Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Бейімбет Майлин

;

жаңадан жөндеп бастырады, кітап баспасынан өлеңдер жинағын шығарады.

1923 жылы Майлин Қостанай қаласына барып, «Ауыл» деген жаңа газет

шығарысады.  Көптеген новеллалары, сықақ әңгімелері, белгілі «Раушан-

коммунист» повесі осы газет бетінде жарық көреді. 1925 жылы өлкелік

өкіметтің арнайы шақыруымен республиканьң сол кездегі астанасы

Қызылордаға келіп, қайтадан баспасөз және баспа орындарында (1934 жылға

дейін) әр алуан қызметтер атқарады. 1934—1937 жылдары «Қазақ әдебиеті»

газетінің бас редакторы болып істейді.

Осылармен қатар, ұйымдасқан күнінен бастап үздіксіз Қазақстан

жазушылар ұжымыньң құрамында болып келген Бейімбет ұлан-ғайыр әдеби

еңбекті ұйымдастыру, ұйым жұмысын басқару, жас әдебиетшілерді тәрбиелеу

ісіне жүйелі қатысып, үнемі ат салысып отырады.    '

Бұл жылдарда Майлин - суреткер өз дәуірінің ұлы, өз заманының үні

болудың үлгісін көрсетті. Әсіресе оның шағын және орта көлемді эпика

түрінде ай сайын, апта сайын толассыз туып, мерзімді газет-журнал

беттерінде үздіксіз жарияланып жататын әдеби шығармалары

жиырмасыншы - отызыншы жылдардағы ауыл өмірінің әрі түзу айнасы, әрі

көркем шежіресі іспетті. Сол кездегі жаңа шаруа тұрмысы мен тіршілігінің

Бейімбет бейнелемеген сыры да, сымбаты да сирек шығар.

Осы  жылдар  ішінде  жазушының өзі  қалам тербеген  барлық жанрда елу

бес кітабы жарық көріп, жалпы жұртқа кеңінен таралып еді.

Б. Майлин 1938 жылы дүние салды.













1.2.    Ақындығы

     Бейімбет Майлин — ақын. Әдебиеттегі алғашқы адымын өлеңнен
бастады және қазақ поэзиясының дамуына өзіне лайық үлес қосты.

Майлин — реалист. Оның поэзия, проза, драматургия салаларының қай-

қайсысында жазған шығармаларын алып қарасақ та, тұнып тұрған шындық,

ақиқаттан ауып басқан бір де бір адымы болған емес.

Ендеше, шыншыл суреткердің әдеби туындыларының болмыс-бітімін,

сыр-сипатын, қажет жағдайда тіпті күнгейімен қоса көлеңкесін сарапқа

салған тұста да оның өзіне ұқсамауға, яғни ақиқат шындықтан алшақтауға

болмайды.

Қазақ поэзиясының дамуына өзіндік  үлес қосты дегенде біз қазақ өлеңін

көркемдік жағынан еуропалық биікке көтеріп, оның мазмұнды пішінін

тотыньң түгіндей құбылта құлпыртқан Абайдан әрі өрлетіп әкетті демейміз.

Әділіне келсек, Бейімбет өлеңдерінің өрімі — жеңіл түрі, ырғағы, ұйқасы...

— Абай реформаларынан көш   кейін   жатады.

Демек, кейбір зерттеулерде айтылып жүрген «Бейімбет — қазақ өлеңінің

асқан шебері» деген пікір ұшқары, ағат. Мазмұн мен пішін жағынан қатар

салмақтап байқасақ, оның суреткерлік шеберлігі әңгімелеріне қарағанда

өлеңдерінде бәсең, әлсіз.

Олай болса, Майлин поэзиясының қадір-қасиеті неде?

  Екі нәрседе — жырлаған тақырыбында және бейнелеген образында біріншіден,   

Бейімбет қазақ кедейінің тұрмысы мен тіршілігін қазақ поэзиясында өзіне

дейін болмаған аумақта, кең, терең және жан-жақты суреттеді.

Екіншіден, Бейімбет қазақ кедейінің мінезі мен мүсінін қазақ поэзиясында

өзіне дейін болмаған деңгейде дәл, тіпті типтік һәм символдық дәрежеде

(Мырқымбай) тарихи жағынан нақты және өрбу, өсу үстінде   сомдап   соқты.

Осы екеуінің устіне енді Бейімбет өлеңдері мен поэмаларының тұла

бойына күн шуағындай тарап, ұшқын атып, сәуле шашып жатқан әрі жылы,

әрі шымыр юморды (эзіл-әжуәні) қоссақ, жалпы Майлин ақындығыньң

өзгелерден окқшау тек өзіне ғана тән ерекшелігі белгіленді де, оның,

жоғарыда айтылғандай, казіргі қазақ поэзиясының дамуына  қосқан улесі       

анықталады.



1.3.    Жырлағаным - кедейдің жыры
       Суреткердің  өнері   өмірімен,   яки  өз   басынан кешкен ғумыр-
тіршілігімен тығыз байланысты. Ол өмірде нені жете таныса, өнері арқылы
жұртқа да соны танытады. Осы ақиқат тұрғысынан қарасақ, Бейімбеттің
дүниеге көзін ашқаннан көргені-баққаны көбіне ауыл өмірі. Төңкерістің
бұрынғы, төңкеріс қарсаңындағы және одан кейінгі қыр тіршілігі, дала
тұрмысы. Сондықтан оның ширек ғасыр бойы, сөз өнерінің қай жанрында
болсын, жазған шығармалары түгел ауыл өміріне арналуы тегін емес.

Осыны өзі де білген. «Жаңа әдебиет» журналының 1931 жылғы 6-7

сандарында ол өзі туралы: «Менің бұл күнге дейін жазған тақырыбым ауыл

туралы ғана болып келеді,— деп ашып айтты. Өндіріс өмірін суреттеуге мен

әлі күнге дейін кірісе алғаным жоқ. Өйткені әлі  күнге  дейін  өндіріс өмірімен 

таныстығым  жоқ».

Бейімбеттің дала жырындағы — ауыл әуеніндегі өзіне дейінгілерден

оқшау ерекшелік те дәл осы арадан келіп шығады.

Сенің  зарың   —  зарлайтыным  өмірде,
Сенің  арың — арлайтыным  өмірде.
Сен   жыласаң   —   көзден   жасым  тамшылар,
Сен қуансаң — қайғы, шерім аршылар.
Бейімбет Майлиннің «Кедейге» деген өлеңіндегі осы жолдар — оның
ақындық кредосы — қаламгерлік бағдарламасы. Ол өзінің онша ұзақ емес
өнер жолында осы мақсатынан бір сәт тайып, табан аударып көрген жоқ.
Өйткені оның өмірде де, өнерде де серті тұрақты, берік және мәңгілік ант
еді.
Кедей   деп   туғам,   кедей   деп   өлем.
Не    көрсем    де    кедеймен    көрем.
Кедей   қуанса,   кедей   жұбанса,
 Бір    елі    көкке    тимейді    төбем.

Жырлағаным  — кедейдің жыры.
Сырлағаным  —  кедейдің сыры.
Сырым  да   бір,   жырым  да   бір,
Мен дағы сол кедейдің бірі.
              «Ұлы күн».

Жоғарыда аталған жорық ақыны Махамбеттің дала тақырыбындағы
толғау жырында аһ ұрған арман, өкініш аралас өршіл романтизм сарыны

желі тартып жатса, Абайдан төгілген шалқыма сырда ауыл көшіп кеп қонып

жатқан сәнді де салтанатты жазғы жайлаудың мәре-сәре көңілді, көркем

көрінісі таза реалистік сипатта суреттелсе, Бейімбеттегі дала кейпі — ауыл

кескіні мүлде басқа: ол дала тіршілігіне, даладағы ауыл тұрмысына кезінде

әр шиеленістің бірден-бір себебі саналған таптық тұрғыдан, дәлірек

айтқанда, өзінің шықан тегі кедейдің көзімен қарайды. Мұның өзі заңды да.

Ең үлкен ерекшелік осында жатыр.

«Әдебиеттің таптығы» деген қатал да қиын қағида әдеби шығармашылықтың

шешуші шартына айналған жағдайда Бейімбеттің бұған басқа көзқараста

болуы мүлде мүмкін емес еді.

Ауыл өміріне кедей мүддесі мен мұратының тұрғысынан қараған Бейімбет

шығармаларының идеялық мазмұнында, сөз жоқ, қазақ қоғамындағы қилы-

қилы қайшылықтар, адамдар арасындағы әлеуметтік теңсіздіктер желі

тартып жатты.

1915 жылы жазған «Жазғы қалып» деген өлеңінде ақын қыс өтіп, жаз

жетіп, табиғат түлеп өзгергенмен ауыл өміріндегі атам заманнан келе жатқан

ескілік, кертартпа салт-сана, «жер дауы, жесір дауы — кесір дауы» әлі

өзгермей, «қыс болса, әмеңгерге жесір сатып, аянбай көз жасына белден

батып» жүрген «ақсақал, қарасақалдардың» әдептен тыс нысапсыз әдет-

ғұрпын аяусыз әшкерелейді.

«Ауылда» деген өлеңінде автор надан ортада үйден-үйге қыдырып «ет те

шай — тапқаны тек тамақ ішкен» қаракетсіз жалқауларды сынаса,

«Садақбайда» ел ішін алтайдай бүлдіріп, топ, жік партия құрып, жұртты орға

жықпақ болып жүрген саяси алаяқтарды түйрейді.

Майлин жырлаған қазақ ауылы екеу — төңкеріске дейінгі ескі ауыл,

төңкерістен кейінгі жаңа ауыл. Екеуінің де сыр-сипатын ақын тек қана  кедей

дүрбісімен көреді, көрсетеді,  таниды, танытады.

Ал кедей деген кім, кедейлік деген не? Мұны Майлиннен артық білген

ешкім тағы да жоқ. Мұны 1913 жыл медреседе оқып жүрген кезде жазған

алғашқы өлеңінен-ақ («Мұқтаждық») анық аңғаруға болады:
Ай, мұқтаждық, кесел
123
скачать работу

Бейімбет Майлин

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ