Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Бейімбет Майлин

болып тұрдың ғой!
Талапкерге қарсы тұзақ, құрдың ғой!
Қолды созып, бойды жазып жүргізбей,
Ауруы жоқ бір мүгедек қылдың ғой.
Ақынның түсінігінше, мұқтаждықтың ең кесірлі жері — талапты жастың
қалтасын қағып, түбінен «жел гулететіні» ғана емес, ілгері бассам деген аяғын
кері тартып, «жалындаған жүрегін сөндіретіні». Содан соң амал жоқ:

Шарасыздық күнге ұшырап байғұстар
Садаға ушін жанын байға жалдайды.
Бейімбет өзінің тұрақты тақырыбына осының бәрін тұрлаулы түрде
көріп-біліп,  ұғып-түйіп, саналы түрде келді.

Ал енді бай деген кім, байлық деген не?. Майлин бұған да («Мал»,

«Байлыққа», «Қарынға») кедейдің көзімен қарайды. Бұл тұста да түйін-

тұжырым берік. Мәселен, «мал» —Майлиннің ұғымында Бальзактың

түсінігіндегі «ақша» секілді,— «санасызды санға қосқан», сөйтіп оның «өзін

патша, өзін би» еткен байлық. Малы .бардың қолында бәрі бар. Тілесе,

тіпті:
Малы барлар «Мекке» барар жалақтап,
                       Сөзін сыйлы, елді аузына қаратпақ.
«Мұсылмандық белгісі».
Дәл осы арада ақынның шыншылдығымен қатар сыншылдығы да айрықша
айшықпен көзге туседі. 1912 жылы он сегіз жасар Бейімбеттің Медресе-
Ғалиядағы қолжазба журнал «Садақта» тұңғыш жарияланған осы өлеңінде
Қазан төңкерісіне дейінгі әбден тозығы жеткен, тарих сахнасынан шығып
бара жатқан ескі ауылдың тоңмойын тұр-тұрпаты, ауылдағы малдылар мен
жалдылардың ала-құла топас сыр-сипаты, томырық мінез-құлқы, байлар мен
жалшылардың ала-құла ара-қатысы ащы сықақ, уытты мысқыл арқылы
біршама білгірлікпен суреттеле тұра, жалпы қазақтардың діншілдігі көбіне
жасанды екені, асылы, қазаққа ислам жөнді дари қоймағаны әжуамен
аңғартылады. Шіркін, несін айтасың, «біздің қазақ баласы — шын
мұсылман» деп қағыта қалжыңдап алады да, мұның мұсылмандығының түрі
күніне «бес намаздың жалғызын-ақ оқып ап», құдайға беталды құла түз
«құлдық» ұра беру деп күледі. Байлар бұл тұста да баяғы қалпы арамза,
алдампаз, алаяқ молдаға зекет ретінде «көтерем тай, қотыр қой» беріп, соңыра
«о дүниеге» барғанда бәрі түгел жұмақ төрінен бір-ақ шықпақ! Осыны аяусыз
сынға алған ақын өлеңінің аяғын астарлы кекесінмен бітіреді:
Барлық қазақ, иемденіп, жұмақты,
Басқаларға орын қалмай жүрмесін.
Майлин юморы мен сатирасы осылайша ақындығының алғашқы
адымдарынан бастап-ақ әрбір өлең жолдарының ара-арасынан шымыр-
шымыр қайнап шығып, күллі поэзиясының өнбойына шым-шым ете берген
еді.
Көне ауылдың қоғамдық қоршауы мен әлеуметтік ортасындағы кедергі-

кеселді, адам басындағы кесапат-келеңсідікті, керенау-кердеңдікті найзадай

түйрейтін осынау ащы да болса ашық, адал, ақжарқын күлкісін ақын өзінің

аңызға айналған әйгілі ұнамды кейіпкері Мырқымбай мінезін, қылығы мен

құлқын, әдеті мен ғұрпын, сайып келгенде, санасы мен салтын әзілдеген тұста

да іркіп көрген емес.

          Мырқымбай - қазақ әдебиетінде бұрын - соңды мұншалық бедерлі

бейнеленбеген, дәлірек айтқанда, мұншалық жан-жақты жинақталмаған және

дараланбаған, ұтымды мүсінделмеген және мінезделмеген тың тип. Ол —

Төңкеріске дейін байдың малын бағып, шөбін шауып, ғұмыр-тіршілігін

құлдық пен қорлықта, азап пен бейнет астында  өткізген_төңкерістен кейін ол,

өз еркі өзіне тиіп, енді малға ие, жерге қожа болып, адам санатына қосылған.

Келе-келе өмірге көзін ашып, оңы мен солын танып, енсесін көтере белін

жазып, қашаннан шерге толы көкірегіне енді азаттықтан туған қуаныш енген

соң аздаған жел бітіп, асып бара жатқан ерлік болмағанмен біршама ожар

ерлікке басып, төңірегіне тентектік көрсете бастаған жалаңаяқ жалшы — кейде

кеж, кердең, кейде томырық, тұйық, кейде оспадар, ожырай, өзінің оқығаны

жоқ, қараңғы, тұрмыстан тоқығаны да жоққа жақын көрбала, бірақ әйтеуір күш

біткен, ниеті дұрыс, пиғылы адал еңбек адамы — кедей. Дәл осындай

сауатсыз шаруаға тән сыр мен сипатты шындық шеңберінде өндіре, өрбіте

кейде тіпті өсіре баяндау арқылы Бейімбет ел аузында аңызға айналып

кеткен атақты образ-символын айшықтайды.

Мырқымбай —жиынтық кейіпкер — тип. «Мырқымбай» деген есімнің

өзінде әжуамен пернеленген астар бар, атына заты—болмысы, бітімі, мінезі,

қылығы, қимылы, қауқары түгел сыйып тұр. Мырқымбай десе

мырқымбай!..


Мырқымбай!  Мырқымбай! Мырқымбай!

Бай,  бай,   бай,  бай!

Жүрмейсің    жәй. Нең, бар еді?

Әй, құдай-ай!..
                                                             «Мыр қ ым бай ».
Бұл — Мырқымбайды тұңғыш көруіміз, заман ағымына, заң байыбына
жөндеп бара алмайтын парықсыз, доғал, сотқар баласының ат сұраған
ауылнайды жер-жебіріне жете балағаттап, анайы бейбастық, жасағанына
өкініп діңкесі құрыған әке не қыларын білмей:

Бай,  бай,   бай,  бай!
        
  Жарым   ес-ай!
 
Құның ба ед! Бір  шолақ  тай!  
деп ызаға булығып, зығыры қайнайды. Ал баласы бәрібір түкке түсінбейді.
— Әке-ау, мұның не?— деп аңырады,— Ауылнай құдай ма еді?
Әкімді құдай деп, шұлғимыз да отырамыз ба?


Осының өзінде кәдімгідей логика, керек десеңіз тіпті заңдылық бар.

 Майлин бұл жерде де ақиқаттан аттамайды, шындықтың шекарасынан

шықпайды. Бұл тұстағы (1922) Мырқымбай бұдан бес жыл бұрынғы бай

мен болыс тепкісінің астында жатқан тулақ Мырқымбай емес, оянған көзін

ашқан, кеудесіне әжептәуір намыс біткен ширақ Мырқымбай. Бұл бүгінде

«өмір-күрес» екенін біршама ұққан, бірақ соның парқын дұрыстап түсіне

бермейді , күресу — қарсы келгенмен қалайда қарсыласу, қармаса беру, «атқа

мінген адам» көрінбесе «теке көзденіп» кету, омыраулау, ақылына көнбеу,

айтқанына жүрмеу деп біледі.

Күйгелек әке де қояр емес, өз-өзінен өжіктеп, баж-баж етеді;

Бар,   шақырып   кел!

Сары   атты  бер!

Қол  қусырып, аяғына  жығылсаң,

Ашуын   тастадым   дер!'
Тоңмойын бала торс ете, шалқасынан түседі;
—   Бара   алмаймын.
 Оған   пенде бола   алмаймын!
Тентіретіп  жіберсең де,
Бұл  тіліңді  ала  алмаймын!
Баланьң  дөкірлігі мен әкенің өкініші  көрініс  береді. Осы арқылы сол кездің
бір алуан ащы шындығы қолма-қол жария болады,  адамдар арасындағы
алауыздық қыңыр қиястықтан,  жөн білмейтін   жетесіздіктен   екені   өлең-
диалогтен   анық   әрі   әдемі аңғарылады. Осылайша, оқушының көз
алдында бір адамньң құлқы бір топ адамның мінезі, яки Мырқымбай
мырқымбайлыққа ұласады. Сонда Мықымбай — бір адамның кескінін ғана
емес, бүкіл бір әлеуметтік ортаның кейпі, сыры, сипаты. Мырқымбайдың
типтік бітімі де осы арада жатыр. Бейімбеттің жиырма шақты өлеңі мен екі   
поэмасының әрқайсысында әр қырынан көрініп, кезеңді шындықты көркем
жинақтау арқылы мінезі мен мүсіні мейлінше мол тұтасып-тұлғалана
берген Мырқымбай келе-келе осылайша образ-символға айналған.

Мырқымбайға ыза болып күйіп-піскенмен, әкенің де баладан асып

баражатқан ештеңесі жоқ. Бала шорқақ болса, әке қорқақ, екеуі бір

сөлкебайдың екі жағы секілді. Әкенің балаға сары атты ауылнайдың

«жетегіне байласаң қайтеді?» деп зар қаққандағы халі мен қалпы жалпы

қоғам қамын ойлаған көшелілігі емес, қай заманда болмасын, әйтеуір

атқамінер атаулыдан ығып, ығысып қалған үркелектігі, үрейсіздігі, құр

қаудырлаған қауқарсыз қалбағайлығы.

Мырқымбай туралы өлеңдер топтамында сөз бен сурет, ой мен образ

 осылай жымдасқан. Майлин поэзиясында өзіне тән мәнер мен машық,

өзгеден ерекше өрім мен өрнек бар десек, оны дәл осы  арадан іздеген жөн.

123
скачать работу

Бейімбет Майлин

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ