Баспасөз және сын
Другие рефераты
Лекция мақсаты:
Қазақтың алғашқы газеттері «Түркістан уалаяты», «Дала уалаяты» газеттері жайлы мағлұмат беру.
Сұрақтар:
-
«Түркістан уалаяты» газеті (1870-1882) беттеріндегі сыншыл ой-пікірге қатысы бар материалдардың жариялануы.
-
«Дала уалаяты» газеті (1888-1902) сын пікірді оятудағы ролі.
-
Шоқан, Ыбырай т.б. қазақ зиялыларының тіл тазалығы туралы жарияланымдары
-
Шортанбай, Абай өлеңдерінің жарық көруі.
Қазақстанның Россияға бағынуының пайда-зияны және оның ықпалы.
XIX ғасырдың аяқ шенінде саяси-әлеуметтік жағдай және сыншыл реализм дәстүріндегі жаңа әдебиеттің тууы.
«Түркістан уалаятының газеті» (1870-1882) - қазақ баспасөзінің тұңғышы және оның әлеуметтік ой-пікірді оятудағы орны. Шоқан, Орынбай жайлы арнайы мақалалар жариялауы, ақындар айтысы мен мақал-мәтелдер жөніндегі материалдар. «Қисса Қожа Ғафан һәм Садуақас» туралы пікір және тіл тазалығы жөніндегі көзқарастың өріс алуы.
«Дала уалаяты» газетінің (1882-1904) сыни ой-пікірді оятудағы ролі. Шоқан, Ыбырай және қазақ зиялылырының тарихи ролі туралы пікірлер. Қазақ тілінің тазалығын сақтау туралы Алтынсарин идеясының осы кездегі қазақ публицистеріне тигізген әсері.
Әдеби ағымдар елесі, Шортанбай өлеңінің жариялануы және ол туралы пікір. Абай өлеңдерінің озық пікірге өзек болуы.
Өзін-өзі бақылау тапсырмалары:
- «Түркістан уалаятының» газеті мен «Дала уалаятының» газетін кім шығарды және қандай мақсатпен?
- Бұл газеттердің қазақтың мәдени-әлеуметтік өміріндегі орны қандай?
- «Түркістан уалаятының» газеті мен «Дала уалаятының» газеті қандай берік көзқарасты ұстанды?
Әдебиеттер тізімі:
-
Дала уалаятының газеті. Құрастырушы Ү. Субханбердина. Үш томдық. Алматы, 1989, 1990, 1992.
-
Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. Алматы, 1996.
-
Ысмайылов Е. Сын мен шығарма. Алматы, 1960.
-
Ысқақұлы Д. Сын өнері. Алматы, 2001.
-
Ысқақұлы Д. Сын шын болсын. Алматы, 1993.
-
Ысқақұлы Д. Сын сонар. – Алматы, 1994.
| | скачать работу |
Другие рефераты
|