Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Бейсенова Шәрбану (1947 жж.)



 Другие рефераты
Зоя Буланова (1957 жж.) — журналист Бөкеев Оралхан (1943-1993 жж.) Баймұратов Нұрлыбек (1887 — 1969 жж.) Дидахмет Әшімханов (1950) жазушы

Шәрбану Бейсенова – жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
1947 жылы 14 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданында Талапкер ауылында туған. Ауылдағы жетіжылдық мектептен соң Өскемендегі Жамбыл атындағы мектеп интернатта оқып, күміс медальмен бітірген. 1965 жылы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық Университетіне түсіп, 1969 жылы оны ойдағыдай аяқтаған.

    Шығармашылыққа жастайынан ден қойған. Алғашқы тырнақалды әңгімелері облыстық «Дидар» газетінде, «Қазақстан әйелдері» журналында тұрақты жарияланып тұрды. 1980 жылы «Қазақстан әйелдері» журналына бөлім меңгерушісі болып ауысып, ұзақ жыл істеді. Журналистика саласындағы жемісті еңбегі үшін 1985 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің «Құрмет» грамотасымен марапатталды. 1998-2005 жылдары Мәдениет Министірлігінің баспа және полиграфия істері жөніндегі департаментінде мемлекеттік қызметте болды. Шәрбану Бейсенова Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, проза саласында қалам тартып жүрген санаулы әйел жазушылардың бірі. Әдеби псевдонимі – Ш. Ұланова.

Шығармалары: «Тойға келген келіншек», 1980 жыл — «Жалын», «Қызғалдақтар», «Зағипа», «Жазушы», «Қазақ ауылы», «Темірқазық», «Елорда», «Нарық нақыштары», «Мизамшуақ», «Топжарған қыздар», «Сүзгенің соңғы күндері» , «Тағылымды тағдырлар». Г. Х. Андерснің ертектері , Жоржи Амаду «Капитаны песчанного побережья» романы және басқалар әңгімелер аударды.
Қазіргі таңда Шәрбану Бейсенова Астана қаласында тұрады, жеке шығармашылықпен айналысады.

Шығармалары:

Бейсенова Ш. Сүзгенің соңғы күндері [Мәтін] : хикаяттар мен әңгімелер. Т. 1, 2008. — 240 б
Бейсенова Ш. Мизамшуақ [Мәтін] : әңгімелер жинағы / Бейсенова Ш. — Алматы : Өлке, 2006. — 240 б.

Бейсенова Ш. Тағлымды тағдырлар [Мәтін] : Портрет, эссе, сұхбаттар / Бейсенова Ш. — Астана : Елорда, 2000. — 237 б.

Бейсенова Ш. Бір махаббат баяны [Мәтін] : хикаят және әңгімелер. Т. 2. — Алматы : Ан Арыс, 2009. — 280 б.

Әшімбаев, Сағат. Сын сымбаты [Мәтін] : әдеби сын мақалалар, ой-толғамдар / С. Әшімбаев. — Алматы : Балауса, 2010. — 480 б.

Қирабаев С. Әдебиетті қайта оқу [Мәтін] : әдебиеттік зерттеулер мен мақалалар / С. Қирабаев. — Алматы : Балауса, 2010. — 320 б.

Шәрбану Бейсенова туралы:

Бозжанова, Кенжеш. Қазақтың қадірлі қыздарының бірі — Шәрбану [Мәтін] / К. Бозжанова // Қазақ әдебиеті. — 2009. — 31 шілде. — С. 7.

Әміртайқызы Н. Жүрекке жылы сырласу кеші [Мәтін] / Н. Әміртайқызы // Ұлан таңы. — 2009. — 16 қазан. — С. 4.

Әлпейісова К. Әйел табиғатын әйелден артық кім түсінеді?! [Мәтін] / Әлпейісова К. // Қазақ әдебиеті. — 2007. — 30 қараша.- Б.10-11.

Бейсенова Ш. «Сағаттың 45 дәптерден тұратын күнделігі бар» [Мәтін] / Бейсенова Ш. // Заң газеті. — 2007. — 4 мамыр.- Б.4.

Омарханова Ғ. «Сағыныш пен ерлікті жырлап келем» [Мәтін] : [Алаш халықаралық сыйлығының лауреаты жерлесіміз Шәрбану Қонақбайқызы Бейсеновамен сұхбат] / Омарханова Ғ. // Дидар. — 2001. — 18 қыркүйек.- Б.4 ; Семь дней. — 2001.; №39.- Б.7

Ергөбек, Құлбек. Жөні бөлек, жосығы ерек [Мәтін] : жазушы Шәрбану Бейсенованың «Сүзгенің соңғы күндері» повесін талдау / Қ. Ергөбек // Егемен Қазақстан. — 2011. — 26 қаңтар.- Б.9.

скачать работу


 Другие рефераты
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы
Венгрия
И.А. Бродский
Аудиторская деятельность


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ