Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақтың ұлы ағартушы-демократтарының сыни ойлары



 Другие рефераты
«Айқап» журналы мен «Қазақ» газеттерінің әдеби сынның дамуындағы тарихи қызметі Баспасөз және сын Көне дәуірдегі әдебиет Қазақтың сыни пікірінің оянуы және әдебиет сынының тууы. Әдебиет сынының арналары

Лекция мақсаты:

Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтың еңбектеріндегі сыни ойлармен танысу.

 Сұрақтар:

  1. Ш.Уәлихановтың қазақ ауыз әдебиетін зерттеуі. «Манас» жыры
  2. Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» — әдеби педагогикалық сыни ойдың жемісі.
  3. Абай – қазақтың ұлы ақыны. Абай шығармашылығындағы сыншыл реализм.
  4. Абайдың сөз өнері туралы ой-пікірлері. Абай эстетикасы – қазақтың сыншыл ой-пікірінің биік шыңы.  

Шоқан  Уәлиханов,  Ыбырай  Алтынсарин,  Абай  Құнанбаевтың  еңбектеріндегі  сыни  ой-пікірлер.

Г.Потаниннің  Шоқан  Уәлиханов  «Қазақ  әдебиетінің  өркендеуіне   негіз  сала  алар  еді»  деген  тезисінің  мәні  және  Шоқан  еңбектерінің  көркемдік  қасиеттері  мен  публицистикалық  ой-түйіндері.

Шоқан  -  қырғыздың  ұлы  эпосы  «Манасты»  тұңғыш  зерттеуші.

Шоқанның  ауыз  әдебиетіне  көзқарасы  және  оның  үлгілерін  жинап,  зерттеуі.  «Қазақ  халықтық  өлеңдерінің  түрлері  туралы»  еңбегінде  қазақ  өлең  түрлері  мен  өнерпаз  дарындарды  классификациялауы.

Шоқан  -  қазақ  халқының  ғылыми  ой-пікірі  оянуының  қарлығашы.

Ыбырай  Алтынсарин  жасаған  «Қазақ  хрестоматиясының»  тарихи  мәні.  Хрестоматия  жасау  -  ғылыми-сыни  ойдың  жемісі.  Ыбырайдың  ана  тілінің  тазалығын  сақтау  жолындағы  күресі  және  қазақ  тілін  өркендету  жайындағы  ойлары.

Ыбырай  -  қазақ  халқының  педагогикалық  ой-пікірін  жүйелі  негізге  салған,  сыншылық  ойға  педагогикалық  арна  дарытқан  дарын.

Абай  Құнанбаев  -  сыншыл  реализм  дәстүріндегі  жаңа  эстетикалық  мұратты  қалыптастырған,  сөз  өнерінің  қадір-қасиетін  жаңа  сатыға  көтерген  ұлы  ақын.  Өлеңге,  ақындық  дарынға  Абайдың  көзқарасы.  Көркем  сөздің  қоғамдық  және  әлеуметтік  мәнін  ашуда  Абайдың  ролі.  Өнерпаз  дарынды  қадірлеу,  көркем  сөзді  ел  кәдесіне  асыру,  қазақтың  мақал-мәтелдердің  мәні  және  оларды  сын  елегінен  өткізе  бағалауы,  түр  мен  мазмұнның  ажыраспас  бірлігін  талап  ету,  оқушы  мен  тыңдаушыны  тәрбиелеу,  көркем  шығарманың  әлеуметтік  мәнін  ашу  -  Абай  негізін  қалаған  жаңа  эстетикалық  мұраттың  негіздері.

Абай  -  қазақтың  эстетикалық  таным-білігінің  жаңа  нормасын  жасушы. Қазақтың  ұлы  ағартушы-демократтарының  сыни  ой-пікірдің  қадасын  қадап,  өрісті  арна  тауып  берудегі  тарихи  еңбектерінің  мәні.

Өзін-өзі бақылау тапсырмалары:

- Шоқан  еңбектерінің  көркемдік  қасиеттері  мен  публицистикалық  ой-түйіндері қандай?

- Ыбырай  Алтынсарин  жасаған  «Қазақ  хрестоматиясының»  тарихи  мәні.

- Абайдың сөз өнеріне, өнерпазға қояр талабы қандай?

- Абай өлеңдеріндегі сыншыл реализмді атап көрсетіңіз.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Қаратаев М. Казахская литературная критика на современном этапе. Алма-ата, 1974.
  2. Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. Алматы, 1996.
  3. Ысмайылов Е. Сын мен шығарма. Алматы, 1960.
  4. Ысқақұлы Д. Сын өнері. Алматы, 2001.
скачать работу


 Другие рефераты
Развитие речи и мышления
Қазақстанның тәуелсіздігі үшін күрес
Туризмдегі қауіпсіздіктің теориялық негіздері
Выпуск ценных бумаг коммерческим банком


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ