттер сияқты, Малайзия да тәуелділікті бастан кешірді. Жан басына шаққандағы табыс өте төмен болған. Әйтсе де мемлекетті басқару саясатын дұрыс жолға қоя білген малайзиялықтар біртіндеп қиындықтар мен кедергілерді жеңуді де үйренді.

Басқару жүйесі – конституциялық монархия. Елдің негізгі заңы – 1957 жылы қабылданған Федералдық Конституция. Малайзияның жоғарғы басқарушысы – мұрагер сұлтандарының бірі. Кезек бойынша 5 жылға басқарушылар кеңесі сайлайды. Мемлекет басшысы конституциялық монрахқа тән прерогативалары мен привилегиялары, парламентті басқару өкілеттігі бар. Заң бойынша ол ел қарулы күштердің бас қолбасшысы болып табылады. Сонымен қатар ол – атқарушы билігінің де басқарушысы, бірақ өзінен шығатын барлық актілер олардың жауап беретін министрлермен келісіледі. Монархтың парламентті шақыруға, сессияны тоқтатуға құқы бар. Осы тәртіппен ол тыйым  салу құқын іске асырады, жолдамаларымен парламентке үндеу жасайды. Конституция бойынша, Жоғарғы басқарушысы Премьер—Министрді, оның ұсынысымен министрлерді тағайындайды.

Малайзия парламенті екі палатадан тұрады: Сенат және Өкілдер палатасы. Сенатта барлығы 69 орын бар. 43 сенаторды премьер-министрдің ұсынысымен Жоғары басқарушы тағайындайды, ал 26-сын штаттардың заң шығарушы ассамблеялары жібереді (әр штаттан екі сенатордан). Тағайындалған сенаторлар өз лауазымында 6 жыл отырады. Өкілдер палатасы – төменгі палата. Оның өкілеттері әлдеқайда кең. Оның құрамында жалпыға бірдей сайлау құқығы негізінде бір мандатты округтерден сайланатын 219 депутат кіреді. Төменгі палата алты айдан кем емес мерзімінде бір рет жиналады және премьер-министрдің ұсынысымен оны Жоғарғы басқарушысы тарата алады.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Ғ. Сапарғалиев, А. Ибраева. Мемлекет құқық теориясы. – Алматы, 1998.
  2. Т. Ағдарбеков. Мемлекет және құқық теориясының проблемалары. Оқу құралы. – Алматы, 2006.
  3. Қ. Жоламан, А. Мұхтарова, А. Тәукелов. Мемлекет және құқық теориясы. – Алматы, 1999.
  4. Д. Булгакова. Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құралы. – Алматы, 2001.
  5. Ғ. Сапарғалиев. ҚР Конституциялық құқығы. Оқулық. – Алматы: Жеті Жарғы, 1999.
  6. А. Сагиндыкова. Констит
    12
    скачать работу


     Другие рефераты
    Дистанционное обучение в вузе
    Специальные налоговые режимы. Упрощенная система налогообложения
    Культурно-досуговая деятельность на Руси
    Древняя Греция


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ