Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Бейімбет Майлин



 Другие рефераты
Сәбит Мұқанов Бейімдік бағдарлап оқыту Ахмет Байтұрсынов Ас – адамның арқауы

І. Кіріспе
    Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті: Курстық жұмыстың негізгі мақсаты қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы жаңа дәуірін бастаған «Алыптар тобындағы» ірі ақын, іргелі прозаик және драматург Бейімбет Майлиннің алатын орнын анықтау. Бейімбет Майлиннің өмірі мен шығармашылығына жалпы сипат беру. Бейімбет прозасының ерекшеліктеріне тоқталып, тақырыпты толық ашу. Прозасын лексикалық жағынан қарау, поэтикалық көркемдегіш тілінің негізгі түрлеріне тоқталу. Оның ағартушылық, адамгершілік сарыны, туған халқын, Отанын сүйгіш сезімі, қорлыққа, әділетсіздікке төзбеуі, жаман мінез, қылықтар мен әлеуметтік міндерді сынап, сықақ ету дәстүріне, әңгімелеріне шолу жасау. 
    Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан, жеті тақырыпшадан, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
«Бейімбет  еңбектері жаңа өміріміздің шежіресі еді,  биік бе­лесіне енді шыға
  бергенде үзіліп кетті».                              
                                                                                     Ғабит Мүсірепов.

Қалам қызметіне ерте (1912 жылдан) араласқан Майлиннің ширек ғасыр

ішінде жазған таңдаулы поэзиялық, прозалық, драмалық, шығармалары —

біздің бүгінгі  сөз өнерімізге қосылған қымбат қазына.

Қазіргі  қазақ әдебиетінің негізгі  жанрларын қалыптастырып, дамытуға

сіңірген ерекше еңбегін, бүгінгі қазақ аулының жаңа тарихындағы

жиырмасыншы-отызыншы жылдардьң көркем шежіресін жасауда атқарған

айрықша қызметін өз алдына қойғанда, Бейімбет Майлин өзінен кейін 

қолына қалам ұстағандарға анық екі қырымен берді. Саңлак суреткер

өлшеулі ғана шығармашылық ғумырында өлшеусіз  еңбек суйгіштігімен

«жаушылық — жазу, жақсы жазу, жақсы жаза алсаң, қалам құрғатпай жазу»

екенін тынымсыз іс - әрекетімен қолма-қол дәлелдеп кетті. «Әңгіме —

шеберлік мектебі» деп Федин айтқандай, құдіретті зергер әрі қысқа, әрі нұсқа

новеллалары арқылы шын мәніндегі  әдеби шеберліктің  мектебін ашып, осы

жанрдағы шынайы, тап-таза, мөп-мөлдір реализмнің  үлгісін көрсетті.

Қараңғы ауылдағы әлі де шырышы бұзылмаған ескілікті, алуан түрлі әділетсіздіктерді көріп, білімі тайыз, саяси тәжірибесі  шағын жас ақынның аз уақыт жете түсіне алмай, толғанған, тосырқаған, тіпті кейде: «Бұл қалай?» - деп күдер  үзіп, торыққан да жайлары болады. Бұл ретте сол кездегі ұлтшыл интеллигенцияның да азын – аулақ әсері болуы ғажап емес. Бірақ ондай сезімдер мен әсерлерден ойшыл ақын, қайтадан өзінің  бастапқы сарқылмас қайрат, талабына мінеді, мойымас мықты сенімінен  енді еш  қайтпайды.              
Ақынның жиырмасыншы жылдардағы шығармалары оның қаламының  жылма – жыл төселіп, талантының ұдайы өсіп отырғанын көрсетеді. Тақырыбының ұлғайып, сарынының молайып, ақындық үнінің барған сайын күшейе түскенін аңғартады.
       

1.1. Бейімбет Майлиннің өмірі

Бейімбет   (Бимағамбет)   Жармағамбетұлы    Майлин 1894 жылы бұрынғы

Торғай облысы, Қостанай уезі, Дамбар болысындағы Ақтөбе деген жерде

қазіргі Қостанай облысы, Таран ауданы, Майлин кеңшарында туған. Екі

жасында әкеден жетім қалған Бейімбет бір байдың сауыншысы болып жүрген

анасының қолында тәрбиеленеді. Жетіге жеткен соң өзі де сол байдың

қозысын бағып, кейін атының делебесін ұстайды. Бейнет пен жоқшылықтың

ащы дәмін ерте татқан жас бала кәрі әжесінің жылы құшағында бұйыға

тербеліп отырып, оның:

Өмірімде  көргенім  күндік,   құлдық,

Бұл жалғанда бар ме екен біздей мұңдық?—

деген гөй-гөйінің зар сырын жанымен ұғады. Әжесі көне жырларды көп

білетін, өзі де аздап өлең шығаратын ақынжанды адам екен. Соның әсері

болса керек, Бейімбет қаршадайынан өнерге құмартып өлеңге әуестенеді.


Майлин алғаш рет ауыл молдасынан сауат ашып, хат таниды. Содан

соң өзі есігінде жүрген бай үйінде тұратын Әбдірахман Сатыбалдин деген

татар мұғалімнен дәріс алады. Одан әрі іргелес көрші ауылдағы басқа бір

Әбдірахман Арғынбаев дегеннің медресесіне түсіп, екі жыл (1910-1912) оқиды.

(«Шұғаньң белгісіндегі» бас кейіпкердің учитель болуы және Әбдірахман

атануы тегін емес-ті). Өз бетінше кітап оқып, көп ізденеді, қалаға барып,

білімін одан әрі  көтеруге талаптанады.

1913-1914 жылдарда Майлин Троицкідегі «Уазифа» мектебінде, оны

бітіргеннен кейін Уфа қаласындағы Медресе - Ғалияда окиды. Сол жылдары

медресе шәкірттерінің әдеби үйірмесіне қатысып, өзі секілді талапкер

жастармен бірге «Садақ» атты қолжазба журнал шығарысады. «Садақтьң» әрі

редакторы, әрі  белсенді авторы болған Бейімбет осы журналдың 1914 жылғы

үшінші нөмірінде өзінің тырнақ алды прозалық туындысы «Шұғаның

белгісін» жариялайды. Бұл «Ғалия» шәкірттері мен ұстаздарының арасында

авторының атын шығарып, талантын танытқан тамаша шығарма болатын.

Бейімбет Майлиннің медресеге сабақ беретін белгілі татар жазушылары

Мәжит Ғафуримен, Ғалымжан Ибрагимовпен шығармашылық байланысы,

медреседе өзімен бірге оқитын башқұрт ақыны Сайфи Құдашпен достығы осы

кезден басталады. Солармен ынтымақтаса жүріп, Бейімбет екі жылдай орыс



тілін үйренуге көп күш салады; Гоголь, Лев Толстой, Чехов, Горький

шығармаларымен түпнұсқадан танысады.

Бірақ денсаулық жағдайына байланысты Медресе - Ғалияның оқуын аяқтай

алмай, 1915 жылы дәрігерге көрінбек болып Троицк қаласына қайтып

оралады да, осы тұста «Айқап» журналында қызметте жүрген Сұлтанмахмұт

Торайғыровпен, Мұхамеджан Сералинмен танысады. Журналда бірнеше

өлеңдер жариялайды. 1916 жылы еліне келіп, 1919 жылға дейін қаламгерлік

кызметімен қатар ауыл жастарына ұстаздық етеді. Бұл бір орасан қиын, ойлы-

қырлы, бұралаң жолдары көп күрделі кезең еді.  1916 жылғы маусым жарлығы

кезінде елдің ер-азаматтары қылыштарын көкке қайрап, екі жақты езгіге —

патша жендеттерінің талауына, жергілікті жемқорлардың қанауына қарсы

ұлт-азаттық   көтерілісіне   аттанғанда,   Бейімбет   оларға   сәт-сапар

тілеп, күрес адамдарын ашық айқасқа, берік сапқа тұруға шақырды

(«Қанды тұман»)
Ойбай-ау, қайдасыңдар? Аттаныңдар!
Бері  кел,   шашау   шықпа, топтаныңдар!—
дей тұрғанымен, осы қозғалыс бірсыпыра жерлерде, сәтсіздікке ұшырағанда
кенет торығып, келер күннен үміт үзе жаздайды да, 1917 жылдың ақпанында
патшаның тақтан кұлағанына қуанып қайта жадырайды («Қазаққа»)
Келді теңдік, туды теңдік басыңа,
Қатын, еркек,  кәрі менен жасыңа
Туысқандық, құрдастыққа асыға
Алалықты араңдағы жой, қазақ!

Бұрынғыдай байың, жарлың шашылма!
Бірлікпенен жұмыс атқар басыл да,
Азынаулақ миың болса басыңда,
                       Партия штат, дау-шарыңды қой, қазақ!
Ақпан революциясының нәтижесінде шынымен-ақ «келді теңдік, туды
теңдік» деп асығыс түйін түйгеніне қарамастан, осы өлеңдегі ел-жұртты
бірлікке шақырған акын үнінің асқақ рухы, азаматтық әуені әлі күнге
маңызын жойған жоқ. Әсіресе оньң туған халқына тіке тіл қатып
«Азынаулақ миың болса басыңда, бұрынғыдай байың, жарлың шашылма!
Алалықты араңдағы жой, қазақ! Партия, штат дау-шарыңды қой, қазақ!» деп
нені  болса да ашық, айтқан ақылы — дәл бүгінгі сөз, жариялылық пен
демократия, қазіргі қайта құру кезіндегі ұраны секілді.

Бірақ ол тұстағы жағдай да, заң да жалпыға мәлім. Соған сәйкес ендігі

өмірі мен өнерін түгел және біржола Қазаннан кейінгі жаңа заманға ба -

ғыштаған Бейімбет Майлин 1919-1921 жылдары ауылдағы кеңес жұмысына

араласады. 1922 жылы Сәкен Сейфуллиннің шақыруымен Орынборға келіп,

баспасөз қызметіне қызу кіріседі. Орталық газет бетінде жиі – жиі әңгіме-

очерктер жариялап, «Қызыл Қазақстан» журналында «Шұғаның белгісін»

123
скачать работу


 Другие рефераты
Военный коммунизм
Еретические движения 14-15 вв.
Абай шығармаларындағы нәзирагөйлік дәстүрдің зерттелу жайы
Пассивные методы обнаружения радиоактивных выбросов в атмосферу


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ